ҚР Үкіметінің отырысы, 09.12.2021

9 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда соңғы айда сырқаттану 2,4 есеге, стационарлардағы науқастар саны 1,4 есеге, амбулаториялық науқастар 1,8 есеге төмендегенін айтты. Инфекциялық төсектер 24%, реанимациялық төсектер 21% толы.

— Үкімет басшысы вакциналау қарқыны төмен Маңғыстау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында халықты вакциналаумен және ревакцинациямен қамтуды ұлғайтуды тапсырды. Әкімдіктерге Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен бірлесіп, халық арасында ревакцинациялау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды. Шетелде вирустың жаңа штаммының таралуын ескере отырып, Премьер-Министр елге сырттан келетін адамдарға мемлекеттік шекарада күшейтілген бақылау жасауды жалғастыруды тапсырды.

— Сондай-ақ Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев экономиканың дамуы, ақша-несие саясаты, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы баяндады.

— Үкімет басшысы өңірлердің жыл соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу