Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139

2021 жылғы 22-28 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні, 23 қарашада Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, инвестиция тарту және өзге де әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде есеп берілді.
  • А. Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, жергілікті қамтуды дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Бірінші мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, әсіресе шекара маңындағы облыстарда тұрақты бақылауда ұстауды, вакциналау қарқынын арттыруды, сондай-ақ вакциналарды сақтау және тасымалдау режимін қамтамасыз етуді тапсырды. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша А. Мамин әкімдіктерге жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтуді, олардың қызметіне өңірлік бизнес өкілдерін барынша тартуды тапсырды. шінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруды күшейтуді және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруды тапсырды.
  • Бейсенбі күні, 25 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Үкімет басшылары кеңесінің мерейтойлық 20-отырысына қатысты.
  • Жұма күні, 26 қарашада Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Өзбекстанның аймақаралық ынтымақтастығының III форумына қатысты. Форум аясында 54 инвестициялық және коммерциялық келісімшартқа қол қойылды. Екі елдің Үкімет басшылары Назарбаев зияткерлік мектебінің ашылу рәсіміне қатысты және басқа да нысандарға барды.
  • Сенбі күні, 27 қарашада ҚР Премьер-Министрі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Өңірлердің әкімдіктеріне бес айлық азық-түлік қорын қамтамасыз ету және бағаның қымбаттауына жол бермеу үшін уақытылы интервенция жүргізу тапсырылды.
  • 27 қарашада ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізді және өңдеу өнеркәсібі, денсаулық сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету және туристік инфрақұрылым салаларындағы жобалардың іске асырылуын тексерді.  

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу