ҚР Үкіметінің отырысы, 03.08.2021

— Үкімет отырысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны кеңейту, бизнесті қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды. 

— Халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі жағдай туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

— Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне және Денсаулық сақтау министрлігіне барлық аурухананың, бастапқы пункттердің, мобильді бригадалардың, ПТР-зертханалардың үздіксіз жұмыс істеуін, дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдарының болуын қамтамасыз етуді тапсырды

— Жамбыл облысында ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаны кеңейту туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев баяндама жасады.

— ҚР Премьер-Министрі Ауыл шаруашылығы министрлігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бір ай ішінде жобаны басқа өңірлерде де кеңінен қолдану жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды.

— Бизнесті қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысы туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарының әкімдері Өмірзақ Шөкеев пен Амандық Баталов баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қарапайым заттар экономикасы» және БЖК-2025 бағдарламалары аясында жоспарланған шараларды осы жылдың соңына дейін толық көлемде жүзеге асыруды тапсырды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу