Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №122

2021 жылғы 26 шілде-1 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Дүйсенбі, 26 шілде күні Асқар Мамин Eni энергетика компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесу өткізді. Тараптар Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында мұнай мен конденсат өндіру деңгейін арттыру және оны сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздері жобаларын дамыту мәселелерін талқылады.

Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі РФ Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин бастаған делегациямен кездесті. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, транзиттік-көлік, туристік, мәдени-гуманитарлық салалардағы шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Сейсенбі күні, 27 шілдеде Үкімет басшысы Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті. Тараптар транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, атап айтқанда, жүк тасымалын ұлғайту, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу