ҚР Үкіметінің отырысы, 17.05.2022

17 мамырда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығын дамыту мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдері баяндама жасады.

  • Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктеріне жем-шөп дақылдарының егіс алқаптарын көбейтіп, шалғайдағы жайылымдардың инфрақұрылымын жаңғыртуды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ұсақ өндірушілер мен қайта өңдеуші кәсіпорындарды байланыстыратын дайындаушы ұйымдар желісін құруға ынталандыруды тапсырды. Бұған қоса Ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидиялау жүйесін жетілдіру аясында селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді қолдау шараларын пысықтау тапсырылды. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктеріне және «Атамекен» ҰКП-ға Салаға инновацияларды енгізу жөніндегі жол картасын дайындау тапсырылды

  • Сондай-ақ Үкіметтің кезекті отырысында автожол саласын дамыту мәселелері қаралды. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов баяндама жасады.

  • Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әкімдіктермен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, жоспарланған жобаларды уақытында пайдалануға беруді және бөлінген қаражатты толық игеруді тапсырды. Құрылыс жұмыстарын үзіліссіз жүргізу үшін Энергетика министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға құрылыс компанияларын қажетті мөлшерде битуммен және инертті материалдарды жеткізу үшін теміржол вагондарымен қамтамасыз ету тапсырылды. Әкімдіктер «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, қызмет көрсету нысандарын салу үшін автомобиль жолдары бойында жер бере отырып, осы бағытты дамыту жұмыстарын жандандыруы тиіс.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу