Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №18 

2022 жылғы 9-15 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 9 мамырда елордада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

  • Бейсенбі күні, 12 мамырда Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және биылғы қаңтар-сәуір айларында республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Ә. Смайылов санкциялық шектеулер аясында сыртқы келеңсіз әсерлерді азайту және ұлттық экономиканың одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жандандыру қажеттігін атап өтті. Екінше мәселе бойынша жылыту кезеңінің қорытындысы мен алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Үкімет басшысы жылыту маусымы басталғанға дейін жылу және энергетика нысандарының барлығының жай-күйі мен дайындығын толық тексеруді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін жылу беру маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды. Білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің дайындығын 1 қыркүйекке дейін қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар Ә. Смайылов тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегін азайту және энергия өндіруші ұйымдардың отын жеткізушілер алдындағы берешегін өтеу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. ҚР ИИДМ-ге әкімдіктермен бірлесіп, тұрғындарды, ЖЭО мен қазандықтарды қажетті көлемдегі көмірмен алдын ала қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды. 

  • 10 мамырда Үкіметтің цифрлық кеңсесінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, сауда үстемесін, әсіресе, оны көтерме сауда орындарында бақылауға ерекше назар аударуды, сондай-ақ «айналым схемасын» қаржыландыруды 100% нысаналы деңгейге дейін жеткізуді тапсырды.

  • 13 мамырда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен және бірқатар өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және туристік нысандардың жұмысымен танысты.

  • Сол күні Әлихан Смайылов екі күндік жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Сапар барысында Үкімет басшысы бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік объектілердің қызметімен танысып, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті, сондай-ақ облысты кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу