Соңғы үш айда КВИ-мен ауырғандар саны 2 есе азайды — М. Шоранов

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын айтты. 

Әлемде КВИ-дің 248 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 5 млн астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағының деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 45-інде сырқаттанудың өсуі байқалады.

Соңғы 14 күнде сырқаттану Венгрияда барынша ұлғайған, онда ауру 230%-дан артық, Польшада – 200%-дан артық, Австрияда – 100%-дан артық, Әзербайжан және Германияда – 80%-дан артық өскен.

Сырқаттанудың өсуі Еуропа ДДСҰ-ның 9 елінде төмендеді, оның ішінде Израильде 57%-ға, Түркияда 9%-ға, Испанияда 7%-ға. 

«Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 11%-ға төмендеді. Әлемдік рейтингке сәйкес 222 елдің ішінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105 орында, өлім-жітім көрсеткіші бойынша 102 орында тұр», — деді М. Шоранов. 

Бүгінгі күні елімізде жасыл аймақта 9 өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы.

Қазақстан Республикасы және 4 өңір – сары аймақта (Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары).

Қызыл аймақта 4 өңір (Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары).

Репродуктивтілік саны – 0,93.

Вице-министрдің айтуынша, жалпы Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есе, ал өлім-жітім 4,1 есе азайды. 

Мектепке дәстүрлі форматта баратын оқушылар арасында 15  028 жағдай тіркелді, оның ішінде ауруды жұқтырғандармен байланыста болғандар арасында 1 317 науқас анықталды, бұл ауырған оқушылардың жалпы санының 8,7% дейінгіні құрайды. Қазан айының соңғы екі аптасында оқушылар арасында сырқаттану 1,3 есе төмендеді.

Сонымен қатар Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстарында сырқаттанудың 1,4 есеге дейін өсуі байқалады.

«Ауру ошақтарында 159 мың ауруды жұқтырғандармен байланыста болғандар анықталды, оның ішінде 0,8%-ында ковидтің оң нәтижесі анықталды. Республика бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орын жүктемесі 56%-дан 33%-ға дейін, реанимациялық төсек-орны жүктемесі 45%-дан 27%-ға дейін төмендеді. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар», — деді М. Шоранов.

Емдеуді жалғастырушылар саны азайды, соңғы үш айда науқастар саны 2 есе азайды. Халықты КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасуда.

«Вакцинаның 1-компонентін 8,3 млн астам адам алды, яғни екпе алуы тиіс халықтың 73,4%-ы немесе жалпы халықтың 44,3%-ы қамтылды, екінші компонентін 7,6 млн жуық адам алды, яғни егілуге тиісті халықтың 66,6%-ы немесе жалпы халықтың 40,2%-ы қамтылды», — деді М. Шоранов.  

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу