Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыстағы оң динамика — Павлодар облысының 2021 жылдың 4 айындағы даму қорытындылары

Павлодар облысында 2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталуда. Осы жылдың 4 айында облыс өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым құру бойынша негізгі жобаларды іске асырды. 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы өңірдің негізгі көрсеткіштері туралы шолу материалынан оқыңыздар.

2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және құрылыс жұмыстары саласында оң динамика байқалады.

Өнеркәсіпте 795,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді, өсім 4,2% құрады. 

Оң серпін өңдеу секторындағы өндіріс көлемінің 5,9%-ға (мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 15,8%-ға, химия өнеркәсібі 108,1%-ға, фармацевтика препараттары 46,1%-ға, машина жасау 25,2%-ға), электр энергиясымен жабдықтау саласында 10%-ға (электр энергиясын өндіру 16,9%-ға өсті) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Тау-кен өндіру секторында көмір өндіруді 6,6%-ға және металл кендерін 4,4%-ға қысқарту есебінен 4,8%-ға төмендеу байқалады.

Ауыл шаруашылығы саласында көлем 4,1%-ға, оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 4,3%-ға, өсімдік шаруашылығы бойынша 100%-ға өсті. 

Мал шаруашылығында ет өндірісі 6,1%-ға, сүт өндірісі 3,7%-ға артқаны байқалады.

Облысқа 88,3 млрд теңге инвестиция тартылды, оның ішінде 81,2% (71,7 млрд теңге) — бұл жеке салымдар.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі 3,7%-ға ұлғайды.

Сонымен қатар тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 12,4%-ға төмендегені байқалады. Облыс бойынша барлығы 44,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Динамиканың төмендеуі өткен жылдың 1 тоқсанында халықтың тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің айтарлықтай өсуіне байланысты. Саяжай алаптарын тұрғын үй қорына көшіру нәтижесінде көрсеткіш 2 есеге жуық өсті.

Облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 3014,1 млрд теңгені (ЖІӨ республикалық көлемінің 4,3%) құрады және өткен жылмен салыстырғанда 3,4% - ға төмендеді.

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі жан басына шаққанда 4010,3 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 6,4%-ға жоғары.

ЖӨӨ құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнеркәсіп алады – 43,3%. Ауыл шаруашылығы үлесіне 6%, құрылысқа 6,2%, көлікке 10,4%, саудаға 11,1% тиесілі.

Экономиканың өсу қарқынының төмендеуі көрсетілетін қызметтер секторындағы көлемдердің айтарлықтай төмендеуіне байланысты.

Шектеу шаралары жағдайында ЖӨӨ-нің шамамен 28%-ын құрайтын сауда, көлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтандыру, кәсіби және техникалық қызмет сияқты экономика секторлары барынша зардап шекті.

Бұл салалардағы көрсеткіштер алдын ала деректер бойынша орта есеппен 20%-ға төмендеді.

Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу — 14%, көлік және қоймалау — 6%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету — 44%, жылжымайтын мүлік операциялары — 50%, кәсіби және техникалық қызмет — 19%.

Өңірде инвестициялық жобаларды қолдауға және тартуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл Өңірлік инвестициялық штаб құрылды. Инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды — бұл 2025 жылға дейін іске асырылатын 1,9 трлн теңге сомасына 163 жоба. Оларды пайдалануға беру 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ақпан айында Екібастұз қаласында әлемдік және отандық инвесторлар үшін тартылыс орнына айналатын индустриялық аймақ құрылды.

Инвесторлар үшін неғұрлым басым салалар: металлургия, мұнай өңдеу, т/ж техникасын өндіру.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 709 пәтерге арналған жалпы ауданы 142 мың м2 17 тұрғын үйдің, оның ішінде 2022 жылға өтетін бір тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында төрт айдың қорытындысы бойынша КПТҮ пайдалануға берілмеген, негізгі пайдалануға осы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап енгізу жоспарлануда.

Бұдан басқа, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша облыстың қалалары мен аудандарында тұрғын үй сатып алу жоспарлануда, халықтың әлеуметтік осал топтарынан және аз қамтылған көп балалы отбасылардан шыққан азаматтар санаты үшін – 319 пәтер.

Сонымен қатар «7-20-25» бағдарламасы бойынша екінші деңгейдегі банктерге 2021 жылдың төрт айында 859 өтінім қабылданды, оның ішінде 3,5 млрд теңге сомасына 449 өтінім мақұлданды.

2021 жылы Павлодар облысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 61,2 км болатын, құны 2 128,920 млн теңгені құрайтын орташа жөндеудің 8 жобасы іске асырылуда.

Қазіргі уақытта 8 жобаның 4-інде жұмыстар аяқталу сатысында, қалған 4 жоба бойынша жұмыстар жалғасуда.

Коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеу үшін денсаулық сақтау жүйесінде қандай шаралар қолданылды?

Павлодар облысының Денсаулық сақтау жүйесі күрделі кезеңде жүктемені көтере алды. Науқастар жеткілікті төсек-орын санымен қамтамасыз етілді. Облыста 1985 инфекциялық төсек-орын (жүктелім — 40%), 68 карантиндік төсек-орын (жүктелім — 41,2%), 204 реанимациялық төсек-орын (жүктелім — 18,1%) бар. Резервте 1784 инфекциялық, 220 карантиндік, 130 реанимациялық төсек-орын бар.

Амбулаториялық деңгейде 173 мобильді бригада жұмыс істейді. Тәулігіне 3350 зерттеу қуаттылығымен 6 вирусологиялық зертхана жұмыс істейді.

Облыстың медициналық ұйымдарында дәрілік заттар мен жеке қорғаныстың азаймайтын қоры бар (45 күндік).

Облыстың медициналық ұйымдары барлық қажетті ресурстармен жабдықталған: 394 өкпені жасанды желдету аппараты; 1484 төсек-орын оттегімен қамтамасыз етілген (749 оттегі концентраторы және 735 төсек-орын оттегі нүктелерімен жабдықталған); 11 оттегі станциясы, 109 жаңа реанимобиль, 11 компьютерлік томограф және 82 рентген аппараты мамандарының қарамағында.

Облыста 4 922 медицина қызметкері жұмылдырылды: дәрігерлер – 1028 адам, орта буын медицина қызметкерлері – 2314 адам, кіші медицина қызметкерлері – 1286 адам, басқалары – 294 адам.

COVID-19 жұқтырудың жаңа толқыны туындаған жағдайда тартылатын маман саны 580 адам (дәрігерлер – 157, орта буын медицина қызметкерлері – 238 және кіші медицина персоналы – 185 адам) болатын медицина қызметкерлерінің өңірлік резерві қалыптастырылды.

ШОБ-қа қандай қолдау көрсетілді? Халыққа қандай әлеуметтік қолдау көрсетілді?

Пандемия кезінде әрекет етіп тұрған бизнеске қолдау көрсету мәселелерін бірінші кезекте шешу қажет болды.

Мұндай қолдау шаралары:

  • Несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру. ШОБ субъектілеріне жүктемені төмендету мақсатында екінші деңгейдегі банктер кредиттер бойынша төлем мерзімін ұзартуды ұсыну бойынша жұмыс жүргізуде, осылайша 733 өтінім қаралды, оның ішінде 12 млрд теңге кредиттік қоржын сомасымен 674 өтінім мақұлданды.
  • Салықтық жеңілдіктер. Зардап шеккен салалардың кәсіпкерлері есептік сомасы 5 млрд теңгеден асатын салықтың кейбір түрлерін төлеуден босатылды.
  • Жалдау мерзімін кейінге қалдыру. 2020 жылғы 23 наурыздан бастап облыстық коммуналдық меншік және квазимемлекеттік сектор ұйымдары бойынша жалдау ақысынан босату түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді, сондай-ақ ірі жалға берушілер қызметі шектеулі немесе тыйым салынған жалға алушылар үшін жалдау мөлшерлемелерін қысқарту бойынша міндеттемелер қабылдады. Қол жеткізілген келісімдер меморандумдармен бекітілді.

2020 жылдың қазан айынан бастап осы жылдың қаңтар айына дейін өңірде жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен бірлесіп Zhas-Halyk бағдарламасы іске қосылды. Оның шарттары бойынша 30 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас кәсіпкерлерге 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 5% мөлшерлемемен кепілсіз кредиттер беріледі.

Төрт лектің қорытындысы бойынша облыста 524 өтінім берілді, оның ішінде конкурстық комиссия (құрамында «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар) жалпы сомасы 390,2 млн теңгеге 33 жобаны қаржыландырды. Қазіргі уақытта бағдарлама аяқталды.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында 46 158 ШОБ субъектісі жұмыс істейді, онда 132 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Өткен жылы ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 30 млрд теңгеге немесе 3,5%-ға, 2019 жылы 865 млрд теңгеге, 2020 жылы 895,2 млрд теңгеге өсті.

Биыл өңірде кәсіпкерлерді қолдау бойынша Business Ertis бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылуда, оның Қазақстанда баламасы жоқ.

«Business Ertis» тұжырымдамасы бес негізгі блоктан тұрады: «Business Ertis Birge» — кәсіпкерлікті кешенді қолдау; «Business Ertis Social» — бизнестің әлеуметтік бастамаларын іске асыру және ілгерілету, «Business Ertis Eco» — өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында іс-шаралар өткізу; «Business Ertis Innovation» — цифрлық шешімдерді енгізу және кәсіпкерлік белсенділік деңгейін арттыру; «Business Ertis Invest» — шетелдік компанияларды тарту үшін инвестициялық ахуалды жақсарту.

Осы бағдарламаны іске қосқаннан кейін өңірде өткен жылмен салыстырғанда «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша жобалар төрт еседен астам қолдауға ие болды.

Мысалы, Social бағыты бойынша ерекше қажеттіліктері бар 38 адам жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін олардың санын 100-ге жеткізу жоспарлануда. Business Ertis бағдарламасы аясында жұмысқа орналасудың бір ерекшелігі — адам тұрақты жұмыс табады. Мемлекет бұл жұмыс орындары бойынша жалақыны субсидиялауға шығын жасамайды.

Business Ertis бағдарламасын Eco бағытында іске асырудың тағы бір жарқын мысалы – «Автомобиль шиналарын жинау және оларды кәдеге жарату» жобасы. 20 кәсіпорынмен «EcoGold» ЖШС қайта өңдеу ұйымына өңделген шиналарды беру туралы келісім жасалды. Осылайша, кәсіпорынның жүктемесі жобалық қуаттың 50%-на қамтамасыз етілген. Айта кетейік, «EcoGold» ЖШС — өңірдегі жалғыз резеңке қалдықтарды қайта өңдеуші.

Бизнес Invest бағыты бойынша инвестициялық штаб құру бойынша базалық жұмыс жүргізілді — Өңірлік үйлестіру кеңесі функцияларының сапалық құрамы кеңейтілді және жаңартылды, облыста 70-тен астам дайын тоқтап тұрған барлық өндірістік үй-жайлар туралы ақпарат қалыптастырылды, АЭА аумағындағы осындай үй-жайлардағы жобаларды іске асыруға дайын бірқатар әлеуетті кәсіпкерлер айқындалды, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар сатып алатын өнімдерге сүйене отырып жаңа тауашалар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларындағы тауашалар анықталды, қайта бөлудің кооперациялық тізбектері айқындалды, инвесторлар тарту үшін халықаралық форум ұйымдастырылды.

Сонымен қатар облыс кәсіпкерлерін бизнесті қолдаудың өзекті бағдарламалары туралы хабардар ету үшін «Бизнес на берегу» телеграмм-арнасы құрылды.

Сондай-ақ Павлодарда «Кәсіпкердің адвокаты» жобасы жұмыс істейді. «Инвесторлар үйі» ғимаратында адвокаттарға бизнесмендерге тегін кеңес беру үшін үй-жай берілді.

2021 жылы Бизнестің жол картасы – 2025 бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 4 514,6 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда бағдарлама аясында 737 жоба қолдау тапты, оның ішінде:

● несие қоржынының жалпы сомасына 373 жобаның несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау — 11 936,5 млн тг;

● несие портфелінің жалпы сомасы 8 754 млн теңгені құрайтын 360 жобаны несиеге ішінара кепілдендіру;

● мемлекеттік гранттар беру құралы бойынша жалпы сомасы 14 млн теңгеге 3 жоба мақұлданды;

● жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды жеткізу құралы бойынша 941 млн теңге сомасына 1 жоба.

Барлық мақұлданған жобалардың салалық құрылымы олардың 47,8%-ы көтерме және бөлшек сауда саласында, 12,7%-ы өзге де қызмет түрлерін ұсынуда іске асырылып жатқанын көрсетеді.

Анықтама: салалар бөлінісінде:

1. Көтерме және бөлшек сауда – 353 жоба немесе 47,8%;

2. Өңдеу өнеркәсібі – 80 жоба немесе 10,8%;

3. Көлік және қоймалау – 76 жоба немесе 10,3%;

4. Тұру бойынша қызметтер – 53 жоба немесе 7,1%;

5. Агроөнеркәсіп кешені – 44 жоба немесе 5,9%;

6. Құрылыс – 37 жоба немесе 5%;

7. Басқа қызмет түрлерін ұсыну – 94 жоба немесе 12,7%.

Өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету, агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу салаларында жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске асырылуда. 

Бұл тетікті іске асырудың барлық кезеңінде жалпы сомасы 22 594,3 млн теңгеге 173 жоба қолдау тапты.

Биыл жыл басынан бері 4 049,6 млн теңге сомасына 17 жоба қолдау тапты.

Оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша — жалпы сомасы 227,6 млн теңгеге 12 жобаға, екінші деңгейдегі банктер арқылы — жалпы сомасы 3 822 млн теңгеге 5 жобаға қолдау көрсетілді.

Барлық мақұлданған жобалардың салалық құрылымы (17) 52,9%-ы – өсімдік шаруашылығы саласында (9 жоба), 23,5%-ы – агроөнеркәсіптік кешенде іске асырылып жатқанын көрсетеді.

2021 жылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын несие беруді кеңейтуге 2 825,9 млн теңге бөлінді.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша барлығы 8665 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 4440 адамға тұрақты жұмыс орны құрылды. Жұмыс орындарының ең көп саны саудада — 23,0% (1024), ауыл шаруашылығында — 22,1% (982), өнеркәсіпте — 4,5% (198) құрылды.

Бірінші бағыт бойынша қысқа мерзімді оқытумен 341 адам қамтылды, жоспар – 415 (82%).

Екінші бағыт бойынша биыл «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 1250 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда, 400 адам оқуға жіберілді (32%).

 

Өңірде өнеркәсіп қалай дамуда?

Павлодар облысы экономикасының негізін өнеркәсіп құрайды. Облыс Қазақстанның ең дамыған индустриялық өңірлерінің бірі.

Жалпы республикалық аумақтық еңбек бөлінісінде ол жетекші орындардың бірін алады: мұнда өндірілетін көмірдің 60%-ы, өндірілетін электр энергиясының 41%-ы, ферроқорытпа өндірісінің 60%-ы, бензин өндірісінің 32%-ы және глинозем мен өңделмеген алюминийдің республикалық өндірісінің 100%-ы шоғырланған.

Мұнда елдің барлық өнеркәсіптік өндірісінің шамамен 8%-ы шоғырланған. Өнеркәсіпте облыстың жұмыс істейтін халқының 23%-ы (89 мың адам) тартылған және облыстың ЖӨӨ-нің шамамен 43%-ы құрылады.

Облыста 1200-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 19 жүйе құраушы кәсіпорын өнеркәсіптік өндірістің барлық көлемінің 90%-дан астамын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта облыста өнеркәсіп өндірісінің 30-ға жуық саласы дамып келеді. Ең үлкен үлес салмақты өңдеу өнеркәсібі – 62%, тау-кен өнеркәсібі – 21%, электрмен жабдықтау – 16% алады.

4 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары өткен жылғы кезеңге қарағанда 4,2% өсіммен 795 млрд теңге сомасына өнім өндірді.

Анықтама үшін: оң динамика мына салаларда өндіріс көлемінің өсуімен қамтамасыз етілді: машина жасау (125,2%), химия өнеркәсібі (2,1 есе), мұнай өңдеу (115,8%), фармацевтика (146,1%), қағаз және қағаз өнімдері (111%), резеңке және пластмасса бұйымдары (158,9%), өзге де бейметалл минералдық өнімдер (құрылыс индустриясы) (109,2%), тамақ өнімдері (108,6%) өндірісі.

Бұдан басқа, электр энергетикасы саласында көлем 10%-ға өсті.

Өңірде кластерлік даму бағыты назарға алынды. Өңдеу саласын одан әрі дамыту темір жол, алюминий және мұнай-химия кластерлері кәсіпорындарымен байланысты. Өңірде одан әрі қайта өңдеу тізбегін қайта өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді.

Жалпы, бүгінгі таңда өңір тұрақты дамып келеді. Машина жасау, металлургия, мұнай-химия, құрылыс индустриясы, тамақ өнімдерін өңдеу салаларында өсу перспективалары пысықталуда.

 

Индустрияландыру жылдары ашылған кәсіпорындар қалай дамуда?

2010 жылдан бастап индустрияландыру жылдарында Индустрияландыру картасы мен кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасы шеңберінде жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеден асатын 106 жоба іске асырылып, 10 мың жұмыс орны құрылды.

Олардың ішіндегі ең ірілері:

Металлургияда – қазақстандық электролиз зауытының жобалық қуатына шығу, жылына 250 мың тонна қоспасыз алюминий шығаратын «Bozshakol» тау-кен байыту кешенін пайдалануға беру. Бұдан басқа, «Giessenhausе» қоспаланған алюминий өндірісі және «Вектор Павлодар» автомобиль жеңіл қорытпалы дөңгелектер өндірісі ұйымдастырылды.

Химия саласында қуаттылығы жылына 30 мың тонна хлор және каустикалық сода өндіру болатын «Каустик» АҚ зауыты; «Компания Нефтехим LTD» ЖШС ұнтақты полипропилен түйіршіктеу қондырғысы іске қосылды.

Машина жасауда – «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС базасында жүк вагондарын шығару, «Проммашкомплект» бағыттамалы бұрмалар өндірісін ұйымдастыру және т/ж дөңгелектерін өндіру, «R.W.S. Concrete» алдын ала керілген темірбетон арқалықтар өндіру бойынша цех құру; «R.W.S. Wheelset» Қазақстан Республикасында теміржол осьтерін өндіру және доңғалақ жұптарын қалыптастыру зауытын салу.

Мұнай-газ химиясында – Павлодар МХЗ жаңғырту, «УПНК-ПВ» ЖШС мұнай коксын қыздыру қондырғысының құрылысы.

Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру бұрын шығарылмаған, соның ішінде экспортқа бағдарланған өнімнің шамамен 70 жаңа түрін өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Бұл тауарларды өткізу нарығы Ресей, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан болып табылады.

ИИД МБ жылдары іске қосылған жобалар жобалық қуатына шықты және облыстың өңдеу өнеркәсібі көлемінің үштен бірін құрайды.

Ағымдағы жылы 2020 жылы іске қосылған жобалар толық қуатына шықты:

  • көмір электр станцияларының қалдықтарынан микросфералар алу бойынша «Казциноссфера» ЖШС зауыты (2,3 млрд теңге). Бұл құрылыста белсенді қолданылатын, цемент, жеңіл отқа төзімді материалдар, дыбыс және жылу оқшаулау және басқа да көптеген материалдарды өндіру үшін қолданылатын бөлшектердің ерекше өндірісі — микросфералардың бірегей өндірісі.
  • дихлоризоцианур қышқылының натрий тұзын өндіру және өткізудің «ASCOR» ЖШС (293 млн теңге).

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 227 млрд теңгеден астам сомаға 8 жаңа инвестициялық жоба тартылды.

Өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы тамақ өнімдерін өндіру үлесі 7,1% құрайды.

Азық-түлік өнімдерінің келесі түрлері шығарылады: бидай ұны, жарма, макарон өнімдері, сүт өнімдері (сүт, сары май, ірімшік, сүзбе, қышқыл сүт өнімдері), ет өнімдері, шұжық өнімдері, оның ішінде жартылай дайын ет өнімдері, нан, нан-тоқаш өнімдері, өсімдік майы.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің 9688,42 тоннасы, оның ішінде бидай жармасы мен ұны — 8 942,2 тонна, ет және ет өнімдері — 364,8 тонна, сүт өнімдері — 381,42 тонна экспортталды.

Негізгі өткізу нарықтары — Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Қытай, Украина, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Германия, Польша, Австрия.

 

Өңірде цифрландыру мен инновацияларды енгізу процесі қандай кезеңде?

Бүгінгі күні өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын цифрлық жобалар бойынша ахуал мынадай:

Павлодар қаласының қоғамдық көліктерінде электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілген. Сараланған тарифті енгізу есебінен ағымдағы жылдың соңына дейін қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі (90%-ға дейін) ұлғайтылады.

Сондай-ақ, Екібастұз қаласында электрондық билеттеуді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жоба жолаушылар тасымалын субсидиялауға қаражат бөлу кезінде ашықтықты қамтамасыз етеді.

Азаматтарға қызмет көрсету деңгейін және өмір сүру сапасын арттыру, жүйелі проблемаларды шешу, сондай-ақ жайлы тұруды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы наурызда Павлодар қаласында 109 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Қызмет 24/7 режимінде жұмыс істейді. Тіршілікті қамтамасыз етудің барлық салалары бойынша өтініштер, шағымдар, ұсыныстар қабылдайды. Бүгінгі күні 149 189 өтініш келіп түсті. Оның 1269-ы жұмыста.

Шұғыл шақыруларға ден қою уақытын қысқарту үшін жедел жәрдем станциясының базасында БКДҚ 112 жүйесі өрістетілді. Бүгінгі күні 103 қызметі 110 мыңнан астам өтінішті пысықтады. Жыл соңына дейін жүйені өңірдің барлық шұғыл қызметтерінде өрістету жоспарлануда.

Бұл жоба халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын оңайлатуға және өңірдің барлық қолжетімді сервистерін «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіруге бағытталған. Қосымшада өтініш-шағым беру, сауалнамадан өту, әкімнің қабылдауына жазылу мүмкіндігі, өңірдің өзекті жаңалықтары бар. 1500-ден астам қолданушы қосымшаны жүктеп алды.

Облыстың 1000-нан астам әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін бақылау үшін Павлодар облысының даму индикаторларының мониторинг жүйесі енгізілді. Жүйені пайдаланудың 2 айында: білім беру ұйымдарындағы тапшы және профицит орындары анықталды, ҚТҚ-ның рұқсат етілмеген үйінділерінің жалпы алаңы тіркелді, жоспар-факторлық талдау жергілікті (облыстық және аудандық) автожолдардың жағдайын көрсетті, сондай-ақ жүйе АӨК-нің негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізуге және т. б. мүмкіндік береді.

Халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру және әлеуметтік-экономикалық залалды азайту мақсатында ағымдағы жылы Ахуалдық орталық құру жоспарланған. Орталықты құру есебінен 2024 жылға қарай облыс бойынша қиын жағдайларды оқшаулаудың орташа уақытын 60%-ға төмендету болжанып отыр.

Негізгі жобалардың бірі «SmartCity Pavlodar» болып табылады, ол озық технологияларды енгізу есебінен қоғамдық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп және тіршілік ету ортасының қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған. 5000-нан астам камера орнату, мектептерді ҚББЖ-мен 100% жарақтандыру, мобильді деректер геоаналитикасы (Big Data) негізінде қала аумағын 99%-ға дейін мониторингпен қамту жоспарлануда. Жобаны енгізу қылмысты 19%-ға дейін төмендетіп, ЖКО санын 20%-ға дейін азайтады және қылмысты ашу деңгейін 90%-ға дейін арттырады. 

 

Өңірде білім беру жүйесі қалай дамуда?

379 мектепке дейінгі ұйымдарда 33 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 88,1% құрайды.

2021-2025 жылдары 2370 орындық 12 мектепке дейінгі ұйымды іске қосу және жекеменшік балабақшалар желісіне мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен қосымша орындар енгізу жоспарлануда.

2020 жылы 9 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Облыста апатты мектептер жоқ. Үш ауысымды мектептердің үлесі Павлодар қаласында 252 орынға жапсарлас салынған 350 орындық мектеп және Павлодар қаласының Мойылды ауылындағы қолданыстағы мектепке 100 орындық жапсарлас құрылыс салу есебінен 3,1%-дан 2,5%-ға дейін қысқарды.

2 орта білім беру нысанының құрылысы басталды, оны аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр.

2025 жылға дейін 16,1 мың орындық 22 мектептің құрылысы жоспарлануда. «Заманауи мектеп» жобасы аясында 5 жыл ішінде 85 қала мектебі «толық аяқталған» қағидаты бойынша жөнделіп, жарақтандырылады, сондай-ақ заманауи мектептің бірыңғай тұжырымдамасы әзірленеді.

Ауылдық жерлерде 7 модульдік мектеп салу мәселесі қарастырылуда.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы аясында 273 мектепті жаңғырту жоспарланған.

Павлодар облысы сапалы білімге қол жеткізу рейтингі бойынша бірінші орынға шықты.

Сапалы білімге қол жеткізудегі теңсіздік индексін (Index of Disparity in access to Quality Secondary Education IDAQSE) «PaperLab» ҚҚ басшылығымен Орталық Азия елдері үшін арнайы зерттеушілердің трансшекаралық командасы әзірлеген. Оның негізінде мемлекеттер тікелей ықпал ете алатын бірқатар ресми өлшенетін көрсеткіштер бар. Қазақстан үшін көрсеткіштер үш топқа бөлінген: «оқыту шарттары», «білім беру факторлары», «АКТ қолжетімділігі».

«Оқыту шарттары» критерийіне үш көрсеткіш енгізілген: үш ауысымда оқытатын мектептердің үлесі; авариялық мектептердің үлесі; ауладағы дәретханалары бар мектептердің үлесі.

Пайызбен көрсетілген көрсеткіш бұл өңірде 87,8% құрады, осылайша Қазақстан бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім берумен 3294 бала немесе ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың жалпы санының 48%-ы қамтылған. 317 мемлекеттік мектепте немесе 89,2%-ында, 139 балабақшаның 137-сінде немесе 98,6%-ында, 29 колледждің 14-і немесе 48,3%-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Бұл көрсеткіш облыстық көрсеткіштен Екібастұз қаласында (80%), Баянауыл (76,9%), Павлодар (73,1%), Тереңкөл ауданында (72%) төмен.

Аутистік спектрі бұзылған балаларға көмек көрсетудің прогрессивті жүйесін құру және енгізу мақсатында Павлодар қаласында «Асыл Мирас» психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды, онда жылына 150 бала түзету жәрдемімен қамтылады.

Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету және шағын және орта бизнесті дамыту үшін білім беруге жеке инвестиция тарту бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілуде.

2019 жылдың сәуір айынан бастап МЖӘ негізінде Павлодар қаласының 11 мектебінде мектеп асханаларын жаңғырту және пайдалану жүргізілді. Тартылған жеке инвестициялардың жалпы көлемі 103,1 млн теңгеден астам, олар асханалар үшін заманауи технологиялық жабдықтарды сатып алуға және орнатуға, мектептердің ас блоктарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Ағымдағы жылы облыстың білім беру саласында Павлодар қаласының 8 мектебінде «Павлодар қаласының мектеп асханаларын жаңғырту және пайдалану» жобасы бойынша жеке инвестицияларды тарту бойынша іс-шаралар жалғасатын болады, жоспарланған жеке инвестициялар көлемі – 80 млн теңгеден астам.

35 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді, қамту 90,6% құрайды.

Биыл «Тәуелсіздік ұланы» жобасы іске қосылды, ол 300 талантты бала мен қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттер жасаған балаларды қолдауға бағытталған, 50 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.

«Ел Үміті» жобасы аясында «Елбасы медалі» бағдарламасының ең белсенді 222 қатысушысы қола медальға ие болды, 5-6 сыныптардың 58 ауыл оқушысы «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары атанды.

Жалпы 10 мыңнан астам оқушыны қамтитын, 7-сынып оқушыларын кәсіптік бағдарлауға бағытталған «Edu Navigator» жобасы енгізілді.

Облыста контингенті 18 мың студенттен асатын 45 колледж жұмыс істейді, оның 82,8%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.

«Жас маман» жобасы аясында 10 колледждің базасында құзыреттілік орталықтары құрылуда. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтар сатып алынуда.

Бұдан басқа, ауыл кадрларын даярлау проблемаларын шешу мақсатында 3 колледж білім беру қызметін сақтай отырып, кейіннен сатып алу құқығынсыз облыс кәсіпорындарының сенімгерлік басқаруында болады.

Ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында әрбір аудан орталығында және үш қалада 7-11 сынып оқушылары үшін оқу-өндірістік кабинеттер құрылды. ОӨК-нің негізгі міндеті оқушыларды базалық білім мен жұмыс кәсіптерінің дағдыларына үйрету, әрі қарай В санатындағы жүргізуші, компьютерлік графика дизайнері, тігінші, шаштараз және т. б. біліктілік беру болып табылады.

 

Өңірге туристер ағыны артты ма?

Өңірлік туризмді дамытудың өзіндік локомотиві Баянауыл курорттық аймағы болып табылады, ол туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республикалық деңгейдегі басым объектілердің ТОП-10-ына кірді.

2020 жылы Баянауыл курорттық аймағында жалпы сомасы 2775,7 млн теңгеге бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды:

● Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдерінің демалыс аймақтарында жағажайларды абаттандыру, санитарлық-гигиеналық тораптар мен мобильді душ кабиналарын орнату жүргізілді;

● туристік нысандарға апаратын 53 шақырымнан астам автомобиль жолы жөнделді;

● демеушілік қаражат есебінен Әулие Бұлақ пен Қоңыр әулие үңгіріне іргелес аумақты абаттандыру, туризм объектілерін салу және реконструкциялау жүргізілді;

● Александровка қосалқы станциясынан Жасыбай көліне дейін (13,5 км) электр берудің әуе желісінің құрылысы аяқталды.

2021 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында Жасыбай көліне (15 км) кіреберісті орташа жөндеу жоспарланған.

Сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 10 жаңа туристік нысанның (демалыс үйлері, тамақтану орындары) құрылысы жоспарланған.

Жаз мезгілінде туристер санының көбеюі курорттық аймақтың экологиялық жүктемесіне зиянды әсер етеді. Осыған байланысты жыл бойы туризмді дамытуға және негізгі туристік ағындарды қайта бөлуге басты назар аударылды. «Торайғыров Университет» КЕАҚ басқарманың тапсырысы бойынша «Travel PVL» мобильді қосымшасымен «2025 жылға дейінгі жыл бойғы туризмді дамыту тұжырымдамасын» әзірленді.

Баянауыл курорттық аймағымен қатар Маралды және Тұзқала тұзды көлдерінде емдеу-сауықтыру туризмін дамыту жүргізілуде.

Маралды көлінде демалыс аймағын салу мақсатында «Павлодар» ӘКК» АҚ және «САЯТ–Павлодар» ЖШС 2023 жылға дейін 150 млн теңге сомасына инвестиция салумен «Байжырық» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құрды. Күзет пункті, медициналық пункт, персонал үшін модульдік павильондар, себезгі және санитариялық тораптар, жағажай бастырмалары, шезлонгтар және т. б. орнатылуда.

2021 жылдың 1 маусымынан бастап демалыс аймағы демалушыларды қабылдауға дайын болады.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

2020 жылы 22,2 км су құбыры, 31,3 км кәріз және 37,3 км жылу желілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша жалпы сомасы 10,1 млрд теңгеге 27 жоба іске асырылды.

Сондай-ақ, амортизациялық аударымдар мен коммуналдық кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен 18,8 км сумен жабдықтау желілері, 1,7 км кәріз желілері және 12,2 км жылумен жабдықтау желілері күрделі жөндеуден өтті және қайта жаңартылды.

Осы жобалар мен іс-шараларды іске асыру есебінен қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуі 94%-ға дейін, орталықтандырылған су бұруға қол жеткізуі 87,7%-ға дейін ұлғайды, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы 2%-ға, жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 1,5%-ға төмендеді.

2021 жылы 7,4 км сумен жабдықтау желілерін, 27,3 км су бұру желілерін және 6 км жылумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау бойынша 13,8 млрд теңге сомасына 16 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған (Павлодар қ.). Сондай-ақ, амортизациялық аударымдар мен коммуналдық кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен сумен жабдықтау желілерінің 14,6 км, су бұру желілерінің 1,4 км және жылумен жабдықтау желілерінің 15,9 км күрделі жөндеу және қайта жаңарту орындалатын болады. Осы жобалар мен іс-шараларды іске асыру есебінен қалалар халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуі 95%-ға дейін, орталықтандырылған су бұруға қол жеткізуі 88%-ға дейін ұлғаяды, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын 2%-ға, жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 1,5%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу