ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020

13 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.   

—  Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы және 2020-2024 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

— Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы ахуал туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов және энергетика министрі Н. Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров баяндады.

— Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне Мемлекет басшысы алға қойған барлық міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін жұмысты жандандыруды тапсырды.

— Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов баяндады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу