ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021

30 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.  

— Отырыста елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды. 

 — Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов баяндады.

— Үкімет басшысы мемлекеттік шекарада санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді, ел ішіндегі жағдайды үнемі бақылауда ұстауды, ғимараттар мен көліктерде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау тәжірибесін одан әрі жалғастыруды, халықтың ұжымдық иммунитетін қалыптастыру мақсатында вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды.

— Өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.

— Премьер-Министр биылғы 10 желтоқсанға дейін Үкіметке Индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасының 2025 жылға дейінгі өзектендірілген жобасын, 2022 жылғы 1 наурызға дейін өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, моноқалаларда іске асыру үшін «зәкірлік» индустриялық жобалар топтамасын әзірлеуді, 2022 жылғы 1 наурызға дейін кәсіпорындарда цифрлық шешімдерді енгізуді ынталандыру бойынша қажетті нормативтік құқықтық базаны қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу