Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №121

2021 жылғы 19-25 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі, 19 шілдеде Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді.

  • 19 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жем-шөп дайындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы азық дайындау жұмыстарын жандандыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жұмыспен қамту жол картасын ұзарту және осы бағдарламаны қосымша қаржыландыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында облигациялық қарыздардың шарттары қаралды.

  • 20-21 шілдеде Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына  барды. Ақтау қаласында Асқар Мамин TETYSBLU тақырыптық паркінің ашылуына қатысты, туристік аймақтарды дамыту объектілері – Hilton және Fairmont қонақ үйлерін, Aqualina Resort тұрғын үй кешені-курортын аралады және ұзындығы 49 км қосымша су таратқыштың және КТҚ-1-ден КТҚ-2-ге дейінгі қысымды канализациялық коллектордың құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ Премьер-Министр «Інжу Маржан» шығанағында балық өсіру кешенін құру жобасымен, «Құрық» паром кешені мен «Ақтау» теңіз портының жұмысымен, «Ақтау – Әуежай» бірінші санаттағы автомобиль жолының салыну барысымен танысты және «Транстелеком» АҚ Деректерді өңдеу орталығында болды.

  • 21-22 шілдеде Премьер-Министр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды. Ақтөбе қаласында Асқар Мамин «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС зауытына, «Ақтөберентген» АҚ кәсіпорнына, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ға және «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС тігін фабрикасына барды. 22 шілдеде Үкімет басшысы «Arm Wind» ЖШС жел электр станциясында болып, «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» республикалық автожолының қайта жөндеу барысымен танысты. Сондай-ақ Ақтөбе қаласында Премьер-Министр «Батыс-2» тұрғын шағын ауданының құрылыс процесін тексеріп, «Мilker» ЖШС жем-шөп түйіршіктерін өндіру зауытына және «Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешеніне барды.

  • 23 шілдеде Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті, онда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселесі қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр министрліктерге, ведомстволарға және жергілікті билік органдарына Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың биылғы 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген қоқыс орындарын жою және жаңаларының пайда болуына жол бермеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу