Инвестициялар тарту, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — 2021 жылы Батыс Қазақстан облысының дамуы

Еліміздің ірі мұнай өндіретін өңірі Батыс Қазақстан облысында 2021 жылы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпіні сақталды. Өткен жылдың 12 айында өңірде экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған жобалар орындалды. Олардың негізгілері туралы шолу материалынан оқыңыздар.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында Батыс Қазақстан облысында 2795,7 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 94,5%-ды құрады. Осыған ұқсас көрсеткішті тау-кен өнеркәсібі көрсетті, мұнда НКИ 93,4%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің НКИ – 100,2%.

Өткен жылы Индустрияландыру картасы аясында құны 3,1 млрд теңге болатын 2 жоба іске қосылып, 170 жұмыс орны ашылды:

1) жиһаз фабрикасының құрылысы («Квант» ЖШС);  

2) кірпіш зауытының құрылысы («134» ЖШС);

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 423,7 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейден 15,3%-ға аз. Инвестициялардың төмендеуі Қарашығанақ кен орнындағы газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуымен байланысты.

Сыртқы сауда айналымы ЕАЭО елдерін есепке алғанда, 2021 жылғы 12 айда $6081,7 млн немесе 2020 жылғы тиісті деңгейге қарағанда 131,3%-ды құрады, оның ішінде экспорт – $5180 млн, импорт - $901,7 млн. Сыртқы сауда балансының сальдосы $4278,3 млн сомасында оң қалыптасты.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 371,4 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 100,5%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 232,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық.

Облыста 2021 жылы 591 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2020 жылдың тиісті деңгейінен 11,7%-ға артық. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 192,8 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес деңгейінен 5,1%-ға артық.

Мемлекеттік бюджетке 357,2 млрд теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға 101,7%), республикалық бюджетке – 233 млрд теңге (101,9%), жергілікті бюджетке – 124,2 млрд теңге (101,4%).

Экономикалық белсенді халықтың қатарындағы тіркелеген жұмыссыздардың үлесі – 2,7%. Есептік кезеңде 18 638 жұмыс орны құрылды, 23 199 адам жұмысқа орналастырылды. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 226 352 теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 116,3% құрады.

Инфляцияның жалпы деңгейі 108,5%-ды құрады. Баға азық-түлік тауарларына 9,4%, азық-түлік емес тауарларға 8%, ақылы қызметтерге 7,8%-ға өсті.


Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру

Өндірістің өсуін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы өнеркәсіптегі өндіріс көлемін арттыру бойынша бірқатар іс-шара өткізілді. 

2021 жылы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясы бюджеті $1 млрд-тан асатын, жылына 4 млрд текше метрге дейін шикі газды қосымша өңдеуге мүмкіндік беретін ірі инвестициялық бастамалардың біріне айналған газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жобасын пайдалануға берді.

«Газды кері айдаудың төртінші компрессорын (ГКА4К) салу» жобасы іске асырылып жатыр. Осы жобаны іске асыру қабатқа айдалатын газ көлемін ұлғайтуға, сол арқылы көмірсутек шикізатын өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қарашығанақты кеңейту жобасы бойынша (1-кезең) ПРК-1 базалық жобалау жұмыстары аяқталды. Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланған. Жоба Қарашығанақ кен орнындағы өндіру сөресін қол жеткізілген деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін шикі газды дайындау және қайтадан қабатқа айдау қуатын ұлғайтуды көздейді.

«Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Оралагрореммаш» АҚ-мен күкірт қышқылын тасымалдауға арналған 22 ашық тіркеме дайындауға оффтейк-келісімшарт жасады, оның ішінде 2021 жылы – 8 бірлік. Қазіргі уақытта компания IVECO автобусы мен ершікті тартқыш өндірісін игеру жобасын іске асыру мәселесін пысықтап жатыр.

2021 жылы «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС БҚО-ның машина жасау компанияларымен 1,5 млрд теңгеге 11 келісім-шарт жасасты.

Бұдан басқа, ҚР ҰҚК ШҚ өкілдерінің қатысуымен 2021 жылғы 5 мамырда «Айбар» шағын тонналы кемесі, 15 маусымда «Зенит» Орал зауыты» АҚ-да дайындалған «Қайсар» жобасының екі катері түсірілді.

2021 жылы жалпы құны 471,4 млрд теңге болатын 738 жаңа жұмыс орнын құрумен 21 жоба іске қосылды.

2022 жылғы инвестициялық жобалар портфелінде және болашаққа мынадай жоспарлар бар. 4942 жұмыс орнын құрумен 1,7 трлн теңгеге 101 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде 2022 жылға жалпы сомасы 243,8 млрд теңгеге 1137 жұмыс орнын құрумен 37 жобаны іске қосу көзделіп отыр. Оның ішінде ірілері:

- газды кері айдаудың төртінші компрессорын орнату;

- IVECO автоспецтехника өндірісін игеру («Оралагрореммаш» ЖШС);

- пластмасса қалдықтарын қайта өңдеу, тауарларға арналған пластмасса қаптамалары өндірісі («УТПК» ЖШС);

- сүт-тауар фермасының құрылысы («Ringo-Milk» ЖШС);

- күн панельдерінің өндірісі («Green Spark Limited» ЖШС);

- көкөніс өнімдерін өсіру және қайта өңдеу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді кеңейту («Рубцов» ЖК);

- кірпіш зауытының құрылысы («АлтынАлмаСтрой» ЖШС);

- кірпіш зауытының құрылысы («Westgroup» ЖШС);

- логистикалық орталық құрылысы («Квант» ЖШС).

Агроөнеркәсіптік кешенде 1 679 тұрақты жұмыс орнын құрумен, жалпы сомасы 160 млрд теңгеге 80 инвестициялық жобаның пулы анықталды.

Анықтама: мал шаруашылығында 55,3 млрд теңге сомасына 52 жоба; өсімдік шаруашылығында 100 млрд теңге сомасына 20 жоба; қайта өңдеуде 4,7 млрд теңге сомасына 8 жоба.

2021 жылы 18,3 млрд теңге сомасына 18 жоба іске асырылды. Биыл 24,1 млрд теңге сомасына 22 жобаны іске асыру жоспарланған.


Халықты әлеуметтік қолдау

Жергілікті атқарушы органдар халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарымен оларға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. 2021 жылы көрсетілген әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 2,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде:

- 1,3 млрд теңге сомасына 4 349 отбасына (20 799 адам) атаулы әлеуметтік көмек берілді, оның ішінде 1 150 көп балалы отбасы бар.

2021 жылы АӘК алушы отбасылар саны 2020 жылмен салыстырғанда 16%-ға төмендеді. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 1 439 АӘК алушы тартылды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттермен АӘК алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі 4 367 бала 283,3 млн теңгеге қамтамасыз етілді.

- тұрғын үй көмегі 43 млн теңгеге 1 425 отбасыға көрсетілді;

- мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 449 отбасына (оның ішінде 457 бала) 39,9 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді;

- мерекелік күндерге азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 26 185 отбасына 1,3 млрд теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар 10 459 отбасына 122,6 млн теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін 2020 жылы «Отбасы» орталығы ашылды. Орталық құқықтық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық мәселелер бойынша, сондай-ақ білім беру, бизнес жүргізу саласында ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсетеді.

2021 жылы барлығы 1 890 адам көмекке жүгінді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер мына жерлерде көрсетіледі:

- стационарлық үлгідегі 11 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (оның ішінде сыйымдылығы аз 9 мекеме бар);

- 1 жартылай стационарлық үлгідегі мекеме;

- 7 күндізгі бөлімше;

- 31 үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі;

- белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арналған 1 мекеме;

- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 2 мекеме.

Арнайы әлеуметтік қызметтермен барлығы 4 716 адам қамтылды. Жоғарыда көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтер қартаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз қарттарға, I, II топтағы мүгедек адамдарға, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедек жандарға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетіледі.

Үйде қызмет көрсету бөлімшесінде 2 942 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді (оның ішінде 196 – мүгедек бала, 264 – психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедек жандар, 2 482 – қарттар мен I,II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар).

Әлеуметтік бейімдеу қызметімен 275 адам қамтылған (оның ішінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» арқылы белгілі тұрғылықты жері жоқ 75 адам, Орталық жанындағы түнгі уақытта уақытша болу бөлімшесі арқылы – 118 адам, мобильді әлеуметтік патруль арқылы – 82 адам).

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарында 44 адамға (оның ішінде 9 әйел, 21 бала) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын іске асыру мақсатында 2022 жылы Ақжайық ауданында, 2023 жылы Теректі, Шыңғырлау аудандарында және Бәйтерек ауданында, 2024 жылы Казталов, Тасқала, Жаңақала аудандарында, 2025 жылы Жәнібек, Бөкей Ордасы, Сырым, Қаратөбе аудандарында отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және әйелдер мен балалардың уақытша тұру орталықтарын ашу көзделген.

Халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту мақсатында 2021 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы сияқты мемлекеттік бағдарламалар іске асырылды. Жыл басынан бері бағдарлама аясында 36 331 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылып, 23 199 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 13 189 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» 1-бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 800 адам жіберілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 638 адам жіберілді, оның ішінде 581 адам жұмысқа орналастырылды.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2-бағыты аясында жыл қорытындысы бойынша 629 кредит, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 1 794 мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді. Сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1 716 адам жіберілді.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» 3-бағыты бойынша уақытша жұмыс орындарына 10 010 адам орналастырылды.

- әлеуметтік жұмыс орындарына 945 адам жіберілді.

- жастар практикасына 1 333 жас маман жіберілді.

- қоғамдық жұмыстарға 7 663 адам жіберілді.

- «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 69 адам жіберілді.

2021 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде 12 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 7 әлеуметтік-мәдени нысан (4 мектеп, 1 денсаулық сақтау жобасы, 1 әлеуметтік қамсыздандыру жобасы, 1 өрт сөндіру жобасы), 5 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектісі (1 – сумен жабдықтау, 1 – газбен жабдықтау, 3 – суару жүйелері) бар.

2 жоба аяқталды. Қалғандары өтпелі жобалар, оларды енгізу мерзімі ұзағырақ. Бұл жобаларда 13 тұрақты жұмыс орны құрылды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша іске асырылған инфрақұрылымдық жобаларда 271 жұмыс орны құрылды, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 103 адам жұмысқа орналастырылды.


Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша негізгі нысаналы индикаторлардың орындалғаны байқалады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі соңғы 5 жылда 1,6 есеге (126,6 млрд теңгеден 209,3 млрд теңгеге дейін) ұлғайды. Өткен жылға қарағанда нақты өсім 0,2%-ды құрады. Өңделген экспорттың нақты өсімі өткен жылға қарағанда 4,9%-ды құрады. Бұл ретте экспортталатын өнімнің 50%-дан астамы – жоғары технологиялы. Технологиялық күрделілігі жоғары тауарлар экспорты көлемінің өсуі 2018 жылға қарай 1,5 есені құрады. Бұл – әскери өнімдер, трансформаторлар, сорғы-компрессорлық құбырлар және басқа да өнім түрлері.

КВИ пандемиясына және әлемдік дағдарысқа қарамастан, сала кәсіпорындары жұмысшылар санының қысқаруына жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауда. Мәселен, өңдеу өнеркәсібіндегі қызметкерлер саны 2018 жылға қарағанда 2,9%- ға өсті.

2021 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға, кепілдендіруге және гранттар беруге 4,8 млрд теңге бөлінді.

Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмі арқылы 19,4 млрд теңге несие сомасына 851 жобаға қол қойды, субсидиялар төлемдері 3,4 млрд теңгені құрады. Кредиттерді ішінара кепілдендіру шеңберінде 4,5 млрд теңге кепілдік сомасына 586 шартқа қол қойылды, кепілдік төлемдері 1,4 млрд теңгені құрады. Жалпы сомасы 124,2 млн теңгеге 27 грант берілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» тетігі шеңберінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша 31,1 млрд теңге сомасына 261 жоба мақұлданды, 26,8 млрд теңге сомасына 258 жоба қаржыландырылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 2021 жылы республикалық бюджеттен «АШҚҚҚ» АҚ арқылы 500 млн теңге сомасына 46 микрокредит берілді.

2021 жылғы наурызда Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Аqjaiyq Atameken» микроқаржы ұйымы» ЖШС құрылды. Микроқаржы ұйымы қызметінің негізгі мақсаты — облыстағы шағын және орта бизнесті қолдау үшін жылдық 6%-бен 7 жылға дейін қалалық жобалар үшін 19,9 млн теңгеге дейін, ауылдық жобалар үшін 7,5 млн теңгеге дейін микрокредиттер беру. Бұл мақсатқа 2021 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында республикалық бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 511 млн теңгеге 105 шағын несие берілді.

Туризмді дамытуға қатысты айтар болсақ, соңғы 5 жылда сырттан келушілер және ішкі туристер саны 15%-ға артқаны байқалады. Алайда, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылы сырттан келушілер саны 61,7%-ға азайды, ал 2021 жылғы 3-тоқсанда 80,3%-ға артып, 51,6 мың адамды құрады. Бүгінгі таңда орналастыру орындарының саны 73 бірлікті құрайды, онда 1769 нөмір бар, бұл ретте біржолғы сыйымдылығы 3818 төсек-орынды құрайды. Орналастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі 2 243,2 млн теңгені құрайды. Қонақүйлердің толымдылығы 20% құрады.

Қонақтар мен тұрғындар үшін туризмді дәріптеу мақсатында www.visit-uralsk.kz сайты жаңартылды. Облыс туризмінің интерактивті 3D-картасы, туристік және киелі объектілер бойынша виртуалды турлар әзірленді, қоғамдық орындарда ақпараттық-туристік терминалдар, виртуалды промоутер, виртуалды дүңгіршек, облыс пен Орал қаласының туркартасы орнатылды, туристік бағыттар, музейлер және т. б. туралы трифолдерлер бар. Сонымен қатар 27 туристік бағыттар дайындалды.

Туризм саласында 2021 жылы 140 жаңа жұмыс орнын құрумен құны 10,8 млрд теңгеге 4 ірі жоба іске асырылды («Set Sail Park» демалыс аймағы, «Green Park» демалыс аймағы (1-кезең), «Bavaro» демалыс аймағы, «Атамекен» концерт залы).

 

Шағын және орта бизнесті дамыту

2021 жылы Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамытудың оң динамикасы байқалды.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста жұмыс істеп тұрған 44 260 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға артық (43 035 бірлік).

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте:

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару көлемі – 1 121 млрд теңге (27,0%-ға өсті);

Анықтама: ШОБ субъектілерінің 2020 жылдың сәйкес кезеңінде өнім шығару көлемі 882,8 млрд теңгені құрады.

- шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 109,6 мың адамды құрады (өсім 1,2%).

Анықтама: 2020 жылдың сәйкес кезеңінде ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 108,3 мың адамды құрады.

Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 31,6%-ды құрады (2021 жылғы қаңтар-қыркүйек).

Анықтама: 2020 жылдың сәйкес кезеңінде ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесі 32,4%-ды құрады.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері мемлекеттік қолдау шараларымен жалпы несие сомасы 135,4 млрд теңгені құрайтын 1315 жоба қамтылды. Мақұлданған жобалар шеңберінде 28,2 мың жұмыс орны сақталып, 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Бизнестің жол картасы-2025 шеңберінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі бойынша 19,4 млрд теңге несие сомасына 851 жобаға қол қойылды, субсидиялар төлемдері 3,4 млрд теңгені құрады. Кредиттерді ішінара кепілдендіру шеңберінде 4,5 млрд теңге кепілдік сомасына 586 шартқа қол қойылды, кепілдік төлемдері 1,4 млрд теңгені құрады. Жалпы сомасы 124,2 млн теңгеге 27 грант берілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» тетігі шеңберінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша жобалық кеңсе жалпы сомасы 41,7 млрд теңгеге 300 жобаны сүйемелдейді, оның ішінде 31,1 млрд теңге сомасына 261 жоба мақұлданды, 26,8 млрд теңге сомасына 258 жоба қаржыландырылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 2021 жылы республикалық бюджеттен қалалар мен моноқалаларға кредит беруге/микрокредит беруге 500 млн теңге бөлінді. Бұл сомаға «АШҚҚҚ» АҚ арқылы 46 микрокредит берілді, оның ішінде Орал қаласында 445 млн теңгеге 40 микрокредит, Ақсай қаласында 55 млн теңгеге 6 микрокредит берілді.

 

Өнеркәсіп саласының дамуы

2021 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнім 2 795,6 млрд теңге сомасына өндірілді, қысқарту 5,5% құрады. Негізгі себеп – Қарашығанақ кен орнының ГӨ3 2021 жылғы қыркүйек-қазанда жоспарлы-профилактикалық жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ 2021 жылғы қыркүйекте Орынбор газ өңдеу зауытының тоқтауы болды. Өткен жылы облыс бойынша газ өндіру көлемі 19 501,8 млн текше метрді, мұнай – 11 807,2 мың тоннаны құрады.

Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының базасында 2021 жылы ҚКП-да газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жөніндегі жоба енгізілгенін атап өткен жөн. Бұл жоба – жылына 4 млрд текше метрге дейін шикі газдың қосымша көлемін өңдеуге мүмкіндік беретін ірі инвестициялық жобалардың бірі.

2021 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында оң динамика байқалады (100,2%). 209,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өсім химия өнеркәсібі салаларында 1,7 есеге, машина жасауда 23,5%-ға, жиһаз өндіруде 1,6 есеге, жеңіл өнеркәсіпте 9%, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 7,6%-ға байқалады.

Өндіріс көлемінің өсуіне мемлекеттік қолдау шаралары да ықпал етті. Атап айтқанда, ҚӨК кәсіпорындарымен ГӨЗ бойынша шарттар жасалды. Жалпы сомасы 8,7 млрд теңгеге 22 шартқа қол қойылды.

Еңбек өнімділігін арттыру және экспортты ілгерілету мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды қолдаудың негізгі тетіктерін түсіндіру, оның ішінде экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ арқылы өтеу және «Gaz Industry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ арқылы еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған қолдау шаралары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша 2021 жылы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ БҚО-дан өнімді экспортқа шығаруға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында 6 компанияның 18 өтінімін мақұлдады. Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында 2021 жылдың қорытындысы бойынша 4 компанияның 36,2 млн теңге сомасына 7 өтінімі мақұлданды.

2021 жылы Батыс Қазақстан облысынан «Алтын сапа» байқауына қатысқан 5 қатысушының 2-уі президенттік сыйлыққа ие болды. Бұл «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясындағы «Кублей» ЖШС және «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясындағы «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС сияқты кәсіпорындар. Сонымен қатар Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы «Іскерлік шеберлік» жоғары марапатына ие болды.

Конкурстың қорытындысы облыс кәсіпкерлері әлеуетінің көрнекі дәлелі болып табылады.

 

Ауыл шаруашылығын дамыту

2021 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 232,1 млрд теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері – 86,4 млрд теңге, мал шаруашылығы – 145 млрд теңге, қызметтер – 0,7 млрд теңге. Нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 104,0%-ды құрады.

2021 жылы статистикалық деректер бойынша АӨК негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 35,9 млрд теңгені құрады. Өсім 1,5 есе болды.

2022 жылдың басында өңірде барлығы 10 074 ауыл шаруашылығы құрылымдары тіркелген.

2021 жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 22,7 млрд теңгеге несие алды. Жыл басынан бері 7,8 млрд теңгеге 1 110 ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы лизингке алынды, оның ішінде 3,3 млрд теңгеге 82 бірлік мөлшерінде John Deere, Case IH маркалы заманауи жоғары өнімді техника және т. б. сатып алынды.

Өсімдік шаруашылығы

235,6 мың га егін жинау алаңынан 7,2 ц/га орташа өнімділік кезінде 170,2 мың тонна астық алынды. 114,6 мың га майлы дақылдар жинау алаңынан орташа өнімділігі 5,9 ц/га кезінде 67,2 мың тонна өнім алынды. 3 921 га картоп жинау алаңынан 146,1 ц/га өнімділік кезінде 57 291 тонна картоп жиналды. 3507 га көкөніс дақылдарынан 145,1 ц/га түсімділігімен 50 882 тонна көкөніс жиналды. 1728 га бақша дақылдарынан 192 ц/га өнімділікпен 33 189 тонна өнім жиналды.

Көкөніс қоймалары

Облыста сақтау сыйымдылығы 55,6 мың тонна 53 көкөніс сақтау қоймасы бар, оның ішінде 32 мың тоннаға жабдықталған. 2021 жылы сыйымдылығы 11 800 тонна, желдеткіш жабдығы бар 4 көкөніс қоймасы салынды.

Жылыжай өндірісі

Ішкі нарықты маусымаралық кезеңде ерте көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін облыста жалпы ауданы 141,7 мың ш. м. 93 фермерлік жылыжай бар. Биыл олардан 6 946 тонна көкөніс жиналды.

2021 жылы «World Green Company» ЖШС Бәйтерек ауданы Новенький ауылында жылыжай кешенін іске қосты (жылыжай ауданы 12 га, өсіру алаңы 10,5 га). Жылыжай кешені өнім өндіруді қияр мен қызанақ егуден бастады. 2021 жылы 3406 тонна өнім жиналды. Инвестиция көлемі 14 млрд теңгені құрады (өз қаражаты – 2,6 млрд теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несие – 11,4 млрд теңге).

Мал шаруашылығы

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ІҚМ басы 694,8 мың басты (106,8%), қой – 1 017,5 мың басты (102,6%), жылқы – 250,6 мың басты (112,3%), түйе – 2,4 мың басты (102,3%), құс – 1 399,3 мың басты (100,8%) құрады.

2021 жылы союға тірі салмақта 101,7 мың тонна мал мен құс еті сатылды немесе 2020 жылдың тиісті деңгейіне – 102,1%. Шаруашылықтың барлық санаттарында сиыр сүтін өндіру көлемі 237,9 мың тоннаны құрады (100,4%), 193,9 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді (102,7%).

2022 жылғы 1 қаңтарда облыс бойынша 489 шаруашылық асыл тұқымды ауыл шаруашылығы малдарын өсірумен айналысады. Оның ішінде 402 шаруашылық асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен (94,6 мың бас), 51 шаруашылық асыл тұқымды қой өсірумен (50,1 мың бас), 35 шаруашылық асыл тұқымды жылқы өсірумен (10,4 мың бас), 1 шаруашылық қазақ бактриан тұқымды түйе өсірумен (281 бас) айналысады.

Жалпы мал басына асыл тұқымды малдың үлесі ІҚМ бойынша 13,6%, қой бойынша 4,9%, жылқы бойынша 4,2% және түйе бойынша 12,5% құрады.

2021 жылы тұқымдық түрлендірумен 179,3 мың бас аналық ІҚМ қамтылды. Тұқымдық түрлендіруге жалпы аналық мал басының 55%-ы қатысады.

Облыста жалпы сыйымдылығы 29 740 бастан астам ірі қара малды бордақылау бойынша дамыған инфрақұрылымы бар 13 бордақылау алаңы тіркелген. Жыл қорытындысы бойынша облыстың АШТӨ бордақылау алаңдарына 13,2 мыңға жуық тауарлық бұқа сатылды.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу

2021 жылы БҚО-да 82 985,3 млн теңгеге азық-түлік өндірілді. 2020 жылмен салыстырғанда нан және нан-тоқаш өнімдері өндірісі – 12 649 тонна (101,3%), сұйық өңделген сүт және кілегей – 1 465 тонна (133,9%), ет және тағамдық қосымша өнімдер – 15 454 тонна (105,4%), ірімшік және сүзбе – 285 тонна (128,2%), басқа да сүт өнімдері – 483 тонна (114,5%).

2021 жылы 18,3 млрд теңге сомасына 18 жоба іске асырылды. Оның ішінде:

  • 844,4 млн теңгеге 10 репродуктор-жоба («CHIKA AGRO & FOOD SERVIS» ЖШС, «Сисенғалиев Р» ШҚ, «Ораз-Мәлік» ШҚ, «Ғабды-ғали» ШҚ, «Мұқас» ШҚ, «Барқын» ШҚ, «Төлеңгіт» ШҚ, «Ернұр» ШҚ, «Арай» ШҚ, «Жастілек» ШҚ);
  • 15,7 млрд теңгеге 4 жоба: 14 млрд теңгеге 12 га жылыжай («Worldgreencompany» ЖШС) және 9,6 мың тоннаға 3 көкөніс қоймасы («Baystone» ЖШС, «Руслан» ШҚ, «Жаңа Әлем» ШҚ);
  • 1,4 млрд теңгеге 3 жоба: қуаты жылына 47 мың тонна, құны 1 млрд теңге болатын сүт өңдеу зауыты («UralskTradeCompany» ЖШС) және қуаты жылына 13,2 мың тонна, құны 330 млн теңге болатын ұсақ пакеттелген өнім өндірісін ұлғайту жобасы («Желаев КХП» АҚ), сондай-ақ құны 50 млн теңге, қуаты тәулігіне 10 тонна сүт өңдеу кәсіпорнын кеңейту («Каверина С.В.» ЖК);
  • 350 млн теңге сомасына жылына 50 мың дана ветеринариялық препараттар шығаратын жоба («Эпсилон» ЖШС).

Өңірге инвестициялар тарту

2021 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 423,7 млрд теңгені құрады, бұл 15,3%-ға төмен (2020 жылмен салыстырғанда – 467,5 млрд теңге). 

Инвестицияларды тарту мақсатында 2021 жылғы 14 мамырда онлайн режимінде «Aqjaiyq Invest-2021» инвестициялық форумы өткізілді. Форумға министрліктер, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, Израиль, Австрия, Бельгия елшіліктерінің өкілдері, РФ шекаралас өңірлері, АХҚО, даму институттары, бизнес өкілдері және т. б. қатысты. Форумның мақсаты облыстың инвестициялық әлеуетімен таныстыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерін көрсету, сондай-ақ тәжірибе алмасу болды.

2021 жылы инвестиция тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету бойынша өңірлік кеңестің 5 отырысы өткізілді, онда жалпы құны 566,6 млрд теңге болатын, 3900-ден астам жұмыс орнын құрумен 23 жаңа жоба қолдау тапты.

Бизнесті ашу және қолдау үшін мемлекеттік қызметтердің 50-ден астам түрі ұсынылатын «Бизнеске арналған үкімет» жобасы шеңберінде шамамен 400 кәсіпкерлік субъектісіне 70-тен астам консультация және 500-ден астам қызмет көрсетілді.

Инвестицияларды тарту және облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту үшін инвестициялық портал жұмыс істейді. Ол invest07.gov.kz базасындағы үш тілді онлайн-платформа. Онда өңір, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар, өңірдің тауар өндірушілері, инвестор үшін тауашалық жобалар, инвестициялық преференциялар, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары, бизнес жүргізу, инвестицияларды талап ететін жобалар, бос жер учаскелері, бос үй-жайлар туралы ақпарат қамтылған. Ресурс инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті сервистердің толық жиынтығын ұсынады — бизнесті орналастыру мүмкіндіктерін талдаудан бастап, мемлекеттік қолдау шараларын алу, «идеядан іске асыруға дейін» қағидатын қолдана отырып, жобаларды енгізу сатысында жедел мәселелерді шешуді қамтиды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы құны 471,4 млрд теңге болатын, 738 жаңа жұмыс орнын құрумен 21 жоба пайдалануға берілді. Оның ішінде келесі ірі жобаларды атап өткен жөн:

  • ҚКП газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жобасы. Құны – 445,6 млрд тг. Жұмыс орындарының саны – 30.
  • Ауданы 11,8 га жылыжай кешенінің құрылысы («World Green Company» ЖШС). Құны – 14 млрд тг. Жұмыс орындарының саны – 160.
  • Жиһаз фабрикасы («Квант» ЖШС). Құны – 2 млрд тг. Жұмыс орындарының саны – 100.
  • Сүт зауытының құрылысы («UralskTradeCompany» ЖШС). Құны – 1 млрд тг. Жұмыс орындарының саны – 50.
  • Спорт залының құрылысы («Юниор-Орал» ЖК). Құны – 250 млн тг. Жұмыс орындарының саны – 50.
  • Тұқы тұқымдас аквакультура өндірістік орталығы мен демалыс базасының құрылысы («СЕРІК» ЖШС). Құны – 165 млн тг. Жұмыс орындарының саны – 20.
  • Көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы («Гүлсара» ЖК). Құны – 150 млн тг. Жұмыс орындарының саны – 15.
  • Тауарлық бетон өндіру бойынша база салу («ОралТранс» ЖШС). Құны – 250 млн тг. Жұмыс орындарының саны – 20;
  • Кірпіш зауытының құрылысы («134» ЖШС). Құны – 1,1 млрд тг. Жұмыс орындарының саны – 70;
  • Көкөніс сақтау қоймасының құрылысы («Bayston» ЖШС). Құны – 1,1 млрд тг. Жұмыс орындарының саны – 25.


Қолжетімді тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру

2021 жылдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көзі есебінен 591 мың ш. м. немесе 111,7% тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 192,8 млрд теңгені (немесе 105,1%) құрады.

2021 жылы барлығы 5 КПТҮ және АЕМ-де 51 тұрғын үй пайдалануға берілді, барлығы 912 ш. м., оның ішінде:

- кредиттік – 3 КПТҮ (Орал қ. 3 КПТҮ, барлығы 356 пәтер) және АЕМ-де 20 т/ж.

- Жалға берілетін баспана – 2 КПТҮ (Орал қ. 1 КПТҮ және Ақсай қ. 1 КПТҮ – 324 пәтер) және АЕМ-де 31 т/ж (Бөкей ордасы ауданында – 26 үй (52 пәтер), Казталов ауданында – 1 үй (12 пәтер), Жәнібек ауданында 2 үй (24 пәтер), Бәйтерек ауданында – 2 үй (24 пәтер), барлығы – 112 пәтер), барлығы – 436 пәтер.

Облыста тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж 30 362 адам бар, оның ішінде 10 905 отбасы «халықтың әлеуметтік осал топтары» санатына және 2 824 отбасы «көп балалы отбасы» санатына кіреді.

2021 жылы кезекте тұрғандарға 771 пәтер берілді, 638-і халықтың әлеуметтік осал топтарына, ал оның ішінде:

– көп балалы отбасыларға – 296 пәтер (оның ішінде Орал қаласында – 265 пәтер, облыс аудандарында – 31 пәтер);

– толық емес отбасыларға – 67 пәтер;

– мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасыларға – 47 пәтер;

– 1 және 2 топ мүгедектеріне – 57 пәтер;

– жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 80 пәтер;

– жасы бойынша зейнеткерлерге – 38 пәтер;

– ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға – 37 пәтер;

– оралмандарға – 3 пәтер;

– мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына – 1 пәтер;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдарға – 12 пәтер;

– мемлекеттік қызметшілерге және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне – 45 пәтер;

– жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға – 88 пәтер.

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары 33,6 млрд теңгеге 3380 өтінім қабылданып, 18,4 млрд теңгеге 1928 өтінім мақұлданды, оның ішінде 2021 жылы 6 млрд теңгеге 618 өтінім берілген.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының 2020-2025 жылдарға арналған бағыты аясында «Отбасы банк» АҚ-тың Батыс Қазақстандағы филиалы 1 415 қарыз берді, оның ішінде:

  • «Бақытты отбасы» – 328 қарыз;
  • «Шаңырақ» – 145 қарыз (бастапқы нарық);
  • «Әскери баспана» – 44 қарыз;
  • «Ұмай» – 49 қарыз;
  • «Нұрлы жер» – 849 қарыз.


Жолдарды жөндеу және салу

2021 жылы облыста 23,3 млрд теңге көлемінде бөлінген қаражатқа 252,9 шақырым жол жөнделді, оның ішінде:

- 11,7 млрд теңгеге республикалық маңызы бар 78,2 км автожол;

- 11,6 млрд теңгеге 174,7 км облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар. 

I. Республикалық маңызы бар автожолдарда Казталовка – Жәнібек – Ресей шекарасы, Өнеге – Бисен – Сайхын, Самара – Шымкент жолдарын күрделі жөндеу және «Самара – Шымкент 271-330 км (59 км)» жолының учаскесін орташа жөндеу жұмыстары жалғасын тапты.

II. Облыстық маңызы бар автожолдарда Бөрлі – Ақсай – Жымпиты жолының 149-159 км 2 учаскесі, Орал – Кирсаново автожолында Рубежка өзені арқылы өтетін көпір пайдалануға берілді (2020 жылдан қалған).

«Барбастау – Ақжайық – Индер 43-93 км автожолын реконструкциялау», «Бөрлі – Ақсай – Жымпиты 68-139 км автожолын реконструкциялау» және «БҚО Жаңақала ауданы Чапаев – Жаңақала – Сайқын 130-191 км автожолын реконструкциялау», сондай – ақ «Федоровка-Ақсай 28-58 км автожолын орташа жөндеу» объектілері бойынша жұмыстар басталды. Бюджеттен жеткілікті қаржыландыру түскен жағдайда жобаларды 2023 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.

III. Аудандық маңызы бар автожолдарда Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылына, Жәнібек ауданының Жасқайрат ауылына, Бөрлі ауданының Пугачево ауылына кіреберіс жолдардың 7 учаскесі күрделі жөндеуден және Ақжайық ауданының Приуральный ауылына, Бөрлі ауданына, Жаңабұлақ ауылына, Сырым ауданының Тоғанас ауылына сыртқы жарықтандыруы бар кіреберіс автожолы, Бәйтерек ауданының Переметное – Вечный 0-24 км автожолы орташа жөндеуден өтті.

«БҚО Жәнібек ауданы Жәнібек – Таловка – Кіші Өзен кірме жолының 2-27 км (25 км) орташа жөндеу», «БҚО Бәйтерек ауданының Переметное – Белес автомобиль жолының 12,9 км орташа жөндеу», «Бәйтерек ауданы Трескино а., Макарово а., Чирово а., Чувашинское а., Железново а., Погодаево а., Январцев а. кіреберіс жолын орташа жөндеу», «Беспішен Мушанкөл – Қараоба автожолы учаскесінің 0-15 км (15 км) орташа жөндеу», «Бостандық, Ажбай, Қоныс, Нұрсай ауылдарының кірме жолдары», «Ақжайық ауданы Алғабас ауылына кіреберістегі 0-36 км (36 км) күрделі жөндеу», «БҚО Тасқала ауданы Атамекен ауылы кіреберісінің 0-18 км күрделі жөндеу» жобаларын жүзеге асыру басталды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі 39,4%-ды құрады.

2022 жылы 29,6 млрд теңгеге 438,8 км жолды жөндеу жоспарланған, оның ішінде:

- 14,3 млрд теңгеге Республикалық маңызы бар 210 км автожол;

- 15,3 млрд теңгеге 228,8 км облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар;

Қосымша қаржыландыру күтілуде.

I. Республикалық маңызы бар автожолдарда Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы, Өнеге – Бисен – Сайхын жолдарын күрделі жөндеу, Хан Орда және Самара-Шымкент ауылдарының кірме жолының 298-330 км орташа жөндеу жұмыстары жалғасады.

II. «Самара – Шымкент» 408-443 км және «Орал – гр. РФ (Бұзылыққа)» 5-33 км жолдарының учаскелерін орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

III. Облыстық маңызы бар автожолдарда Бөрлі – Ақсай – Жымпиты 68-139 км, Барбастау – Ақжайық – Индер 43-93 км және Чапаев – Жаңақала – Сайқын 130-191 км жол учаскелерін реконструкциялау, Федоровка – Ақсай 28-43 км, 43-58 км, Тасқала – Аққурай – Болашақ – Ресей шекарасы 96-111 км жол учаскелерін орташа жөндеу жұмыстары жалғастырылады.

Тасқала – Аққурай – Болашақ – РФ шекарасы (111-126 км, 126-141 км, 141-149 км, 149-157 км), Федоровка – Ақсай (58-73 км, 73-82 км), Ақсай – Шыңғырлау 51-69 км, Орал – Кирсаново 1-16 км.жол учаскелерін орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

IV. Аудандық маңызы бар автожолдарда Тасқала ауданы Атамекен ауылының 0-18 км кіреберісін күрделі жөндеу, Переметное – Белес 12,9 км жолын, Трекино ауылына, Макарово ауылына, Чуваш облысы Бәйтерек ауылына кіреберіс жолдарды, Бостандық, Ажбай, Қоныс, Казталов ауданы Нұрсай ауылдарына кіреберіс Беспішен – Кушанкөл – Қараоба автожолын, Бөрлі ауданының Приуральный ауылының 0-1 км автожолын орташа жөндеу, сондай-ақ Бәйтерек ауданы Железный, Погодаево, Январцево ауылдарына кіреберіс жолды орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады.

Жәнібек ауданының 33-48 км Жәнібек – Таловка – Кіші Өзен кірме жолын орташа жөндеу, сондай-ақ Ақжайық ауданының Тайпақ, Түкпай, Айтиево, Ұзынкөл, Теректі ауданының Жаңа Өмір, Бәйтерек ауданының Октябрь ауылдарының кірме жолдарын, Шыңғырлау ауданының Сегізсай учаскесі (72-89 км, 89-104 км) Шыңғырлау – Ақшат автожолын күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланған.

2022 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесіне қол жеткізу жоспарланып отыр – 46%.


Цифрландыруды дамыту

1. Ақпараттандыру:

2021 жылы Батыс Қазақстан облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландыру саласында келесі жұмыс жүргізілді.

Әлеуметтік сала аясында 2021 жылы пилоттық режимде «Сурдо-онлайн» қашықтықтан сурдоаударма жобасы іске қосылды.

Көлік саласында қаланың барлық автобусында қоғамдық көлікте электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілген.

Чиптелген үй жануарларының мәліметтер базасында чип орнатылған барлық жануарлар туралы ақпарат бар. Деректер базасына жануарлардың сәйкестендіру нөмірі, иесі туралы ақпарат енгізіледі, сондай-ақ профилактикалық және медициналық рәсімдер тіркеледі.

Қауіпсіздік және бейнебақылау жүйесін орталықтандыру, сондай-ақ бейнебақылау камераларын орнатуды интеграциялау мақсатында БҚО ПД ЖБО-да облыс мектептерінде, балабақшаларда, мектептен тыс білім беру мекемелерінде және колледждерде «102» операторымен екіжақты байланыс камераларын қосу және дабыл түймелері мен панельдерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күні облыс бойынша ЖБО бейнебақылау камераларын 61 балабақшада (барлығы – 86), 76 мектепте (аудан орталықтары мен қалалардағы барлығы 96 мектеп, олардың барлығы Орал қаласында), 10 мектептен тыс мекемеде (барлығы – 48) және 25 колледжде (барлығы – 34) орнатты.

2021 жылдың қазан айында облыс аумағындағы апаттылықты азайту мақсатында облыс орталығының көшелерінде жылдамдық режимін бақылайтын 40 стационарлық автоматты жүйе пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда осы жылдамдық өлшегіштермен жылдамдық режимінің 41 мыңнан астам бұзылуы тіркелді.

Архивтік құжаттар саласында scanweer арнайы бағдарламалық кешені арқылы архивтік құжаттарды цифрлау жүйесі енгізілді, бұл құжаттарды автоматты түрде тануға, өңдеуге, жүктеуге, сақтауға және осы процестердің мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Жүйе құжаттарды цифрландыру жылдамдығын 5 есеге арттыруға мүмкіндік берді.

2021 жылдың соңында облыста инженерлік желілерді жүргізу үшін техникалық шарттарды беру процесін автоматтандыру бойынша жоба іске қосылды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – халық пен бизнестің мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарымен және табиғи монополия субъектілері-кәсіпорындармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін платформа әзірлеу.

2021 жылдың қазан айынан бастап БҚО IT HUB базасында веб-бағдарламалауды үйренгісі келетіндер үшін ақысыз негізде бағдарламалау мектебі іске қосылды.

COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына және облыс аумағында ТЖ режимінің жариялануына байланысты еліміз бойынша барынша қысқа мерзімде бірінші болып жергілікті ІТ-компания stopcovid.kz интернет-порталын әзірледі. Осы интернет-ресурста коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары бойынша барлық өзекті ақпарат орналастырылған. Іске қосылған сәттен бастап порталға 900 мыңнан астам адам кірді. Сайтқа тәулігіне ең көп кірушілер саны 61 мың адамды құрады. БҚО тұрғындарына блокпосттарды кесіп өтуге рұқсат беру, өтінімнің мәртебесі немесе бас тарту туралы 18 605 мың хабарлама жіберілді.

Сондай-ақ аталған интернет-порталда орналастырылған мәліметтерді өзектендіру бойынша жұмыс үнемі жүріп отырады. Жыл басынан бастап «Ashyq» қосымшасындағы медициналық ұйымдар бөлінісінде вакциналауға жауапты кәсіпорындар тізбесі, «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының тізімі және т. б. бөлімдер қосылды.

Сондай-ақ сайтта коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның екі компонентін алған облыс азаматтары арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды.

2. Байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету:

Облыста 416 АЕМ бар, оның ішінде 323 АЕМ-де интернет қолжетімді (4G – 98 АЕМ-де, 3G – 301 АЕМ-де, 2g – 359 АЕМ-де, ADSL – 89 АЕМ-де және ТОБЖ –138 АЕМ-де). Дауыстық қоңыраулар үшін ұялы байланыс 2G) – 377 АЕМ-де (АЕМ жалпы санының 90%-ы) қолжетімді.

2022 жылы байланыс операторлары «Кселл» АҚ (Кселл) пен «ҚаР-Тел» ЖШС (Билайн) ​​72 АЕМ-де ұялы байланыс сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізді, оның ішінде 7 АЕМ-де байланыс және интернет болмады (Қарашығанақ, Достық, Жұлдыз, Борық, Мұқыр, Саралжын, Сейітқали).

2022 жылы байланыс операторлары 136 АЕМ-де бар базалық станцияларды (3G & 4G жаңғырту) жақсартуды жоспарлап отыр, оның ішінде байланыс алғаш рет 6 АЕМ-де пайда болады (Жиекқұм, Сейтқали, Ақтай, Ханкөл, Үшағаш, Битілеу – барлығы 4G).

Халқы 250 адамнан асатын АЕМ-де 3G/4G технологиясы арқылы мобильді интернет өткізу жобасы іске асырылды. Аталған жоба бойынша БҚО-да 70 АЕМ қамтылды. Бүгінде байланыс операторлары өткізілген интернеттің сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінде осы жылдың соңына дейін (2022 ж.) «Қазақтелеком» АҚ әріптестері бұрын 12 АЕМ-де ТОБЖ жүргізілген АЕМ-де «нүкте-көп нүкте» технологиясы бойынша радиомост арқылы КЖҚ қызметін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Тасқала ауданы Шежін-2 ауылында ADSL технологиясы бойынша сымды интернет өткізу бойынша жұмыс аяқталды. «Транстелеком» АҚ тарапынан Тасқала ауданы Оян ауылында интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта әлеуметтік нысандар 7 мемлекеттік мекемеге қосылған. Сондай-ақ Бәйтерек ауданының Железново ауылында (бүгінде 2 үй қосылған) FTTB технологиясы бойынша халықты интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде, ал Бөрлі ауданының Аралтал ауылында тұрғындарды интернетпен қамтамасыз ету үшін желілердің құрылысы аяқталды.

ҚР ЦДИАӨМ кең жолақты қолжетімділік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін халқы 250 адамнан кем АЕМ-де мобильді интернет өткізу жобасын іске асыру жоспарлануда. Облыста 58 АЕМ-нен тізім бекітілді (оның ішінде 2021 жылы – 2 АЕМ, 2022 жылы – 32 АЕМ, 2023 жылы – 24 АЕМ).

3. Мемлекеттік қызметтер:

«Цифрлық Қазақстан» МБ аясында 2018-2021 жылдары облыста мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді. 2 млн 800 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді (2020 жылы – 1 964 727). Электрондық түрде көрсетілген қызметтер үлесінің өсуі байқалады. Атап айтқанда, 2021 жылы электрондық көрсетілген қызметтердің үлесі 97%-ды құрады, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық (94% – 1 864 212 қызмет). Электрондық қызметтер үлесінің өсуін пандемия кезінде тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға тырысқандығымен түсіндіруге болады. Бұған қашықтан ЭЦҚ-ын алу және мобильді азаматтар базасына жедел тіркеу оң әсер етеді. Сондай-ақ Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде.

Пандемия кезінде азаматтардың электрондық қызметтерге қол жеткізуі үшін 352 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 70 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2022 жылы осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарлануда. Сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызметтер есептерін тапсыру бойынша АЖ әзірленетін болады.

4. Архивтермен жұмыс:

Батыс Қазақстан облысында барлығы 12 мемлекеттік мұрағат жұмыс істейді (1 облыстық мұрағат, 11 аудандық мұрағат және 2 филиал).

БҚО мемлекеттік архивтері ҚР Ұлттық архив қорын мемлекеттік күзетуді, тұрақты сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады. Азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. 2021 жылы мемлекеттік архивтер әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 16 674 қызмет көрсетті.

«Цифрлық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүйелі негізде архивтік құжаттардың электрондық қорын қалыптастыру, іздестіру жүйесін құру және жаппай цифрландыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі комиссия жұмысының басталуымен Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің (бұдан әрі – БҚО МА) архившілері 30-шы жылдардағы қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдарды іздеу бойынша жұмыс жүргізді. Зерттеу жұмысы барысында Орал аудандық атқару комитетінің қорынан мүліктері күштеп тәркіленген кулактар мен байлардың тізімі табылды. Табылған материалдар негізінде 494 адамнан тұратын кулактар мен байлардың тізімі жасалды. Архившілер Халық сотының, облыстық және қалалық прокуратуралардың архивтік қорларының 60 ісі бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде олар керек ақпаратты тауып, оңалту комиссиясы бекіткен баптар бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған 19 адамның тізімін жасады.

2022 жылға жоспарлар:

     1. Ақпараттандыру:

1. ақылды қала компоненттерін енгізу (Smart Aqsai);

2. БҚО ахуалдық орталығы;

3. мемлекеттік ведомстволық бағынысты ұйымдардан ЖП ЖБО-ға бейнеқадағалауды трансляциялау;

4. қоғамдық қауіпсіздік үшін бейнебақылау;

5. трассалардағы ескерту жүйелері (жануарлармен соқтығысудан қорғау, жылдамдық режимін сақтау және т.б. үшін);

6. дала өрттерінің мониторингі.

     2. Байланыс:

1. жаңғырту (3G & 4G) және 136 АЕМ-де жаңа базалық станциялардың құрылысы, оның ішінде алғаш рет 6 АЕМ-де байланыс пайда болады (Жиекқұм, Сейтқали, ақтай, Ханкөл, Үшағаш, Битілеу – барлығы 4G).

2. ТОБЖ бар 12 АЕМ-де (Қазақтелеком операторы) «нүкте-көп нүкте» технологиясы арқылы стационарлық интернетті тығыз ұйымдастыру.

3. 250+ адам тұратын АЕМ-де мобильді интернет өткізу бойынша ҚР ЦДИАӨМ жобасы. Облыс бойынша 58 АЕМ-нен тізім бекітілді (оның ішінде 2021 жылы – 2 АЕМ, 2022 жылы – 32 АЕМ, 2023 жылы – 24 АЕМ). 

     3. Мемлекеттік қызметтер:

1. мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар;

2. көрсетілген мемлекеттік қызметтер есептерін тапсыру бойынша АЖ әзірлеу;

3. тұрғын үй көмегін көрсету бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта автоматтандыру.


Денсаулық сақтау жүйесін дамыту

Облыстың денсаулық сақтау бюджеті 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 28,8%-ға өсіп, 81,7 млрд теңгені құрады (оның ішінде 71,3 млрд теңге – ӘМСҚ арқылы қаржыландыру, 10,4 млрд теңге – денсаулық сақтау басқармасы арқылы қаржыландыру).

2021 жылы бастапқы кезеңде қолжетімді және сапалы медициналық көмек аясында:

- Теректі ауданы Федоровка ауылында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын аудандық емхана ғимаратының құрылысы басталды. Құрылыс сомасы 2077,7 млн теңгені құрайды. Құрылыс мерзімі – 2021-2023 жылдар.

Анықтама: қазіргі уақытта аудандық емхана ғимараты ескі типтік емес ғимаратта орналасқан.

- 1 дәрігерлік амбулаторияның және 1 медициналық пункттің модульдік құрылымдары сатып алынды (Орал қаласы Серебряково кенті және Бәйтерек ауданы Чинарево ауылы).

Коронавирус инфекциясымен күресу үшін 200 төсек-орны бар жаңа модульдік стационар (облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының корпусы) ашылды, оның ішінде 20 реанимациялық стационар Орал қаласындағы «Жұлдыз» шағын ауданында орналасқан. Жоба құны – 7,2 млрд теңге.

Модульдік стационар ғимараты заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған: сарапшы кластың УДЗ, цифрлық рентген-аппараты, 32 кесіндіге компьютерлік томограф, гемодиализ аппараты, эндоскопиясы бар видеобронхоскоп. Стационарда барлық бейінді мамандар жұмыс істейді, жүкті және босанған әйелдерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2021 жылы 2,5 млрд теңге бөлінді:

- жедел медициналық көмек, 38 бірлік санитариялық автокөлік үшін 67 медициналық жабдық, оның ішінде 20 реанимобиль; 5 модульдік құрылым, онымен қоса, дәрігерлік амбулатория және медициналық пункт сатып алынды; 1 денсаулық сақтау объектісіне (облыстық фтизиопульмонология орталығы) күрделі жөндеу жүргізілді; облыстың медициналық ұйымдарын күрделі жөндеуге 26 жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Анықтама: облыстың медициналық ұйымдары, оның ішінде аудандық ауруханалар, босандыру және балалар ұйымдары және қалалық емханалар үшін медициналық жабдықтар сатып алынды.

2021 жылы облысқа 99 жас маман келіп, жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 42-сі ауылдық жерлерге жолданды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада өте тапшы бейіндер бойынша 19 маман оқудан өтті (2021 ж.).

Ауылдық жерлерге жұмысқа орналасатын жас мамандарды қолдау аясында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жыл сайын 1 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

Өтемақы 73 жас маманға (оның ішінде 2020 жылғы 30 түлек, 2021 жылғы 43 түлек) төленді.

Стационарлық емделуде жатқан пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін 2021 жылы 6,9 млрд теңгеге шарт жасалды. Бірыңғай дистрибьютор облыстың медициналық ұйымдарына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізді.

Анықтама: халықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1,1 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың екі айлық азаймайтын қоры бар.

Амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік заттармен 7,5 млрд теңге сомасына 187 932 пациент қамтамасыз етілді.

Анықтама: ТМККК шеңберінде 6,9 млрд теңге сомасына 136 414 пациент қамтамасыз етілді. МӘМС жүйесінде 381,6 млн теңгеге 12 935 пациент (ересектер), 272,6 млн теңгеге 38 583 бала қамтамасыз етілді.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №38-3 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешімі бойынша 2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 221 млн теңге бөлінді (орфандық аурулар).

 

Білім беру жүйесін дамыту

Батыс Қазақстан облысында барлығы 2 қала және 416 ауылдық елді мекен бар.

Облыста 381 мектеп (қалада – 75, ауылда – 306) жұмыс істейді, оның ішінде 376-і – күндізгі мемлекеттік мектеп, 5-еуі – жеке меншік мектеп. Олардың 216 -сы (58,2%) – шағын жинақты мектептер. 198 мектеп (52,2%) 1980 жылға дейін салынған. 48 мектеп саманнан салынған және апатқа дейінгі күйде, бұл оқушылардың өміріне қауіп төндіреді.

Мектептері жоқ 97 ауылдық елді мекендердің балалары басқа АЕМ-де оқиды, күн сайын тасымалдау ұйымдастырылған.

Облыста үш ауысыммен оқытатын 3 мектеп (Орал қаласындағы №18, Ақсай қаласындағы №7, Теректі ауданының Подстепное ауылында) және 6 апатты мектеп (Бөрлі ауданының Ақсай қаласында, Казталов ауданының Казталовка, Жұлдыз, Сарықұдық, Қоныс ауылдарында, Ақжайық ауданының Атамекен ауылында) бар.

Облыс әкімдігі апатты болдырмау және үш ауысымды мектептерді жою бойынша шаралар қабылдауда, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуде.

Соңғы 3 жылда 49 білім беру нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді, 4 мектеп және мектепке 1 қосымша құрылыс салынды. Сонымен қатар соңғы 2 жылда 2 жеке меншік мектеп ашылды («Fizmat Primary Uralsk» ЖМ, «125 Highschool»ЖШС).

Апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында 2021 жылы 8 мектептің құрылысына 4 860,7 млн теңге бөлінді (ЖСТ – 1 795,5 млн теңге, ЖҚЖК юойынша 2020-2021 жж.– 2 490,1 млн теңге, ЖБ – 575,1 млн теңге).

Республикалық бюджеттен субвенция есебінен апатты жағдайдағы мектептердің орнына 4 мектеп салуға 1 795,5 млн теңге (ОМО – ҚР Білім және ғылым министрлігі) бөлінді:

1) Казталов ауданы Казталовка ауылындағы 600 балаға мектеп;

2) Орал қаласындағы 300 балаға арналған №18 ЖОББМ;

3) Бәйтерек ауданы Жамбыл ауылындағы 308 балаға арналаған ЖОББМ;

4) Бәйтерек ауданы Щапово ауылындағы 420 балаға арналған ЖОББМ.

Екі мектепті аяқтауға жергілікті бюджеттен 575,1 млн теңге бөлінді:

1) Орал қаласындағы 300 балаға арналған №33 ЖОББМ;

2) Казталов ауданы Сарықұдық ауылындағы 60 балаға арналаған мектеп.

2020-2021 жж. Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы бойынша 4 мектептің құрылысына 2 490,1 млн. теңге (ОМО – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) бөлінді:

1) Бәйтерек ауданы Янайкино ауылындағы Батурин ЖОББМ-іне екі қабатты жапсаржай;

2) Бәйтерек ауданы Жамбыл ауылындағы 308 балаға арналаған мектеп;

3) Орал қаласындағы 300 балаға арналаған №18 ЖОББМ;

4) Бәйтерек ауданы Щапово ауылындағы 420 балаға арналаған мектеп.

Жыл қорытындысы бойынша 2 мектеп (№33, Янайкино ауылындағы ЖОМ) пайдалануға берілді, барлығы 426 оқушы жаңа мектептердің табалдырығын аттады. Қалған 6 мектеп 2022 жылға өтеді.

Биыл апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында облыста 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 4 мектепті (Казталов ауданының Казталов, Жұлдыз ауылдарындағы, Бәйтерек ауданының Жамбыл, Щапово ауылдарындағы мектептер) аяқтауға жалпы сипаттағы трансферттер (ЖСТ) есебінен барлығы 1,9 млрд теңге бөлінді, жергілікті бюджет есебінен 2 мектептің құрылысы жүргізілуде (Орал қаласындағы №18 Казталов ауданының Сарықұдық ауылындағы мектеп). Сондай-ақ жеке инвесторлар есебінен 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр (Орал қаласындағы №31, 52 мектептер).

Жыл соңына дейін 6 мектепті аяқтау жоспарлануда.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында 1 000 мектептің құрылысы бойынша БҚО-да 2025 жылдың соңына дейін 77 жаңа мектептің құрылысы анықталды, олардың ішінде 51 шағын жинақты мектеп (Орал қ. Ветелка к. №29 ЖОМ, 50-і – ауылда), 26 мақсатты мектеп (14-і – Орал, Ақсай қалаларында (жеке инвестициялар есебінен 8 мектеп) және ауылдарда 12 (жеке инвестициялар есебінен 2 мектеп) мектеп салу жоспарланып отыр:

Анықтама:

  • 2022 жылға: 16 ШЖМ, 6 мақсатты;
  • 2023 жылға: 19 ШЖМ, 5 мақсатты;
  • 2024 жылға: 12 ШЖМ, 2 мақсатты;
  • 2025 жылға: 4 ШЖМ, 3 мақсатты.

Жеке инвесторлар есебінен 10 мектеп салу жоспарлануда.

Сондай-ақ биыл 60 және 108 орындық шағын жинақты мектептердің 16 жобасы әзірленуде. Биыл 8 шағын жинақты мектептің құрылысын аяқтау жоспарда бар. Мектептерді іске асыру КПО б.в компаниясының қаражатынан қаржыландырылатын болады. Басқа өңірлермен салыстырғанда (1 ШЖМ құны – шамамен 1,5 млрд теңге) 60 орындық мектептердің құны 750 млн теңгені, 108 орындық мектептердің құны 850 млн теңгені құрайды. Мектептер құнының төмендеуі кейбір абаттандыру жұмыстарын болдырмау және жергілікті құрылыс материалдарын қолдану есебінен болды.

2023 жылы 23 мектептің, оның ішінде 19 ШЖМ, 5 мақсатты мектептің құрылысы жоспарланған. Алайда мақсатты мектептерді салу мерзімі қаражаттың бөлінуіне қарай 2 жылға есептелген. Осыған байланысты 2023 жылы 5 мектепті аяқтау үшін 2022 жылы жаңа мектептер салуды бастау қажет.

Сол себепті 2022 жылға жалпы сипаттағы трансферттер лимитін 4,9 млрд теңгеге дейін ұлғайту қажет.

Анықтама: бүгінде 3 мектептің құрылысы бойынша ЖСҚ бар (Орал қаласындағы №53, Бәйтерек ауданы Новенькое, Бәйтерек ауданы Достық ауылдарындағы оқу корпусының қосымша құрылысы) және 3 мектептің құрылысы бойынша ЖСҚ әзірленуде (Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы оқу корпусының қосымша құрылысы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы №7, Бөрлі ауданы Жаңақала, Теректі ауданы Подстепное ауылдарындағы оқу корпусының қосымша құрылысы). Аталған жобаларды жүзеге асыруға 11,4 млрд теңге қажет.


Елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту

Сумен жабдықтау және су бұру желілері

2021 жыл:

1. «БҚО, Орал қаласында 19А канализациялық сорғы станциясын және 19А КСС-тен КТҚ қабылдау камерасына. дейін ұзындығы 15 690 м су бұру желілерін реконструкциялау», жоба құны – 3 488,1 мың теңге (2020 жылы республикалық бюджет есебінен 848 056 мың теңге, 2021 жылы республикалық бюджет есебінен 1 224 633 мың теңге, 2022 жылы республикалық бюджет есебінен 434 114 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 313 350 мың теңге бөлінді). Жалпы ұзындығы 15,7 км, 2020-2021 жылдары 15,7 км реконструкцияланды, объект 2022 жылға ауысты.

2. «Д 1000 мм айналма канализациялық коллекторын №6 камерадан реттелетін сыйымдылыққа дейін реконструкциялау», жобаның жалпы құны – 728,3 мың теңге (2019 жылы республикалық бюджет есебінен 255 791,0 мың теңге, 2020 жылы қаражат бөлінбеді және 2021 жылы 430 720,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 300 000,0 мың теңге бөлінді). 2019-2021 жылдары жалпы ұзындығы 4,7 км қайта жаңартылды, 2 км объект 2022 жылға ауысты.

3. «Орал қаласындағы айналма арынды кәріздік коллекторын қайта жаңарту. III іске қосу кешені», жобаның жалпы құны – 1 115,5 мың теңге (2020 жылы жергілікті бюджеттен 800 000,0 мың теңге, 2021 жылы 430 720,0 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 155 361,0 мың теңге бөлінді). 5,2 км кәріз коллекторы төселді, объект 2021 жылы аяқталды.

2022 жыл:

«Орал қаласының жер асты су тоғанында су тарту ұңғымаларын салу (бұрғылау)», жобаның жалпы құны – 451 732 мфң теңге (2020 жылы республикалық бюджеттен 361 385,0 мың теңге бөлінді). Осы жобаны іске асыру кезінде 6 ұңғыманың өнімділігі тәулігіне 8 640 м3 құрайды. Объект 2022 жылға ауысты.

Сондай-ақ 2022 жылға арналған бюджетті нақтылауға ҚР ИИДМ-де «КСС-21 және Гагарин-Мендешев көшелерінің қиылысында орналасқан сөндіргіш кәріз құдығына дейін қысымды кәріз коллекторын реконструкциялау» жобасы бойынша бюджеттік өтінім ұсынылғанын атап өту қажет (08.02.2022 ж. № 03-03-06/878).

Электрмен жабдықтау

Батыс Қазақстан облысының электрмен жабдықтау желілерінің ұзындығы 20 305 км құрайды, желілердің іс жүзінде тозуы 82%-дан асады.

2021 жылы 200,0 млн теңге сомасына электр желілерінің тозуын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілді, кернеуі әртүрлі кластағы 1 830 км, 17 КС және 252 КТП электр желілері жөнделді, сондай-ақ 73,7 млн теңге сомасына кабель желілерін қайта жаңарту бойынша «Фрунзе» ҚС ӘЖ-10 кВ 159 тірек ауыстырылды және 200,0 млн теңге сомасына КТП 10/0, 4 кВ 16 күштік трансформатор сатып алынды.

2022 жылы 707,240 млн теңге сомасына 2559,72 км кернеулі электр желілерін, 13 ПС және 347 КТП жөндеу жоспарланған.

Желілердің тозу мәселесін шешу үшін 2023-2025 жылдарға арналған 2019,5 км электр желілерін қайта жаңарту бойынша 3 жылға жалпы сомасы 20,0 млрд теңгеге кешенді жоспар әзірленді.

Инфрақұрылымды дамыту бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылы АЕМ-де 5 КПТҮ (680 пәтер) және 51 тұрғын үйдің (232 пәтер) құрылысы, ИКИ-дің 30 жобасы, 329,8 км жолды жөндеу, 1 су бұру жобасы, 1 жылумен жабдықтау жобасы, 7 газбен жабдықтау жобасы (10 АЕМ), 10 АЕМ-де 9 сумен жабдықтау жобасы, 9 АЕМ кешенді блок-модульдерін орнату аяқталды.

2022 жылы ауылда 11 КПТҮ (1 528 пәтер) және 70 тұрғын үй (712 пәтер), 42 жоба салу көзделген.

Жыл қорытындысы бойынша 4 КПТҮ (590 пәтер)және АЕМ-де 54 тұрғын үйді (412 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда.

Орал қаласында су бұру бойынша 2 жобаны, жылумен жабдықтау бойынша 2 жобаны, сумен жабдықтау бойынша 1 жобаны іске асыру жалғасуда. 11 АЕМ-де 11 сумен жабдықтау жобасы, 26 АЕМ-ді қамтитын 8 газбен жабдықтау жобасы, 473,9 км жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Шетелдік инвестициялар есебінен 5 ДШСК пайдалануға берілді (Подстепное, Жалпақтал, Сайқын, Жәнібек, Шыңғырлау ауылдары). Халықаралық әуежай терминалы қайта жаңартылды, 3 ДШСК-тың (Чапаев, Казталовка, Тасқала ауылдары) құрылысы жалғасуда.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында республикалық бюджет қаражатынан 16 АЕМ-де 36 жобаны іске асыруға 5,4 млрд теңге қарастырылған, 5,1 млрд теңге игерілді. 12 АЕМ-де 23 жоба аяқталды (көлік инфрақұрылымы бойынша 11 жоба, 1 спорт объектісі, 7 мәдениет объектісі, 1 су бұру объектісі, жаяу жүргіншілер жолдарын салу бойынша 3 жоба). 349 жұмыс орны құрылды.

На поддержку предпринимательства выделено 13,3 млрд тенге (по ДКБ – 7,4 млрд тенге, по программе «Енбек» – 5,9 млрд тенге). Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында білім беру нысандарын, автожолдарды, ТКШ, газбен жабдықтауды салу және реконструкциялау, күрделі, орташа жөндеу бойынша 31 жобаны іске асыруға 8,2 млрд теңге көзделген (2020 жылдан 4,2 млрд теңгелік 20 жоба ауысты, жаңа құрылыс – 4,0 млрд теңгеге 11 жоба). 12 жоба аяқталды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 31,1 млрд теңге болатын 261 жоба мақұлданды.

2021 жылы 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды (2021 жылға арналған жоспар – 13 041), оның ішінде 8 мыңнан астам жұмыс орны тұрақты (2021 жылға арналған жоспар – 7 010). 36 мың адам жұмыспен қамтылды (2021 жылға жоспар – 36,0 мың).

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу