Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №144

2021 жылғы 27 желтоқсан мен 2022 жылғы 2 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні, 28 желтоқсанда Асқар Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті, онда елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал, құрылыс саласын дамыту мәселесі және ҚР Үкіметінің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуы және ҚР Үкіметінің 2022 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасы қаралды. Бірінші мәселені қарау барысында ҚР Премьер-Министрі тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырып, халықты жаппай ревакцинациялау қарқынын арттыруды тапсырды. Екінші мәселе қаралғаннан кейін ҚР Үкіметінің басшысы бір ай мерзімде Құрылыс индустриясы жобаларын іске асыру бойынша 2025 жылға дейінгі егжей-тегжейлі жол картасын әзірлеуді тапсырды. Үшінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобаларының сапалы дайындалуын және олардың Үкімет пен Парламентке уақытылы ұсынылуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

  • Бейсенбі күні, 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізді. Сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, өнеркәсіптік кооперация, цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру, туризм және басқа да салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу