ШОБ қолдау, жұмыспен қамту және жобаларды іске асыру — Қазақстанда МЖӘ қалай дамуда

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік — бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының әлемде танылған құралы. Елімізде МЖӘ тетігінің сапалы өсуі мен дамуы үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Әріптестік тетіктерін қолдану мемлекет үшін де, бизнесті дамыту үшін де бірқатар артықшылықтар береді. Қазақстандағы МЖӘ жағдайы қандай, елдегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері қандай салаларда қолданылатыны туралы шолу материалынан оқыңыздар.


2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР-да 1,6 трлн теңге сомасына 856 МЖӘ шарты жасалды, оның ішінде 10 шарт республикалық деңгейде (911 млрд теңге), 846 шарт жергілікті деңгейде (678 млрд теңге). 662 жоба пайдалану сатысында, оның ішінде: 7 республикалық жоба және 655 жергілікті жоба.

Инвестициялық кезеңде 1 028 млрд теңге сомасына 194 жоба бар. Мемлекеттік бюджеттен өтелмейтін жобалардың үлесі ұлғаюда. 2019 жылғы мамырдан бастап 2020 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде 357 шарт жасалды, оның 189-ын (53%) үшінші санаттағы жобалар құрайды, оның ішінде 122 шарт мектеп асханаларының жобалары бойынша жасалды.

Экономика салалары бойынша келісімшарттар жасалды: 

  • білім беру – 472
  • денсаулық сақтау – 163
  • энергетика және ТКШ – 93
  • мәдениет және спорт – 70
  • көлік және инфрақұрылым – 28
  • басқалары – 30

МЖӘ тетігін пайдаланған кезде мемлекет пен жеке сектордың өзара тиімді ынтымақтастығының тиімділігін арттыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, экономиканы әртараптандыру үшін қажетті инфрақұрылымды жедел жаңғырту мүмкіндігі пайда болады.


2020 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша барлық мемлекеттік міндеттемелер сомасының 66%-ы инфрақұрылым және ТКШ саласындағы жобаларда қамтылған. Энергетика, ТКШ, көлік және инфрақұрылым салаларында 121 жоба жасалып, тағы 102 жоба жасасу жоспарлануда.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев білім берудегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, Президент білім беру инфрақұрылымына салынған инвестициялардың қаржылық тартымдылығын арттыру мәселесін пысықтау қажеттігін атап өтті. Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативтерін арттыру, МЖӘ жобалары бойынша өтелетін шығындардың мерзімдерін, сомалары мен құрылымын өзгерту мүмкіндігін қараған жөн.

Жан басына қаржыландыру әдістемесінің нормативтерін өзгерту жөніндегі жоба ҚР БҒМ-де, 5 жылдық тетікке қатысты өзгерістер енгізілуде. Жасалған МЖӘ жобаларының 472-сі (55%) білім беру саласына тиесілі. Сондай-ақ, 234 жобаны аяқтау жоспарлануда.

 

Экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері туралы заңға қандай түзетулер енгізілді?

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы аясында келесі негізгі түзетулер қабылданды:

1) Есеп комитетінің ұсынысы бойынша «адамдарға арналған құндылықтар» қағидатын енгізу (People First PPP). Озық халықаралық үрдістерге, атап айтқанда «people first PPP» немесе «адамдардың игілігіне арналған МЖӘ» деп аталатын қағидаттарға, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы ұсынған әлемдік практикаға сәйкес, заң жобасында МЖӘ қағидаттарын халыққа арналған құндылықпен толықтыру көзделген;

2) ИШӨ бойынша түзету (5 жылдан кем емес біркелкі үлестермен төлеу, ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салу). Бюджетке жүктемені төмендету мақсатында заңнамалық деңгейде МЖӘ шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын (ИШӨ) төлеу мерзімдерін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салуды қамтамасыз ету ұсынылады. ИШӨ төлемі тең үлестермен (кемінде 5 жыл) жүзеге асырылатын болады);

3) «концедент» ұғымын нақтылау («ҮАААЖ» жобасын іске асыру үшін ЕҚДБ ұсынысы); 

4) МЖӘ объектісінің қызметтер көрсетуі есебінен өтеле алмайтын тіршілік объектілерін өткізу кезінде ғана жекеше әріптестің шығындарын толық өтеуге қатысты талап (Есеп комитетінің ұсынымдарын іске асыру мақсатында);

5) МЖӘ объектісін пайдалану кезеңін кемінде 5 жыл мерзімге белгілеу (тексеруші органдардың ұсынымдарын іске асыру мақсатында). МЖӘ объектісін пайдалану мерзімін кемінде 5 жыл (МЖӘ жобасының ерекшеліктеріне байланысты) регламенттеу ұсынылады, бұл МЖӘ шарттары мен мемлекеттік сатып алудың аражігін ажыратуға, сондай-ақ жекеше әріптестің ұзақ мерзімді салымын және мемлекеттік әріптес пен жеке серіктес арасында міндеттерді, кепілдіктерді, тәуекелдер мен кірістерді теңгерімді бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

6) МЖӘ объектісі құнының кемінде 10%-ынан өз қаражаты (мемлекет пен бизнестің тепе-теңдігін белгілеу үшін Есеп комитетінің ұсынымдарын іске асыру мақсатында). Мемлекет пен бизнестің тепе-теңдігін белгілеу үшін жеке әріптес үшін жобаға өзінің қаражатының кемінде 10%-ын (МЖӘ объектісі құнының) тарту жөнінде талап белгілеу қарастырылады;

7) МЖӘ шартын өзгерту рәсімін жетілдіру (бюджет комиссиясымен міндетті түрде келісу, мемлекеттік міндеттемелердің ұлғаюына әкелетін өзгерістерге тыйым салу және т. б.); 

8) бизнес субъектісіне жеке инвестициялардың негізгі объектісінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын құруға арналған өз шығындарын өтеуге мүмкіндік беретін «қайтарымды МЖӘ» енгізу. Қоғамдық инфрақұрылымды құруда МЖӘ тетігін пайдалану («қайтарымды МЖӘ») бизнес субъектісіне жеке инвестициялардың негізгі объектісінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын құруға арналған өз шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. Мысалы, мемлекет үшін елеулі экономикалық әсері бар өндіріс объектісіне электр беру желілерін немесе автожолдарды жүргізу талап етіледі. Жекеше әріптестің инвестициялық шығындарын өтеу инвестициялық жоба түпкілікті іске қосылғаннан кейін және негізгі объект бойынша МЖӘ шартында айқындалған талаптарға қол жеткізгеннен кейін 5 жыл ішінде жүзеге асырылатын болады;

9) аукционды енгізу — МЖӘ-ге келісімшарт берудің жаңа тәсілін енгізу. Ұқсас жағдай келісімшарттарды аукциондар арқылы сату әрекет ететін халықаралық практикада да, біздің заңнамада да бар, мысалы, жер қойнауын пайдалануда — келісімшарт аукцион қорытындылары бойынша белгілі бір ақыға беріледі; 

10) Конкурс қорытындысы бойынша Консорциум құрған жобалау компаниясымен МЖӘ шартын жасасу мүмкіндігін енгізу (Концессиялар туралы заңға ұқсас);

Ұсынылып отырған заңнамалық өзгерістер МЖӘ жобаларының сандық тәсілінен сапасына көшуге, жеке секторды тарта отырып, бюджеттік жүктемені азайтуға бағытталған. Халық «баға-сапа» оңтайлы арақатынасы, МЖӘ жобаларын іске асыру нәтижесінде алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру түрінде пайда алады.

2020 жылы 214 млрд теңге сомасына 119 шартқа қол қойылды. 2019 жылмен салыстырғанда жасалатын шарттардың төмендеуі байқалады, алайда бұл төмендеу МЖӘ жобаларының сапасына бағдарлануымен байланысты. Қазіргі уақытта жобаларды жоспарлау мен дайындаудың әртүрлі кезеңдерінде 1,9 трлн теңге сомасына 469 жоба бар.

2020 жыл ішінде МЖӘ-нің 781 жобасын іске асыруға бағалау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша атқарушы органдармен жобалар бойынша ескертулерді жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыс қол қойылған жобалардың сапасын арттыруға бағытталған. Бағалауды жүргізу нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамаға енгізу үшін түзетулер ұсынылды.

2020 жылы ЖІӨ өсу қарқыны минус 2,6% құрады, бұл 11 айдағы динамикадан жоғары.

Қызмет көрсету секторы үшін жыл 5,6%-ды шегерумен аяқталды, бұл ретте соңғы айларда серпін қалпына келе бастады. 

Сонымен қатар нақты сектордың барлық дерлік салалары мен қызметтердің жекелеген түрлері оң өсу қарқынын көрсетеді. 

Бұл құрылыс (11,2%-ға өсім), ақпарат және байланыс (8,6%-ға), ауыл шаруашылығы (5,6%-ға), өңдеу өнеркәсібі (3,9%-ға), білім беру (2,3%-ға) салалары.

 

Экономиканы қолдаудың қандай шаралары жұмыспен қамту мен іскерлік белсенділікті сақтауға ықпал етті?

2020 жылы экономиканы қолдау шаралары жұмыспен қамту мен іскерлік белсенділікті сақтауға ықпал етті. Жұмыс орындарын сақтау және құру үшін Жұмыспен қамтудың жол картасы іске асырылуда. Зардап шеккен салалар үшін салықтық ынталандыру шаралары қабылданды. Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру құралдары айтарлықтай кеңейтілді. Айналым капиталын қаржыландыру ұлғайтылды. 

Соның нәтижесінде, Жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, оның ішінде 238 мың адам Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қамтылды. 

700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдіктерге ие болды. Зардап шеккен салалар бойынша қарыз алушылардың 80%-ы несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдырды. 

Арзандатылған мөлшерлеме бойынша кәсіпкерлердің 40 мыңға жуық жобасы қаржыландырылды.

Экономика құрылымында сапалы өзгеріс болды.

2020 жылы өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеу үлесі 2019 жылғы 39,4%-дан 2020 жылы 48,8%-ға дейін өсті. 

Жеңіл өнеркәсіптің, автомобиль жасаудың және дайын металл бұйымдарының екі таңбалы өсуі байқалады. Өңделген, дайын тауарлардың экспорты артты.

Өндірістің өсуінің арқасында жалпы тұтынудағы қазақстандық тауарлардың үлесі 4,7 п. т. өсті.

Электрондық сауда үлесінің 6 п. т. және қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің 2 есе өсуі, сондай-ақ тау-кен өндірісі өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялардың 14,8%-ға өсуі байқалады.

Өңдеу өнеркәсібі салаларында қарқынды өсім байқалады. Кейбір өңдеу салаларында өткен жылмен салыстырғанда өсу жеделдеді. 

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі 4%-ға дейін, қағаз өнімдері 16,4%-ға дейін, фармацевтика 47%-ға дейін, жеңіл өнеркәсіп 15%-ға дейін жеделдеді.

Машина жасау 16,3%, оның ішінде автомобиль жасау 52,5%, былғары өнімдерін өндіру 2,3 есе және ағаш бұйымдарын өндіру 43,2% жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр.

2020 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымы $77,7 млрд құрады, оның ішінде экспорт — $43,4 млрд. 

Қазақстанның экспорты әлемнің 117 елінде жүзеге асырылады. Дайын, өңделген тауарлардың 3 183 түрі экспортталды. Импорт $34,4 млрд құрады, осылайша $9 млрд деңгейінде оң сауда балансы қамтамасыз етілді.

2020 жылы өңдеу өнеркәсібінің озық өсімі байқалды. Өңдеудің өсу қарқыны 3,9%-ға дейін жеделдеді. Бұл ретте ОПЕК+ келісімі шеңберінде мұнайдың қысқаруына байланысты тау-кен өнеркәсібі 3,7%-ға төмендеді.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша 12 өңір оң өсім көрсетті. Ең жоғары өсім Қостанай (20,2%-ға), Ақмола (9,6%-ға) және Солтүстік Қазақстан (8,2%-ға) облыстарында байқалады.

2020 жылы ауыл шаруашылығы 5,6% өсіммен оң аймаққа шықты (2019 жылы минус 0,1%). Бұл азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік берді. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығару 7,8%-ға және мал шаруашылығы өнімдерін шығару 3%-ға өсті.

13 өңірде оң динамика байқалады. Жоғары өсімді Қостанай (20,8%-ға) және Ақмола (12,7%-ға) облыстары көрсетті.

2020 жылы тұрғын үйдің рекордтық көлемі — 15,3 млн шаршы метр пайдалануға берілді, бұл 2019 жылғы деңгейден 16,8%-ға жоғары. Бұл ретте 15 өңір оң өсім көрсетті. Ең көп ұлғаю Нұр-Сұлтан қаласында – 1,7 есе байқалады.

Көптеген өңірлерде жоғары инвестициялық белсенділік байқалады.

12 өңірде оң өсім байқалады, оның ішінде 5 өңірде өсім 20%-дан 60%-ға дейін байқалды. Ең үздік көрсеткіштер Түркістан облысында (59,4%-ға) және Шымкент қаласында (40,9%-ға) байқалады. 5 өңірде төмендеу тіркелді. Жалпы, негізгі капиталға 12,3 трлн теңге сомасында инвестициялар тартылды. Инвестициялар тау-кен өндірісі өнеркәсібін есепке алмағанда 14,8%-ға өсті.

2020 жылы экономиканы қолдаудың ауқымды шаралары, өндіруші емес секторлардағы инвестициялық белсенділік, нақты сектордың өсуі және сауда балансының оң сальдосы, сондай-ақ экономиканы кредиттеудің ұлғаюы экономика дамуының негізгі факторларына айналды.

Сонымен қатар есепті кезеңнің статистикалық деректерін түпкілікті қалыптастыру осы жылдың соңына жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен бірлесіп, 2025 жылға дейінгі ел дамуының ұлттық жоспарының жаңа редакциядағы жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалалық өсу орталықтарын — төрт ірі агломерацияны және өңірлік урбандалған аймақтарды, сондай-ақ моно және шағын қалаларды, тірек және спутниктік ауылдарды дамытудың өңірлік саясаты айқындалған.

Орталық пен шеткі аймақтарды дамытудағы теңгерімсіздікті жоюға бағытталған 730 мыңнан астам адам тұратын ірі қалалардың шетіндегі инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша шаралар қабылданды. 2020 жылы 23,1 млрд теңге сомасына 49 жоба іске асырылды. 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, 112 км автожол, 1000 км инженерлік желілер жаңғыртылды. 9 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде (емхана, мектептер, балабақшалар және т. б.).

2020 жылы 15 моно және 5 шағын қалада жалпы сомасы 10 млрд теңгеге қалаішілік жолдарды (10) және инженерлік желілерді (16) дамыту бойынша 26 жоба іске асырылды. 670 жаңа жұмыс орны құрылды және 200 км астам автомобиль жолдары мен қалалардың инженерлік желілері жаңғыртылды.

Даму әлеуеті бар ауылдарды (оның ішінде аудан орталықтарын) дамыту үшін 2019 жылдан бастап «Ауыл – Ел бесігі» жобасы табысты іске асырылуда. Бүгінгі таңда даму әлеуеті бар 3 561 ауыл анықталды, оның ішінде — 1 173 тірек және 2 388 спутниктік ауыл.

2020 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 216 АЕМ-де (184 тірек, 32 спутниктік) инфрақұрылымды дамыту бойынша жалпы сомасы 93 млрд теңгеге 986 жоба іске асырылды. Осы қаражат есебінен 111 жаңа нысан салынып, 875 әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары жөнделді. 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылды және салық түсімдері есебінен жергілікті бюджеттің кірістері 9,2 млрд теңгеге ұлғайтылды.

Инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жоғарыда көрсетілген шаралармен елдің барлық 17 өңірі қамтылды, бұл тиісінше ел халқының өмір сүру сапасын жақсартуға оң ықпалын тигізді.

 

Пандемия кезінде Қазақстанда шағын және орта бизнеске қалай қолдау көрсетілді?

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен үш жыл мерзімге шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау, қадағалау жүргізуге мораторий енгізілді.

ҚР Бас прокуратурасының деректеріне сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша шағын және микрокәсіпкерліктің тіркелген тексерулерінің саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есеге қысқарды. 

Бұл ретте жеке кәсіпкерлік субъектілері бойынша тіркелетін тексерулер саны 4,6 есеге, сонымен қатар бару арқылы профилактикалық іс-шаралар саны 1,4 есеге қысқарды.

Прокуратура органдары тексерістерді негізсіз тағайындаудың 521 фактісін анықтады, олар бойынша 183 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, 55 мың кәсіпкердің бұзылған құқықтары қорғалды, 114 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Жарлықтың іске асырылу барысының оң серпіні байқалады. Елдегі эпидемиологиялық жағдай кезінде республикада карантиндік шектеу шараларының сақталуына қарамастан, Жарлықты іске асыру тексерулер санын қысқарту және кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қорғау арқылы бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға ықпал етті.

2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша статистикалық деректер көрсеткіштерінің өсуі байқалады, мәселен, ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 30,5%-ды құрап, 1%-ға өсті (2019 жылдың 9 айында – 29,5%), ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 3 344 383 адамды құрап, 0,7%-ға ұлғайды (2019 жылдың 9 айында – 3 319 469).

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2%-ға артып, 1 357 311 субъектіні құрады, тіркелген субъектілер саны 1 610 496 құрады, бұл 0,4%-ға жоғары.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштердің өсуі кәсіпкерлік әлеуетті ашуға, ШОБ субъектілерінің санын ұлғайтуға мүмкіндік беретін және осының нәтижесі ретінде экономикалық өсімге және елдің әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін бизнесті қолдау мен дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін және пәрменділігін көрсетеді.

2020 жылы эпидемиологиялық дағдарыс жағдайында салықтық ынталандыру шаралары, сондай-ақ бизнеске әкімшілік жүктемені төмендету, атап айтқанда салықтық ынталандыру шаралары қабылданды:

  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жыл мерзімге микро және шағын бизнес субъектілері табыстарға салынатын салықтардан босатылды;
  • 2020 жылдың 1 қазанына дейін экономиканың түрлі салаларында еңбекақы төлеу қорынан салықтар, әлеуметтік төлемдер және мүліктік салық бойынша мөлшерлемелер нөлденді;
  • 2020 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер салығының мөлшерлемесі нөлге дейін төмендетілді;
  • асыл тұқымды малдардың (ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандар) импорты үшін есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеу мүмкіндігі берілді;
  • 2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 8%-ға дейін төмендетілді;
  • 2020 жылдың 1 маусымына дейін барлық ШОБ субъектілері үшін барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру енгізілді.

Бұдан басқа, 2020 жылдың соңына дейін ШОБ субъектілері мемлекеттік және квазимемлекеттік меншікке жататын объектілер бойынша жалдау ақысынан босатылды.

Бизнеске әкімшілік жүктемені төмендету жөніндегі шаралар шеңберінде:

  • 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге шағын және микрокәсіпкерлікке тексеру жүргізуге мораторий енгізілді;
  • кәсіпкерлік субъектілері үшін жыл соңына дейін салықтық тексерулер жүргізуге мораторий енгізілді;
  • кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін кәсіпкерлердің «адалдығы» презумпциясы енгізілді;
  • бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулердің 8-топтамасы қабылданды;
  • мемлекеттік қолдау шараларын алу процестерін цифрландыру жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілген шаралармен қатар Үкімет қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын жетілдіру жөнінде бірқатар шаралар қабылдады. Мәселен, бүгінде «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша кәсіпкерлер үшін қарыз қаражатының түпкілікті құны 6% құрайды.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасында салалық шектеулер алынып тасталды, кредит мөлшері 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, субсидиялау мерзімі — 5 жыл. Жаңа бағыт — 6% мөлшерлемемен субсидиялау есебінен несие алу мүмкіндігімен микро және шағын кәсіпкерлікті шағын несиелендіру бағыты іске қосылды, бұл ретте айналым қаражатын толықтыруға максималды сома 5 млн теңгеге дейін, өндірістік қажеттіліктерге – 20 млн теңгеге дейін.

Кәсіпкерлердің борыш жүктемесін төмендету үшін қайта қаржыландыруға жататын кредиттердің мерзімі 4 жылдан 8 жылға дейін ұлғайтылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бойынша кредит сомасы шектелмеген, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі айтарлықтай кеңейтілген, кредит берудің жалпы көлемі 10 жыл субсидиялау мерзімімен 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылған, сондай-ақ кепілдік беру құралы жақсартылған:

  • «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер оларды коммерциялық банктер мен микроқаржы ұйымдарының ұсынуына мүмкіндік жасай отырып, қарыз сомасының 85%-ын құрауы мүмкін;
  • «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кепілдік несие сомасының 50%-на беріледі.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Бизнестің жол картасы-2025» шеңберінде 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға (12 ай) дейінгі кезеңде экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы ШОБ-тың қолданыстағы барлық кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелер жылдығын 6%-ға дейін субсидиялау тетігі бекітілді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша кредиттер бойынша 427 млрд теңге сомасына 8 454 өтінімге қолдау көрсетілді.

Бұдан басқа, Ұлттық банк салалық шектеулерсіз шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын іске қосты, оны іске асыру үшін 600 млрд теңге бөлінді. Несиелер айналым қаражатын толықтыруға 1 жылға 8%-бен беріледі.

Бизнесті қолдау шаралары шеңберінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы 16 наурыз бен 15 маусым аралығындағы кезеңде төтенше жағдайды енгізу салдарынан зардап шеккен ШОБ-тың қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтатты. Бұл ретте, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі карантин шараларының ұзартылуына байланысты ШОБ субъектілерін қолдаудың қосымша шараларын көздеді, атап айтқанда: 

  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық жай-күйі мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін төлемдер жасауды 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімге не жеткілікті кезеңге кейінге қалдыру;
  • 2020 жылғы 16 маусымнан 15 қыркүйекке дейін берілген өтінімдер бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының жеңілдікті шарттары бойынша қарызды қайта қаржыландыру.

Жалпы, бүгінгі таңда ШОБ субъектілеріне қаржылай қолдау көрсету рәсімдері барынша жеңілдетілуде.

Ресми статистикалық деректерге сәйкес 2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 30,5% құрады, бұл 1%-ға жоғары (2019 жылдың 9 айында — 29,5%).

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өнім шығару (салыстырмалы бағаларда) 3%-ға азайып, бұл ретте 21 772,2 млрд теңгені құрады.

 

2020 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы

Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2%-ға артып, 1 357 311 субъектіні құрады, тіркелген субъектілер саны 1 610 496 құрады, бұл 0,4%-ға жоғары.

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 0,7%-ға артып, 3 344 383 адамды құрады.

Азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке тарту мақсатында 2017 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 648,9 мың адам бағдарламаға қатысушы болды, оның ішінде 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 319,2 мың адам немесе 73%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2020 жылы стипендиямен, бір реттік ыстық тамақпен және жол жүруге материалдық көмекпен қамтамасыз етумен ТжКБ бойынша оқытумен 18,4 мың адам қамтылды, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді. Жіберілгендерден 16,3 мың адам оқуды аяқтады, оның 13 мыңы жұмысқа орналастырылды, 975 адам гранттар мен шағын несиелер алды.

2020 жылы 12 746 шағын несие беру қорытындысы бойынша 13 699 жұмыс орнын құру түрінде маңызды әлеуметтік нәтижеге қол жеткізілді, оның ішінде ауылда 12 053 жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысушыларға 44,9 мың мемлекеттік грант берілді.

Аталған шаралармен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 33,2 мың адам оқытылды, оның ішінде 29,6 мыңы өз бизнес жобаларын қорғады, оның ішінде 14,4 мыңы шағын несие мен гранттар алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 210 мың адам немесе бір жылға арналған жоспардың 120%-ы (әлеуметтік жұмыс орындарына — 19,3 мың адам, жастар іс-тәжірибесіне — 34,4 мың адам, қоғамдық жұмыстарға — 156,2 мың адам) жұмысқа орналастырылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден 1 665 отбасы немесе 5 794 адам қоныс аударды, оның ішінде 2 324 адам немесе еңбекке қабілетті жастағы қатысушылардың 75%-ы жұмысқа орналастырылды. Еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің ішінен 179-ы кәсіпкерлік қызметпен айналысады және 41-і жаңа тұрғылықты жері бойынша оқуға жіберілді.

 Жалпы, бағдарламаны іске асыруға 2020 жылы 178,8 млрд теңге бөлінді.

2020 жылы 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жыл қорытындысы бойынша 6,5 мың жоба бойынша жұмыс аяқталды. Іске асырылып жатқан жобаларға 238,9 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 120,1 мың адам немесе 50,3% жұмысқа орналастырылды.

Жалпы, 2020 жылы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 976,4 млрд теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының ЖҚЖК-ны ағымдағы жылы іске асыруды жалғастыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін ЖҚЖК-ны жаңа редакцияда бекіту туралы Премьер-Министр өкімінің жобасы әзірленді, онда:

  • күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары және ұзақ мерзімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпейтін жобалар алынып тасталды;

  • іріктеу тұрақты жұмыс орындарын құрумен құрылыс және қайта құру жобалары бойынша жүзеге асырылады;

  • жобаларды іріктеу механизмі қайта қаралды;

  • құрылатын жұмыс орындарының саны ЖСҚ және техникалық құжаттамаға сәйкес анықталатын болады;

  • тұрақты жұмыс орындарын құру үшін кәсіпкерлікті несиелендіру бойынша жеке бағыт қарастырылды.

Жобалар шеңберінде 28 мыңнан астам жұмыс орнын, оның ішінде пайдалану кезеңінде 10 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, жобада Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы соңғы қарыз алушыларға 10 жылға дейінгі мерзімге және 6%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен несие беру қарастырылған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында:

  • 400 млрд теңге несие сомасына 3 665 жоба субсидияланды, төленген субсидиялар сомасы 35 млрд теңгені құрады;
  • 215 млрд теңге несие сомасына 6 782 жоба кепілдендірілді, төленген кепілдік сомасы 81 млрд теңгені құрады;
  •  7,5 млрд теңге сомасына 31 жобаға инфрақұрылым тартылды;
  • 3,5 млрд теңгеге 976 грант берілді.

 

Биыл кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыс қандай бағытта жүргізіледі?



Биыл бизнесті қолдау бойынша шаралар аясында 8 жедел шара жобасы әзірленді:

● еңбекақы төлеу қорына жүктемені төмендету және ШОБ субъектілері үшін бірыңғай төлеммен төлеу;

● өңдеу өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын қолдау және дамыту мақсатында ҚҚС мөлшерлемелерін 70%-ға төмендету мәселесін қарау;

● корпоративті табыс салығынан босату;

● инвестициялық келісімдер жасау үшін басым қызмет түрлерінің тізімін кеңейту;

● мобильді қосымша арқылы ЖК жеңілдетілген тіркеу;

● бизнеске қойылатын талаптарды үштен бірге қысқарту;

● микроқаржы ұйымдарын «Бизнестің жол картасы-2025» субсидиялау бағдарламасына қосу;

● ШОБ-та қоғамдық тамақтану саласы үшін бөлшек салық режимін енгізу.

Жоғарыда аталған шаралардың жобасын егжей-тегжейлі қарау қорытындысы бойынша оларды одан әрі енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, бүгінгі күні министрлік әзірлеуде:

● қайта өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені, туризм, IT, құрылыс, сауда және көлік сияқты экономика салаларын қамти отырып, кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын;

● шағын және орта бизнестің негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерліктің цифрлық картасын.

Кешенді жоспар 10 бағыттан тұрады және экономика салаларын қолдау бойынша жедел шараларды қамтиды. 162 тармақтың 95-і орындалды, 67-сі орындалу үстінде, оның ішінде 4 тармақтың мерзімі ұзартылды, оларды заңнамаға тиісті өзгерістерді қабылдағаннан кейін іске асыру жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылы халық үшін коммуналдық қызметтер тарифтерінің 2020 жылғы қаңтарға күтілетін өсуін тежеу бойынша жұмыс жүргізілді (орташа жоспарлы өсім — 15,5%).

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап (2019 жылғы қаңтарға қатысты) коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі республика бойынша орташа алғанда 0,5% құрады, оның ішінде:

  •  жылумен жабдықтау 1,6%-ға төмендеді;
  • сумен жабдықтау 0,2%-ға төмендеді;
  •  су бұру 0,9%- ға төмендеді;
  •  электрмен жабдықтау 5,0%-ға өсті.

Нәтижесінде, халық тобы тұтынушыларының қаражатын жалпы үнемдеу шамамен 27 млрд теңгені құрады.

Бұдан басқа, ҚР Президентінің тапсырмасын орындау үшін 2020 жылғы 1 сәуірден бастап төтенше жағдай және карантин кезеңінде Қазақстан бойынша орташа алғанда халық үшін тарифтер 7,4%-ға төмендеді, оның ішінде келесі қызметтер бойынша:

  • сумен жабдықтауда 8,0%-ға;
  •  су бұруда 9,3%-ға;
  •  жылумен жабдықтауда 7,6%-ға;
  •  электрмен жабдықтауда 5,0%-ға төмендеді.

Нәтижесінде, бір айда халық тобы тұтынушыларының қаражатын жалпы үнемдеу шамамен 1 млрд теңгені құрады.

Комитет 2020 жылы ТМС (табиғи монополия субъектісі) міндеттемелерін орындамағаны үшін 14,5 млрд теңге сомасына уақытша өтемдік тариф енгізу бойынша шаралар қабылдады.

Сонымен қатар, тұтынушыларға жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жыл сайын жылу үшін артық төленген ақша қайтарылады. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 737 млн теңгеге жуық ақша сомасы қайтарылды.

Қазіргі уақытта 43 ТМС бойынша халық үшін тарифтерді көтермей бекіту бойынша шешімдер қабылданды, 10 ТМС бойынша тарифтерді көтеруден бас тартылды және кері қайтарып алынды, 13 ТМС бойынша өтінімдер қаралуда.

 Комитет тарифтердің өсуін тежеу бойынша шаралар қабылдауда:

  •  уақытша өтемдік тарифті енгізу;
  • ТМС инвестициялық бағдарламаларының басым емес іс-шараларын қысқарту;
  • тарифті саралау арқылы «халық» тобынан жүктемені төмендету;
  • тарифтің жаңа деңгейін іске қосу күнін ауыстыру.

 Жалпы, жоғарыда аталған шаралар 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін халық үшін тарифтер деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.

Осылайша, 2021 жылдың басына тарифтердің өсуі (2020 жылғы қаңтарды 2021 жылғы қаңтарға салыстыру) орташа алғанда 0,4%-ға төмендеді:

 ● жылумен жабдықтау 3,75%-ға төмендеді;

● сумен жабдықтау 0,34%-ға төмендеді;

● су бұру 1,37%-ға төмендеді;

● электрмен жабдықтау өсімі 3,92%.

ТМС қызметіне бақылауды жүзеге асыру Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері қызметінің маңызды бағыты болып табылатынын атап өту қажет.

Табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мынадай ден қою шараларын қабылдайды:

1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;

2) ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама шығарады;

3) материалдарды құқық қорғау және өзге де органдарға береді.

Комитет 2020 жылы табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 1,11 млрд теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 412 қаулы шығарды, оның ішінде мемлекет кірісіне 429,81 млн теңге өндіріп алынды.

Азаматтық істердің жалпы саны 267 құрады, оның ішінде Комитеттің пайдасына — 173, Комитеттің пайдасына емес — 35, 18 іс тоқтатылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде табиғи монополиялар саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 319 ұйғарым енгізілді. Қазіргі уақытта ұйғарымдардың жалпы санының 213-і орындалды.

Комитет 2020 жылы өтініштерді қарау шеңберінде (шамамен 820 өтініш келіп түсті) ТМС-ға қатысты 66 жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның ішінде 42 (64%) бойынша бұзушылықтар анықталды, 24 (36%) бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу