Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру есебінен 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылады — С. Брекешев

Дүйсенбі, 25 Қазан 2021, 19:00:00

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын таныстырды.

Серікқали Брекешевтің айтуынша, жоба ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленді және халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

«Ұлттық жоба «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат», «Экология болашағы» атты төрт негізгі бағыттан және 11 тапсырмадан тұрады, олар бойынша 19 көрсеткіш және 48 іс-шара белгіленген. Жобаны іске асыру халықтың нақты табысын арттыруға, ЖІӨ-ні 231 млрд теңгеге ұлғайтуға ықпал ететін болады. Ұлттық жобаны іске асыру есебінен 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылады», — деді С. Брекешев.

Құжат төрт негізгі бағыттан тұрады:

I. Бірінші бағыт – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздің су объектілерінің экожүйелерін сақтау сияқты негізгі экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді.

II. Екінші бағыт «Үнемді Қазақстан» табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану мақсатын қойып отыр. Бірінші кезекте, бұл су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты. 

III. «Табиғат» бағытының мақсаты биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту болып табылады.

IV. Төртінші бағыт – «Экология болашағы», халықтың экобілімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған.

Жалпыұлттық жоба 11 міндеттен тұрады, олар бойынша 19 көрсеткіш және 48 іс-шара айқындалған.

«Таза Қазақстан» бірінші бағытының мақсаты атмосфералық ауаның ластануын азайту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, тұйық циклдегі экономиканы дамыту және тарихи ластануларды жою, елдің су объектілерінің экожүйелерін сақтау болып табылады.

«Ластанудың жоғары деңгейі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметімен және электр станцияларында көмірді жағумен байланысты екені жасырын емес. Осы проблеманы шешу үшін ауаның жоғары ластануы бар 10 қалада 5 жыл ішінде 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарындағы шығарындыларды 20%-ға қысқарту болжанып отыр», — деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Мысалы, АрселорМиттал Теміртау шығарындыларды 54%-ға азайту бойынша міндеттемелер алды.

Тағы бір негізгі проблема – қалдықтардың шамадан тыс жинақталуы. Осыған байланысты қалдықтарды тұрақты басқару бөлігінде «Waste-to-Energy» технологиясы бойынша энергия алумен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді салу сияқты іс-шаралар есебінен тұрмыстық қатты қалдықтардың үлесін және оларды кәдеге жаратуды 18%-дан 34%-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Бұдан басқа, құрамында сынабы бар қалдықтарды бөлек жинау үшін 8 мыңнан астам контейнер, сондай-ақ дәріханаларда медициналық қалдықтарға арналған экобокстар орнату жоспарда бар. Тұйық циклді экономиканы дамыту шеңберінде құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды жинауға арналған алаңдар құру жоспарланып отыр.

С. Брекешевтің айтуынша, экожүйенің қажеттілігін ескермей, суды пайдалану қоршаған ортаның тозуына әкеледі. Бұл ретте қолайсыз салдарларды жоюға арналған қаржылық шығындар олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған шығындардан жоғары.

Осыған байланысты еліміздің су объектілерінің экожүйелерін сақтау міндеті қойылды. Мәселен, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу, Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңін және Бурабай, Щучье, Қопа, Шалқар көлдерін қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру жоспарланған.

Су ресурстарын басқару бөлігіндегі басты міндет — қоршаған ортаның, халықтың және экономика салаларының қажеттіліктері арасында тепе-теңдік құру. Бұл жағдайда халықтың және қоршаған ортаның өмір сүру жағдайларын сақтау және жақсарту үшін суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы жағдайларын іске асыру қажет.

«Суды үнемді пайдалану есебінен өнімділікті арттыру» міндеті шеңберінде 401 арнаны қайта жаңарту және 212 арнаны цифрландыру есебінен суару кезінде су шығынын 4 км3 қысқарту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ 600 мың га суармалы жерлерді ұлғайту бойынша іс-шаралар қарастырылған. Қосымша суару көздерін құру үшін 2025 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жинақтау көлемі 1,7 км3 болатын 9 жаңа су қоймасын салу жоспарлануда.

«Бүгінде бүкіл әлемде ЖІӨ энергия сыйымдылығының деңгейі бірінші кезекте энергия үнемдеу саласындағы қазіргі жағдайды сипаттайды. Деректер көрсетіп отырғандай, Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы басқа елдермен салыстырғанда өте жоғары деңгейге ие. Осыған байланысты ұлттық инфрақұрылымды жаңғырту кезінде энергия ресурстарына ұқыпты қарау және энергия тиімділігін арттыру мәселесі негізгі міндеттердің біріне жатады», — деді С. Брекешев.

Осыны ескере отырып, ұлттық жоба шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, бюджеттік ұйымдарда энергия тұтынуды азайту, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында энергия тиімділігін арттыру бойынша міндеттер қойылды.

Биоәртүрлілікті сақтау мәселелері жаһандық мақсатты міндет болып табылады. Осыған байланысты, Ұлттық жоба шеңберінде 4 міндетті қамтитын «Табиғат» бағыты қарастырылған.

Экожүйелердің орнықты дамуы үшін, әлемдік тәжірибе бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы шамамен 10-12%-ды құрауы тиіс. Қазақстанда бүгінгі күні ЕҚТА үлесі жалпы аумақтың 9,6%-ын құрайды. Осыған байланысты, «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркін, «Мерке» қорықтар табиғи паркін құру болжанып отыр. 

«Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің санын қалпына келтіру» міндеті шеңберінде тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін азық базасын құру мақсатында «Іле – Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватта қабан, тоғай бұғысы, елік санын ұлғайту көзделеді. Ол үшін азық базасын құру үшін биотехникалық іс-шаралар жүргізу, интродукциялау және реинтродукциялау бойынша биологиялық негіздемелер әзірлеу, сақтау орталықтарын және басқа да жобаларды құру көзделеді. Сондай-ақ балық ресурстарының табиғи популяциясын 224 мың тоннаға дейін ұлғайту және жерсінуі кемінде 65% болатын 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі іс-шаралар көзделген.

Орнықты даму қоғамын құруға көп көңіл бөлінуі тиіс. Экоқұрылым мен мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі бағыт осы ұлттық жобаның базалық бағыты болып табылады, өйткені барлық табиғат қорғау және эко-сақтау іс-шаралары мен саясаты бірінші кезекте экология және қоршаған ортаны қорғау туралы базалық түсініктері бар азаматтарға сүйенуі тиіс. 

«Қазіргі уақытта осы саладағы жағдай білім беру және экологиялық білім беру саласында реформалар жүргізу қажеттілігін айқындап отыр. Онсыз Ұлттық жобаның басқа да іс-шаралары азаматтардан қолдау мен түсіністік таба алмайды», — деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Осы бағытта 2 міндет қойылған:

Бірінші. Бұл экологиялық аспектілерді ресми білім беру және ағарту жүйесіне біріктіру. Орта мектептің 6-сынып бағдарламасына «Экология» таңдау бойынша жаңа курсты енгізу және экологиялық ағарту орталықтары желісін (экостанциялар, үйірмелер және т.б.) құру жоспарлануда.

Екінші. Бұл эко-бағдарлы ақпараттық кеңістікті қалыптастыру. Экологиялық білім беру жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру, «Birge-taza Qazaqstan» экологиялық акциясын өткізу сияқты іс-шаралар іске асырылатын болады.

Жалпы алғанда, жобаны іске асыру халықтың нақты кірістерінің ұлғаюына ықпал ететін болады. Ұлттық жобаны іске асыру есебінен 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.

Бірақ, бірінші кезекте, ұлттық жобаны іске асыру әлеуметтік нәтиже алуға бағытталған. Ұлттық жоба тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді, көлдердегі су сапасын жақсартуға, сондай-ақ суаруға су беру кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, орманды аумақты елдің жалпы көлемін 5%-ға дейін ұлғайтуға жағдай жасайды.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі республиканың алты ірі қаласында қоқыс жағатын зауыттардың құрылысына 293 млрд теңге ($689 млн) қажет екенін, бұл бастапқы құнынан 113 млрд теңгеге жоғары болатынын айтты.

Экология министрлігі Waste-to-Energy технологиясы бойынша қоқыс жағатын зауыттар салуды жоспарлап отыр. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе және Өскеменде іске қосылады деп күтілуде.

«Жер телімдері бөлінді, осы жобаны жүзеге асыратын мердігер анықталды. Бұл жобалардың жалпы құны 293 млрд теңгені құрайды», — деді С. Брекешев.

Экология министрлігінің басшысы зауыттар бюджет қаражатын тартпай, тек жеке инвесторлардың қаражаты есебінен салынатынын атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Нұр-Сұлтан қаласындағы Талдыкөл көлінің айналасындағы жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, министрлік қазірдің өзінде зерттеулер жүргізіп жатыр.

«Бүгінгі таңда біз бұл көлдің су көзі жоқ екенін түсінеміз. Егер бұл процесс болса, ол болашақта табиғи түрде құрғайды, егер бұл көл суының қосымша көзін таппаса, оның толық кеуіп кету қаупі бар», — деді министр.

Оның айтуынша, су қоймасының құрғауына қала құрылысының белсенді жүргізілуі де ықпал етеді.

«Біз мынадай шешімге келдік: ол су объектісі, мысалы, Кіші Талдыкөл ретінде қалады, осы көлдің ауданы кемінде 20 га болады. Қалатын аумақ – осы көлдің ең үлкен және ең терең бөлігі болып қалатын аумағы. Көлдің айналасында рекреациялық аймақ ұйымдастырылады. Әкімдік көлдің нақты шекараларын анықтайды және көл түбін тұнба шөгінділерінен тазарту бойынша жұмыстар жүргізіледі, осы көлге жасанды су көзі ұйымдастырылады. Сондықтан, жақын арада бұл Талдыкөл көлі және оның айналасындағы рекреациялық аймақтар ұйымдастырылатын бөлігі біздің қалалықтардың демалуы үшін өте жақсы орын болады деп ойлаймын», — деп түйіндеді министр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
08 Желтоқсан 2021, 16:26
Қазақстан Қырғызстанға 1 мың автобус экспорттайды
08 Желтоқсан 2021, 11:06
9 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
08 Желтоқсан 2021, 10:12
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
08 Желтоқсан 2021, 08:40
А. Мамин Қырғызстан Үкіметінің басшысы А. Жапаровпен келіссөз жүргізді
07 Желтоқсан 2021, 19:40
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
07 Желтоқсан 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
06 Желтоқсан 2021, 12:13
Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.