Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне шолу: 2021 жылдың қорытындылары

2021 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне коронавирус инфекциясымен ауырғандар санының көп болуына байланысты үлкен жүктеме түсті. Сонымен қатар дәрігерлер жоспарлы медициналық көмек көрсетуді жалғастырды. Отандық медицина саласында қандай өзгерістер болғаны, қандай қолдау көрсетілгені туралы шолу материалынан оқыңыздар.

Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда барлығы мынадай медициналық көмек көрсетілді:

  • Медициналық авиация көмекке 2586 рет қатынады;
  • 4960 медициналық қызмет көрсетілді, оның ішінде:
  • 2615 пациент медициналық ұйымға тасымалданды (53%);
  • 254 кеңес өткізілді (5%);
  • 176 операция жүргізілді (4%);
  • Бейінді мамандарды тарта отырып, қашықтан 1915 медициналық қызмет көрсетілді (38%).

3950 пациентке медициналық авиация түрінде медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде:

  • акушерлік-гинекологиялық патологиясы бар 966 әйелге;
  • Балалар патологиясы бар 947 балаға;
  • Әртүрлі жарақаттары бар 679 пациентке (оның ішінде ЖКО – 277);
  • Қан айналымы жүйесінде аурулары бар 505 пациентке;
  • Даму кемістігі бар 493 нәрестеге;
  • Басқа да аурулары бар 360 пациентке көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасының ауыр жағдайда жатқан 8 азаматы шетелдік клиникалардан (Түркия – 3, БАӘ – 2, Ресей – 2, Грузия-1) тасымалданды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының республикалық және медициналық ұйымдарының білікті бейінді мамандары күндізгі консультативтік көмек көрсету үшін 38 рет ұшты. Донорлық органдар ағзаға орналастыру үшін тиісті медициналық ұйымдарға 4 рет тасымалданды.

Республика бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бару саны 2021 жылдың қорытындысы бойынша 101 199 905 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3%-ға артық (78 866 841). Республика бойынша бір тұрғынға бару саны 5,20 құрады (2020 жылдың сәйкес кезеңінде – 4,11). 

Стационар деңгейінде тәуліктік стационарларға емдеуге жатқызудың жалпы көлемі 4,9%-ға ұлғайды және 2 979 130 жағдайды құрады (оның ішінде МӘМС қоры активтерінің қаражатына 2 017 627 және ТМККК бюджеті бойынша 961 502).

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясы және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін 14 732 инфекциялық төсек-орын орналастырылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы реанимациялық төсектер саны 1674 төсекті құрады.

Қазіргі таңда КВИ диагностикасын 184 зертхана, оның ішінде 97 мемлекеттік зертхана (оның ішінде 19 санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханасы, 78 медициналық ұйымдар зертханасы) және 87 жеке зертхана орындайды. Барлық іске қосылған зертханалардың жалпы қуаты тәулігіне 128 325 зерттеуді құрайды (оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары 27 520 (үлес салмағы 21,5%), жеке меншік 79 318 (үлес салмағы 16,7%), медициналық ұйымдар 21 487 (үлес салмағы 61,8%).

АМСК ұйымы деңгейінде КВИ бар пациенттерге медициналық көмекті 3 054 көшпелі мобильдік бригада көрсетеді, оның ішінде 1752-сі ауылда үйде кешенді қызметтер көрсетеді (дәрігердің тексеруі, ем тағайындау, рецепт жазып беру, манипуляциялар жүргізу, дәрі-дәрмектерді үйге жеткізу және т. б.).

Медициналық ұйымдарды жарақтандыру бойынша қабылданған шаралар медициналық техникамен жарақтандыруды 77%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді, оның ішінде 71,4% – акушерлік және гинекология, 65% – анестезиология және реанимация, 70,7% – педиатрия.

Ауыл халқын қоса алғанда, халықты вакциналаумен қамтуды ұлғайту шаралары қабылданды. Биылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша бірінші компонентпен ел бойынша егілгендердің жалпы саны 10 329 141 адамды, екінші компонентті алғанда 9 778 343 адамды құрады, бұл вакциналауға жататындардың жалпы санының 80%-ын құрайды.

2021 жылы санитариялық авиация көмекке 2586 рет ұшты (2020 жылы – 2125 рет). Қалқанша безінің аурулары бар 217 пациент радионуклидті терапиямен емделді. 410 адам БФЭКТ-КТ зерттеулерінен өтті (КТ зерттеумен біріктірілген бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография, мүшелердің анатомиялық-функционалдық жағдайын бағалау). ЭКҰ жасауға 7 000 квота бөлінді.

2021 жылы бала туудың 7,13%-ға өскені байқалады. 2021 жылы 44 жоғары технологиялық медициналық қызмет енгізілді. Өткен жылы жүрекке 9 503 ота жасалды, 6 424 ашық жүрекке жасалды. Орталық жүйке жүйесі ауруларын радиохирургиялық емдеу үшін Гамма-пышақ орталығы ашылды. Қосымша 4 инсульт орталығы құрылды.

Семей қаласында Ядролық медицина орталығы жұмысын бастады (радиойодтерапия, ПЭТ диагностика). Онкологиялық науқастар үшін жасыл дәліз енгізілді. Қатерлі ісіктерді емдеу үшін қосымша 3 жоғары технологиялық сәулелік терапия аппараты орнатылды.

Онкологиялық қызметті дамыту бойынша қабылданған шаралар қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткішін 6,33%-ға төмендетуге мүмкіндік берді (2020 жылдың 9 айында – 79,2; 2021 жылдың 9 айында – 74,26).

Қазақстанда қолданылатын COVID-19 клиникалық емдеу хаттамасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындады. «Qaz Bio Pharm» ұлттық орталығы құрылды.

Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халық арасында белсенді тұрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Негізінен тақырыптар КВИ алдын алу және оның белгілері, өзін-өзі емдеуге жол бермеу, КВИ-ға қарсы вакциналау мен ревакциналаудың маңыздылығы және жалған ақпаратты жоққа шығару мәселелеріне қатысты болды. КВИ жұқтырған пациенттер, 65 және одан жоғары жастағы адамдар, жүкті әйелдер мен балалар, сондай-ақ динамикалық бақылаудағы созылмалы аурулары бар пациенттер және амбулаториялық деңгейдегі пневмониясы бар пациенттер кіретін тәуекел тобындағы пациенттерге ерекше көңіл бөілнеді. Осы санаттағы адамдарға өз-өзіне диагностика жасауы үшін симптомдардың күнделікті мониторингіне арналған өзін-өзі бақылау чек-парақтары әзірленді.

КВИ мәселелері бойынша кеңес беру үшін Call-орталықтардың жұмысы күшейтілді. 2022 жылға КВИ мәселелері бойынша ақпараттық сүйемелдеудің медиа-жоспары әзірленіп жатыр.

 

Қазақстанда фармацевтика саласының дамуы

Бүгінде елімізде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен медициналық техниканың 96 отандық өндірушісі жұмыс істейді.

2021 жылдың 12 айында 21,3 млрд теңгені (2020 жылға қарай +39%) құраған фармацевтика саласына инвестициялар көлемінің ұлғайғаны байқалды. 2021 жылы Жамбыл облысындағы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ базасында иммунобиологиялық препараттар мен вакциналар (коронавирус инфекциясына қарсы) шығаратын зауыттың іске қосылуымен, сондай-ақ «Химфарм» АҚ зауытының жаңғыртылуымен, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-де жаңа цехтардың іске қосылуымен және т. б. көлем ұлғайтылды.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемі 191,6 млрд теңгені құрады. Фармацевтикалық нарықтың жалпы көлемі 820,2 млрд теңгені құрады.

Жергілікті фармөндірушілер қазақстандықтардың дәрі-дәрмектерге қажеттілігін толығымен қамти ала ма деген мәселеге келетін болсақ, фармацевтика саласының жоғары өсу серпініне қарамастан, отандық өнім әлі де нарықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандырмайды. Фармацевтикалық нарықтың көлемі елдің дәрілік заттарға қажеттілігінің 17-20%-ын ғана қамтамасыз етеді. Алайда, 2015-2021 жылдар аралығында елдегі фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі құндық мәнде 2,5 есеге жуық — 2015 жылғы $168 млн-нан 2021 жылы $443 млн-ға дейін ұлғайды.

ТМККК және МӘМС шеңберінде сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік саясат шаралары, сондай-ақ фармацевтикалық өнімді бөлу Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібінің дамуын қолдаудың тиімді құралына айналды. Соның нәтижесінде мемлекет тарапынан көрсетілген ынталандыру шаралары қазақстандық фармацевтикалық өндірушілердің шетелдік инвесторларды тарту және Қазақстанда шетелдік компаниялардың өндірістерін жергіліктендіру бойынша жоспарлау көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда ТМККК және МӘМС шеңберінде 109,9 млрд теңге сомасына жергілікті өндірістің дәрі-дәрмектері мен медициналық бұйымдары сатып алынды. Оның ішінде 2022 жылғы 17 наурыздағы жағдай бойынша Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына 49,5 млрд теңге сомасына алынған өнім жеткізілді, бұл жылдық сатып алынған көлемнің 45%-ын құрайды. Отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар аясында 105,4 млрд теңге сомасына ДЗ және МБ 840 атауы (280 ДЗ және 566 МБ) сатып алынды, бұл сатып алынған заттардың жалпы көлемінің 51%-ын құрайды (ДЗ және МБ 1623 атауы).

Бүгінде 33 отандық тауар өндірушімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 4 676 атауын (тиісінше 920 және 3 756) жеткізуге жасалған 87 ұзақ мерзімді шарт қолданыста. Оның ішінде 42 ұзақ мерзімді шарт дәрі-дәрмекке және 45 ұзақ мерзімді шарт медициналық бұйымдарға жасалды.

2021 жылғы сатып алу қорытындысы бойынша 21 отандық тауар өндірушіден жалпы сомасы 90,4 млрд теңгеге 627 дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды жеткізуге тапсырыс жасалды. Аталған ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде 13-і толық көлемде іске асырылды, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар жеткізіліп жатыр, 18-і ішінара орындалды.

Денсаулық сақтау министрлігі 2019-2020 жылдары отандық тауар өндірушілермен жасалған ұзақ мерзімді шарттарға егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Мәселен, ДЗ-ның 920 атауын өндіру үшін 42 шарт жасалды, оның 17-сі – ДЗ шығаратын зауыт немесе цех салуды көздейді, 19-ы – қолданыстағы өндірісті жаңғыртуды көздейді. Жаңа дәрі-дәрмектерді шығаруға инвестициялар көлемі 127,04 млрд теңгені құрайды. 2021-2025 жылдар кезеңінде ДЗ жаңа өндірісін іске қосу қорытындысы бойынша ДЗ өндірісінің көлемі жалпы сомасы 257,3 млрд теңгеге 2,1 млрд бірлік өнімді құрайды.

Медициналық бұйымдардың 3 768 атауын өндіру бойынша 46 ұзақ мерзімді шарт жасалды, оның 14-і бойынша медициналық бұйымдар шығаратын зауыт немесе цех салу жоспарлануда, 31-і қолданыстағы өндірісті жаңғыртуды көздейді. Инвестициялар көлемі 34,5 млрд теңгені құрайды, 2021-2025 жылдар аралығында жалпы сомасы 449,2 млрд теңгеге 2,9 млрд бірлік өнім өндіру жоспарланып отыр.

 

Қазақстанның дәрі-дәрмектермен, медициналық жабдықтармен, ауруханалардағы төсек-орындармен қамтамасыз етілуі

Қазақстан Республикасының аумағында КВИ таралуына жол бермеу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарды КВИ емдеу кезінде қолданылатын дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін әзірледі. Осы мақсатта медициналық ұйымдарда, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел жөнелту үшін Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрі-дәрмек қоры құрылды.

2020 жылы 36,8 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. 2021 жылы 33 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. 2022 жылы Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында коронавирустан емдеу кезінде қолданылатын дәрілік заттардың екі айлық азайтылмайтын қоры қамтамасыз етілді.

2022 жылғы 17 наурыздағы жағдай бойынша Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында 2 млрд теңге сомасына дәрілік заттардың 16 атауы бар және 2022 жылы өңірлердің дәрі-дәрмектерді тұтыну фактісі бойынша Бірыңғай дистрибьютордың хабтарында сақталады: Алматы қаласы – 35%, Нұр-Сұлтан қаласы – 30%, Ақтөбе қаласы – 15%, Шымкент қаласы – 20%.

2022 жылдың басынан бері медициналық ұйымдарға 3,9 млрд теңге сомасына дәрілік заттар жөнелтілді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармалары медициналық ұйымдарда коронавирустан емдеу кезінде қолданылатын дәрілік заттардың кемінде екі айлық қорының болуына мониторинг жүргізеді.

Азайтылмайтын қордағы дәрілік заттарды Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдардың өтінімі бойынша сырқаттанушылық күрт өскен және КВИ-дан емдеу кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектерге тапшылық туындаған жағдайда жеткізіп отырады. Медициналық ұйымдарға тиелуіне қарай төмендетілмейтін қор көлемі бір көзден сатып алу жолымен жедел толықтырылады. Азайтылмайтын қор көлемін Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдардың өтінімдеріне қарамастан сатып алады.

Емханаларда 5 атау бойынша екі айлық қор қамтамасыз етілді (Парацетамол және Ибупрофен дене қызуын түсіретін препараттары, Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран антикоагулянттары). 2022 жылғы 17 наурыздағы жағдай бойынша еліміздің емханаларына 1 353,01 млн теңге сомасына дәрілік заттар жөнелтілді, оның ішінде халыққа 299,32 млн теңге сомасына дәрі-дәрмек рецептілер бойынша жіберілді. Емханалар жанындағы дәріханаларда 953,68 млн теңгеге өнім бар.

2021 жылы 13,3 млн астам адамды қамту үшін вакциналардың жеткілікті көлемі қамтамасыз етілді. 11,3 млн адамға 5 вакцина түрі (Спутник V, QazVac, Hayat-Vax, SinoVac, SinoPharm) сатып алынды және жеткізілді. 12-17 жастағы 2 млн жасөспірімге, жүкті және бала емізетін әйелдерге Pfizer вакцинасы жеткізілді.

Биылғы 18 наурызындағы жағдай бойынша вакцинаның бірінші компонентін 9,4 млн адам, екінші компонентін 9,1 млн адам алды. Вакциналау паспорты «Ashyq» қосымшасымен 100% біріктірілді.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар шұғыл шара қабылдады. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында коронавирус инфекциясынан емдеу үшін жалпы сомасы 6,27 млрд теңгеге дәрілік заттардың екі айлық қоры қалыптастырылды. Медициналық ұйымдарда жалпы сомасы 11 млрд теңгеге айлық қор жасақталды.

Коронавирус инфекциясының таралуының барлық сын-тегеуріндерін ескере отырып, төсек қорының дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. КВИ ауруының шарықтау шыңында 50 мыңнан астам төсек-орын және 3 мыңнан астам реанимациялық, резервтік төсек-орын дайындалды. Үш өңірге 3 бірлік жоғары технологиялық зертханалық жабдық жеткізілді. Зертханаларды жарақтандыру және персоналды оқыту бойынша қабылданып жатқан шаралар зертханалардың жалпы қуатын тәулігіне 126 мың зерттеуге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Жедел медициналық көмек қызметінің паркі биыл 2 287 бірлік санитарлық көліктен тұрады. Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды зерттеу үшін Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталық негізінде Постковидтық орталық ашылды.

 

Жас мамандарды жұмысқа орналастыру

Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру аясында 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша денсаулық сақтау саласында 3 525 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 1 673 – тұрақты, 1 852 – уақытша.

Анықтама:

Ақмола облысы – 615 орын (215 тұрақты, 400 уақытша),

Ақтөбе облысы – 299 орын (31 тұрақты, 268 уақытша),

Алматы облысы – 30 орын (30 тұрақты),

Атырау облысы – 8 орын (8 тұрақты),

Шығыс Қазақстан облысы – 113 орын (89 тұрақты, 24 уақытша),

Жамбыл облысы – 450 орын (392 тұрақты, 58 уақытша),

Батыс Қазақстан облысы – 34 орын (14 тұрақты, 20 уақытша),

Қарағанды облысы – 287 орын (287 тұрақты),

Қостанай облысы – 189 орын (189 тұрақты),

Қызылорда облысы – 233 орын (40 тұрақты, 193 уақытша),

Маңғыстау облысы – 660 орын (192 тұрақты, 468 уақытша),

Павлодар облысы – 379 орын (6 тұрақты, 373 уақытша),

Солтүстік Қазақстан облысы – 8 орын,

Түркістан облысы – 40 орын (40 уақытша),

Нұр-Сұлтан қаласы – 180 орын (180 тұрақты).

Жаңа жұмыс орындарының көпшілігі Маңғыстау (660, оның ішінде 192 – тұрақты және 468 – уақытша жұмыс орындары) және Ақмола облыстарында (615, оның ішінде 215 – тұрақты және 400 – уақытша жұмыс орындары) құрылды.

 

Денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымының дамуы

Өңірлік перспективалық даму жоспарлары шеңберінде әкімдіктер өңірлердің денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі іс-шараларды (оның ішінде объектілерді күрделі жөндеу, реконструкциялау, салу) жоспарлы түрде орындалып жатыр. Мәселен, амбулаториялық-емханалық көмектің (бұдан әрі – АЕК) қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы өңірлерде АЕК-ның 70 объектісі (Ақмола облысында – 3, Ақтөбе облысында – 9, Алматы облысында – 26, Атырау облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Қарағанды облысында – 1, Қызылорда облысында – 9, Маңғыстау облысында – 3, Павлодар облысында – 1, Түркістан облысында – 5, Нұр-Сұлтан қаласында – 10) салынып, ашылды. Олар жергілікті бюджет қаражаты, жеке инвестициялар, МЖӘ есебінен, сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы мен Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар 2021 жылдың қорытындысы бойынша 96 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. Республикалық бюджет қаражатына 2021 жылы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Облыстық перинаталдық орталығының, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхананың құрылысы аяқталды, сондай-ақ Жамбыл облысы Тараз қаласында 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы аяқталуға тақап қалды.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық артатын кезге одан әрі дайындау және пандемия жағдайында халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру үшін жергілікті бюджеттен, ҚР Үкіметінің резервінен және демеушілік көмектен қоса қаржыландырумен Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы қаражаты шеңберінде өңірлер әкімдіктері 11 облыс орталығында (Ақмола, Алматы, Атырау (2), Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында) және Алматы қаласында (бұған дейін салынған модульдік ауруханаға қосымша) 13 модульдік инфекциялық аурухана салынды. Ақтау, Атырау және Құлсары қалаларындағы модульді ауруханалар NCOC және «Теңізшевройл» ЖШС жер қойнауын пайдаланушыларының демеушілік қаражаты есебінен салынды.

Қазіргі уақытта модульдік жұқпалы аурулар ауруханалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 мамырдағы ҚР Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 31-тармағын (Кәсіби қызметке кепілдік беруді қоса алғанда, медицина қызметкерлерін заңдық және қаржылық қорғау мен жауапкершілігі жүйесін әзірлеу және енгізу: медицина қызметкерлерінің «өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін» қылмыстық жауапкершілігінің орындылығы туралы мәселені пысықтау) орындау үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне кепілдік беруді қоса алғанда, заң және қаржылық қорғау жүйесін енгізу шеңберінде «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі. 

Жалпы, әлемдегі және елдегі коронавирус инфекциясы бойынша күрделі эпидемиологиялық ахуал ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті одан әрі жетілдіру қажеттілігін анықтады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қайта құрылымдалды. «Биоқауіпсіздік туралы» заң жобасы әзірленді.

Президенттің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын әзірледі.

Қылмыстық-түзету жүйесінің медициналық қызметін ҚР ДСМ қарамағына беру туралы заң жобасы әзірленді.

Индустрия және инновациялық даму министрлігінен Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

Білім беру сапасын арттыру шеңберінде медициналық жоғары оқу орындарында білім беру грантының құны арттырылды. Студенттердің стипендиясы өсті.


 

Қазақстанда өндірілген «QazVac» коронавирус инфекциясына қарсы вакцина

QazVac инактивтендірілген вакцинасы 2021 жылғы сәуір айында шығарылды, осы кезеңде «СҚ-Фармация» ЖШС қоймаларына 1 млн доза вакцина жеткізілді.

2021 жылғы тамызда Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 25 мың дозасы жеткізілді. Вакцина Қырғызстан Республикасында тіркелген, РУ N KG.1.11.159.08560-2021 18.08.2021 ж. Сыртқы істер министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің қатысуымен Индонезия, Иордания, Пәкістан, Таиланд, Колумбия, Иран, Сауд Арабиясы, Египет өкілдерімен тіркеу мүмкіндігі бойынша келіссөздер, сондай-ақ швейцариялық М3 Groupe компаниясымен QazVac вакцинасын ілгерілету және тіркеу үшін келісімге қол қою бойынша талқылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда отандық «QazVac» вакцинасының құны дозасына 2580 теңгені құрайды.

 

Ауылдық аймақтарда және ірі елді мекендерден шалғайда орналасқан жерлерде сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі

Республикада алғашқы медициналық-санитариялық көмекті (АМСК) 5,7 мың АМСК объектісі көрсетеді (5 695: қала – 501, ауыл – 5 194). АМСК ұйымдарында 12 мыңнан астам учаске (1913 педиатриялық, 1129 терапевтік және 9636 ЖПД учаскелері) жұмыс істейді, онда 32 мыңға жуық дәрігер және 73 мыңнан астам орта медицина қызметкерлері еңбек етеді. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 40,5, ҚМЖ – 98,3 құрайды.

Жыл сайын дәрігерлердің жалақысы 30%-ға және орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға артады.

Саланы медицина кадрларымен қамтамасыз ету үшін 2012 жылдан бастап медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен оқыған түлектердің үш жыл бойы міндетті жұмыспен өтеу нормасы енгізілді (мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған медициналық жоғары оқу орындарының 2019 жылғы түлектеріне қолданылады).

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жас мамандарды қолдау және әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылы: 282 маман көтерме жәрдемақы алды, 222-сі – баспана, 92 жас маман басқа да әлеуметтік қолдау шараларына ие болды.

АМСК дәрігерлерінің жүктемесін төмендету мақсатында жалпы практика дәрігерлеріне 480 қосымша қабылдау учаскелері құрылды, 2019-2021 жылдар кезеңінде АМСК-нің 249 объектісі салынып, ашылды. Сонымен қатар 2025 жылға дейін 500-ге жуық АМСК нысанын салу және ашу жоспарлануда, оның ішінде 420-сы ауылда, сондай-ақ 350 АМСК объектісіне күрделі жөндеу жүргізіледі.

Шалғай ауылдарда тұратын халыққа медициналық қызмет қолжетімді болуы үшін көлік медицинасы енгізіліп, дамып жатыр. 2020 жылы 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Осылайша, бүгінде олардың саны 149 құрайды. 2021 жылы 149 жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) 2 542 шалғай ауылдық елді мекеннің 1,8 млн тұрғынын қамтыды, 132 мыңға жуық науқас анықталды. ЖМК халықтың нысаналы тобына скринингтік зерттеулер жүргізеді және сала мамандары консультация беріп қабылдайды, зертханалық және функционалдық зерттеулер жүргізіледі, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында динамикалық бақылауға жататын аурулардың тізбесі бойынша созылмалы аурулары бар науқастарға консультациялық тексеріс жасалады. Тексеріп-қарау қорытындысы бойынша ауру анықталған жағдайда АМСК деңгейінде одан әрі динамикалық бақылауға жіберіледі.

Шалғайдағы ауылдардың тұрғындарына 870 511 диагностикалық зерттеу (2020 жылы – 199 481), 542 956 зертханалық зерттеу (2020 ж. – 183 536), бейінді мамандардың 1 448 600 консультациясы (2020 ж. – 458 785) жүргізілді. Көрсетілген қызметтердің нәтижелері бойынша 132 070 науқас анықталды, оның ішінде 14 630 немесе 11%-ы қант диабетімен ауыратын, 812 немесе 0,6%-ы глаукомамен, 8 850 немесе 6,7%-ы қан айналымы жүйесі ауруларымен, 58 немесе 0,04%-ы әйелдердің сүт безі обырымен және басқа да инфекциялық емес аурулармен ауыратын науқастар. Анықталған науқастардың 17% (22 557 адам) АМСК мамандарының динамикалық бақылауына алынды, оның ішінде 8 806 бала (6,7%) бар. Сондай-ақ 2021 жылы ЖМК коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салуға белсенді түрде тартылды. Осылайша, 141 048 ауыл тұрғыны вакцина алды. Биыл ЖМК жұмысы шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық қызмет көрсету үшін бекітілген кесте шеңберінде жалғасады.

Бұған қоса, ауыл халқына медициналық көмекті ұйымдастыру және оның қолжетімді болуы үшін ауылда 1752 мобильді бригада жұмыс істейді. 2021 жылы ЖРА белгілері бар пациенттер мен COVID-19 жұқтырған науқастар алғашқы жүгінген кезде үйлерде 2 941 103 медициналық қызмет көрсетілді (СOVID-19-ға күдігі бар пациенттерге ПТР тест жасалды). Қашықтан көрсетілетін медициналық қызметтер белсенді түрде енгізіліп жатыр, шамамен 6,4 млн халыққа телемедициналық консультациялар берілді, оның ішінде 1,3 млн-нан астамы ауыл халқына көрсетілді.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша денсаулық сақтау жүйесінде барлық ведомстволарды есепке алғанда 262 200 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 76 443 дәрігер, 185 757 орта медицина қызметкері бар, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында – 32 042 дәрігер, 73 811 орта медицина қызметкері бар. 

Бұл ретте ауылдық жерлерде медицина қызметкерлерінің саны 64 402 адамды құрады, оның ішінде 12 438 – дәрігер, 51 964 – орта медицина қызметкері. Тиісінше 10 мың тұрғынға шаққандағы қамтамасыз етілу көрсеткіші жалпы 87,3 құрады (оның ішінде дәрігерлер – 17,3 және орта медицина қызметкерлері – 70).

Әкімдіктердің алдын ала мәліметтері бойынша, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дәрігерлер тапшылығы 3 931 адамды құрады.

Мамандықтар бөлінісінде ең көп тапшылық жалпы практика дәрігерлері арасында байқалады – 480,5 (оның ішінде ауылда – 178), анестезиолог-реаниматологтар – 416,25 (оның ішінде ауылда – 39,25), терапевттер – 333,5 (оның ішінде ауылда – 75,75), педиатрлар – 256,5 (оның ішінде ауылда – 47,25), акушер-гинекологтар – 233,25 (оның ішінде ауылда – 64,25), инфекционистер – 139 (оның ішінде ауылда – 27), неврологтар – 128,5 (оның ішінде ауылда – 28,5), хирургтар – 147,5 (оның ішінде ауылда – 38,5), онкологтар – 99,5 (оның ішінде ауылда – 30,25), кардиологтар – 93,25 (оның ішінде ауылда – 25,5).

Тапшылықты азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім және ғылым ұйымдарының түлектерін дербес бөлу жөніндегі комиссияның 2021 жылғы 28 қыркүйектегі шешімі бойынша өңірлерге 3034 жас маман жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 90 – бакалавр, 1344 – интерн, 1 255 – резидент, 234 – магистр, 111 – докторант бар.

ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы 2021 жылы 3160-тың 3034-ін (96%) құрады (оның ішінде ауылда – 630-ның 606-ын (96%) құрады, бұл министрліктің әкімдіктермен бірлескен жемісті жұмысының көрсеткіші болды. 2020 жылмен салыстырғанда жұмысқа орналастыру пайызы 43%-ға ұлғайды (2020 жылы – 53%).

Сонымен қатар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 18-тармағына сәйкес саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында министрлік жыл сайын медицина кадрларын даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөледі.

2021 жылы 4 685 орын (оның ішінде бакалаврлар мен интерндер – 2 700 орын, резиденттер – 1500 орын, магистранттар – 325 орын, докторанттар – 160 орын) және денсаулық сақтау кадрларының біліктілігін арттыруға 11 742 орын (оның ішінде 8 140 дәрігер, 3 602 ОМҚ) бөлінді. Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражаты есебінен біліктілікті арттыру шеңберінде 54 мыңға жуық медицина қызметкері оқытылды.

Өңірлерге жұмыс істеуге келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары — жергілікті жерлерде кадрларды ұстап тұрудың маңызды факторы. 

Сондай-ақ кадр тапшылығын шешу аясында Министрлік әкімдіктермен бірлесіп мынадай мәселелерді пысықтауда:

  • өңірдің қажеттіліктеріне сәйкес медицина кадрларын мақсатты даярлау мен оқытуға бөлінетін гранттар, квоталар санын ұлғайту;
  • жергілікті бюджет/медициналық ұйым қаражаты есебінен қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқытуға арналған шығыстарды қоса алғанда, қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін қаражат бөлу (жалға берілетін баспананы қоса алғанда, тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы төлеу, коммуналдық шығыстарды төлеу/қоса төлеу және басқалары);
  • кадрлармен қамтамасыз ету және олардың тапшылығы бойынша көрсеткіштің бірінші басшысының жұмыс тиімділігінің көрсеткішіне қосу;
  • медицина қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеуді енгізу, сондай-ақ «тәлімгерлік» институтын қалпына келтіру;
  • өңірлерде білім және ғылым ұйымдарының филиалдарын ашу мәселелері (Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мысалы бойынша (Павлодар қаласында «Семей қаласының медицина университеті» КЕАҚ филиалы), Атырау, Ақтау қалаларында «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ филиалы ашылды).

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерге жұмыс істеуге келген жас мамандарға 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу көзделеді, бұл 291 700 теңгені құрайды және республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға 0,001% сыйақы мөлшерлемесімен 1500 АЕК (4 375 500 теңге) мөлшерінде кредит беру қарастырылған.

Сондай-ақ әкімдіктер әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларына жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлуді көздеп отыр.


Мемлекеттік медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен жарақтандыру

2021 жылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы барлық денсаулық сақтау ұйымдарына түгендеу жүргізуді тапсырды. Бұл орайда босандыру және жансақтау қызметтеріне баса назар аудару, сондай-ақ оларды медициналық жабдықтармен жарақтандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды.

Түгендеу нәтижелері бойынша медициналық техникамен жарақтану деңгейі 2022 жылдың басында республика бойынша орта есеппен 83%-ды құрады. 2021 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсу байқалады.

 

Отандық медициналық жабдықтарды өндіру

ҚР фармацевтикалық нарығының көлемі ақшалай $1,5 млрд құрайды, оның ішінде ОТӨ үлесі бүгінде – 16% немесе $0,24 млрд.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында 89 кәсіпорын ұсынған отандық өндірісті белсенді дамыту жүріп жатыр, өндірілетін өнім саны 935 дәрілік заттар атауын және 1042 медициналық бұйымдар атауын құрайды.

10 жылға ұзақ мерзімді шарттар жасасу түріндегі мемлекеттік қолдау ОТӨ-ден ақшалай сатып алу көлемін 15,2 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бүгінде Бірыңғай дистрибьютор 35 отандық тауар өндірушімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 4889 атауын жеткізуге 89 ұзақ мерзімді шарт жасады.

Қазіргі уақытта республикада медициналық техниканы өндіретін 15 ірі кәсіпорын бар, оларға рентген жабдықтарын, жылжымалы медициналық кешендер, маммография аппараттарын шығаратын «Актюбрентген»; рентген және зертханалық жабдықтарды, пациенттің мониторларын шығаратын «Қазмедприбор» (Шымкент қ.); ӨЖЖ аппараттарын өндіруші «ОралМедРегион» (Орал қ.), «Аселсан Инжиниринг» (Нұр-Сұлтан қ.); ӨЖЖ жылжымалы аппараттарын өндіру бойынша «Тыныс» АҚ және т.б. жатады. Барлық өндірістік алаңдар ISO:13485 (ISO:9001) халықаралық стандарты бойынша сертификатталған.


Медициналық жабдықтарды сатып алу

«2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы» заң жобасы аясында денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыру көзделген:

  • 2020 жылы – 20 млрд теңге;

  • 2021 жылы – 35 млрд теңге;

  • 2022 жылы – 50 млрд теңге.

Медициналық техника медициналық бұйымдардың айналысы және оларға сервистік қызмет көрсету саласындағы ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес әлемнің жетекші өндірушілерінен сатып алынады. Одан бөлек, «Актөберентген» АҚ-та «СК-Фармация» ЖШС-мен ұзақ мерзімді жеткізу шарты бар. 

Ұзақ мерзімді жеткізу шарты аясында соңғы үш жылда (2018-2020 жж.) Бірыңғай дистрибьютор «Актөберентген» АҚ-тан сатып алған медициналық жабдықтың көлемі 1870 млн теңге сомасына 62 бірлікті құрады, оның ішінде 2018 жылы – 545 млн теңгеге 14 бірлік, 2019 жылы – 573,4 млн теңгеге 17 бірлік, 2020 жылы – 2020 млн теңгеге – 751,6 млн теңгеге 31 бірлік.

2021 жылы 6 облыстың денсаулық сақтау ұйымдары мен басқармаларынан 32 бірлік рентген жабдықтарын сатып алуға 1 140 млн теңге (Солтүстік Қазақстан облысы – 4 бірлік, Қызылорда облысы – 1 бірлік, Батыс Қазақстан облысы – 1 бірлік, Қостанай облысы – 15 бірлік, Павлодар облысы – 6 бірлік және Ақтөбе облысы – 5 бірлік) өтінім келіп түсті.

 

Онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу

Елімізде медициналық көмекті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырылып жатыр.

Кешенді жоспарда төрт бағыт бойынша шаралар көзделген:

І бағыт. «Аурудың алдын алу және тәуекел факторларын басқару»

Елімізде онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау мақсатында жатыр мойыны обырын (әйелдер арасында 30-70 жаста, сүт безін (әйелдер арасында 40-70 жас) және тоқ ішек обырын (ерлер мен әйелдер арасында 50-70 жас) ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі.

Бүгінде Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстары мен Алматы қаласында пилоттық жоба арқылы төмен дозалы компьютерлік томографияның көмегімен өкпе обырының скринингі жасалады. Скринингтік зерттеулер жүргізу кезінде нысаналы топтарды қамту 80%-дан жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі. 2021 жылы жатыр мойыны обыры бойынша скринингтік тексерулермен қамту жоспардан 92,6%-ды; сүт безі обыры бойынша 85,5% -ды; колоректалдық обыр бойынша 95,4%-ды құрады.

ІІ бағыт. «Тиімділігі жоғары ерте диагностиканы дамыту».

2019 жылдан бастап онкологиялық ауруларға күдігі бар науқастарға КТ және МРТ зерттеулер тегін жүргізіледі (ТМККК аясында). 2019 жылы 49 826, 2020 жылы 38 258, 2021 жылы 61 860 зерттеу жүргізілді.

ПЭТ-орталықтарын ұйымдастыру есебінен ПЭТ-зерттеулер қызметтерін ұлғайту бойынша іс-шаралар іске асырылып жатыр (2018 жылы – РДО, 2019 жылы – ЖПБ, 2020 жылы – ҚазОРҒЗИ). 2019 жылы – 7825, 2020 жылы – 12 853, 2021 жылдың 11 айында – 10 497 ПЭТ-қызметі көрсетілді. 2022 жылға жоспар – 29 456 қызмет.

ІІІ бағыт. «Онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу»

Науқастардың кезеңділігін және бағытталуын жетілдіру үшін республикада онкологиялық көмек көрсету үш деңгейге бөлінген: бастапқы – МСАК, екінші (өңірлік онкологиялық орталықтар) және үшінші (республикалық ұйымдар).

2021 жылы Семей қаласында Ядролық медицина және онкология орталығы іске қосылды. Орталықта қалқанша без обырын және тиреотоксикозды емдеуге арналған радиойодтерапия енгізілген (2021 жылы 217 науқас емделген). 

Елімізде 2 томотерапия орталығы жұмыс істейді: 2019 жылдан бастап – ҰҒМО базасында, 2021 жылғы қазаннан бастап – ҚазОРҒЗИ базасында. 

Молекулалық-генетикалық зерттеулердің саны артып келеді. 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға ұлғайды. 

2022 жылы Атырау және Шымкент қалаларында жаңа онкологиялық орталықтардың құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр. 

IV бағыт. «Кадрлық әлеуетті және ғылымды дамыту» 

ҚазҰМУ-да жаңа симуляциялық орталық ашылды, оның базасында жаңа технологиялардың көмегімен робот-симуляторларда мамандар даярланады. 2021 жылы жүргізілген шаралардың қорытындылары бойынша өлім-жітімнің (ОНЭТ деректері бойынша) 4,7%-ға төмендегені байқалады, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 2021 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 72-ні, яғни 13 665 жағдайды (2020 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 75,5, 14 150 жағдай) құрады. 

2021 жылы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен «Геномиканың заманауи тәсілдерін ескере отырып, қатерлі ауруларды ерте диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу және дамыту» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерді орындауға шарт жасасты. Іске асыру мерзімі – 2021-2023 жылдар. Қаржыландырудың жалпы сомасы – 1 206 405,3 мың теңге. 

Күтілетін нәтижелер: 

1) балалардағы өкпе обырын, асқазан обырын, аналық без обырын, колоректалдық обырды, жедел лейкоздарды және экстрагонадты герминогенді жасушалы ісіктерді ерте диагностикалау және скрининг бағдарламалары әзірленетін болады. Бұл қатерлі аурулар мен қатерлі ісік ауруының ерте сатыларын анықтауға мүмкіндік береді. 

2) қатерлі ісіктерді ерте анықтау елдегі онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді азайтуға әсер етеді, онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын арттырады. 

3) ісіктің генетикалық маркерлерін анықтау негізінде қатерлі ісіктерді емдеудің жеке тәсіл беретін мүмкіндіктер: 

- қатерлі ісіктері бар науқастардың өміршеңдігі мен өмір сүру ұзақтығын арттыру; 

- ісікке қарсы емнің тиімділігін арттыру кезінде дәрілік емнің уыттылығын төмендету; 

 - генетикалық өзгерістердің рөлін және отбасы мүшелерінің бірі тоқ ішек қатерлі ісігімен ауырған адамдардың ауыру қаупін анықтау. 

ҒТБ-ны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсері: 

 - онкологиялық науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру, олардың мүгедектігін азайту, еңбекке қабілеттілігін сақтау (бағдарламаны жүзеге асыру кезінде өкпе обырымен бес жылдық өмір сүру деңгейі 6,7%-дан 18-25%-ға дейін ұлғаяды);

- ерте сатыларды диагностикалау, емдеуді дербестендіру есебінен ел бюджетіне экономикалық жүктеменің төмендеуі емдеуге жатқызу санының және онкологиялық науқастарды емдеуге жұмсалатын шығындардың азаюына алып келеді (өкпе обырының 1-сатысын емдеу құны шамамен 500 000 теңгені құрайды, өкпе обырының 3-4 сатысында – 4 5000 000-27 000 000 теңге);

- ҒТБ онкологиядағы клиникалық және профилактикалық зерттеулер инфрақұрылымын құратын база болады, ғылымның практикаға транзитін қамтамасыз етеді, 2023 жылдан бастап елдегі жаңа мемлекеттік онкологиялық бағдарлама үшін негіз болады. 

Ауру көрсеткіштері

2021 жылдың алдын ала қорытындысы бойынша республика халқының сырқаттанушылық көрсеткіші 5%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 51198,5-ті құрады, 2020 жылы аталған көрсеткіш 53909,4 болған. 2021 жылғы алдын ала деректер бойынша ҚЖА сырқаттанушылық көрсеткіші 6,2%-ға төмендеді және 100 мың тұрғынға шаққанда 3000,6-ны құрады, 2020 жылы бұл көрсеткіш 3198,6 болған.

2021 жылғы алдын ала деректер бойынша қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші 13,8%-ға ұлғайды және 2020 жылғы ұқсас кезеңдегі 166-ға қарағанда 100 мың тұрғынға шаққанда 189-ды құрады. 2021 жылғы алдын ала деректер бойынша жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен уланулар саны 17,7%-ға артып, 100 мың тұрғынға шаққанда 2020 жылғы 2262,7-ге қарағанда 2662,7-ні құрады.

Халықтың туберкулезбен сырқаттанушылығын талдау 2021 жылдың алдын ала қорытындысы бойынша бұл көрсеткіштің республика бойынша жалпы 0,8%-ға шамалы өскенін көрсетеді, ол 100 мың тұрғынға шаққанда 2020 жылғы 35,7-ге қарағанда 36-ны құрады.

Республикада инфекциялық аурулардың көбі бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2021 жылы республика халқының арасында тырысқақ, оба, паратиф, іш сүзегі, сіреспе, дифтерия, полиомиелит, қызамық, висцеральды лейшманиоз, пастереллез, трихинеллез аурулары тіркелген жоқ.

Туляремия, құтыру, безгек, сіреспе, көкжөтел, қызылша ауруларының оқшауланған жағдайлары тіркелген. Қызылша 1699 есе өсті (2020 ж. – 3270, 2021 ж. – 2), көкжөтел – 54 есе (2020 ж. – 54, 2021 ж. – 1).

2020 жылмен салыстырғанда адамдар тұмаумен 4,9 есе жиі аурған (2020-2678, 2021-569), тері лейшманиозбен – 4 есе (2020 ж. – 79, 2021 ж. – 20), А вирустық гепатитімен – 3,5 (2020 ж. – 501, 2021 ж. – 147), менингококк инфекциясымен ауыру 41%-ға төмендеді (2020 ж. – 36, 2021 ж. – 22) бруцеллез – 14,5%-ға (2020 ж. – 504, 2021 ж. – 448), скарлатина – 13,8%-ға (2020 ж. – 2181, 2021 ж. – 1954) описторхоз 11,6%-ға (2020 ж. – 367, 2021 ж. – 337)), шешек ауруы – 9,6%-ға (2020 ж. – 17463, 2021 ж. – 16414), қышыма – 10 жағдайға, вирусты кене энцефалиті – 7 жағдайға, эпидемиялық паротит – 6 жағдайға, сальмонеллез – 5 жағдайға, лямблиоз – 4 жағдайға.

2021 жылы республика бойынша 832 840 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелген, сырқаттанушылық 5,2 есеге, зертханада расталмаған 37953 жұқтыру жағдайына өскен.


Медицина кадрларын даярлау

Коронавирус пандемиясы медицина кадрларын даярлау ісіне түзетулер енгізді. Денсаулық сақтау министрлігі балалардың жұқпалы аурулары, жалпы гигиена, жалпы эпидемиология, клиникалық эпидемиология, жұқпалы аурулар, жедел медициналық көмек, ішкі аурулар және балалар аурулары, пульмонология сияқты пәндердегі биологиялық қауіпсіздік бағыты бойынша тақырыптарды күшейтті.

Интерндер мен резиденттер үшін эпидемиология, патогенез, клиника, диагностика, дифференциалды диагностика және COVID-19 коронавирус инфекциясын емдеу бойынша қосымша семинарлар мен дәрістер өткізілді, олар ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларымен танысып, вебинарларға қатысты. Оқытудың барлық деңгейінде пәндердің санитарлық-гигиеналық компоненті күшейтілді, сондай-ақ резидентура деңгейіндегі білім беру бағдарламалары өзектендірілді. «Эпидемиология», «Гигиена» мамандықтары бойынша бейіндік магистратура бағдарламалары қосымша әзірленді.

2021 жыл ішінде пандемияға қатысты мәселелер бойынша 60 мыңнан астам медицина қызметкерлері үшін қысқа мерзімді курстар өткізілді. Республикалық бюджет аясында бүгінде 15 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды, олардың ішінде 8 мыңнан астамы инфекциялық аурулар эпидемиологиясы және биоқауіпсіздік, инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және тиімді емдеу курстары бойынша оқытылды. Қайта даярлау қорытындысы бойынша резервті 150 эпидемиолог, 100 инфекционист және 165 жедел шұғыл медициналық көмек дәрігері толықтырады.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен маманданулар номенклатурасына жаңа мамандықтар енгізілді — «кинезотерапия», «эрготерапия», «ядерная медицина», «гериатрия». Бұл мамандықтарды енгізу уақыт сұранысына сай болды, пандемияға қатысы жоқ.

2021 жылы түлектер саны 9337-ні құрады, олардың ішінде білім деңгейі бойынша:

  • бакалавриат – 976,
  • интернатура – 4950,
  • резидентура – 2703,
  • магистратура – 524,
  • докторантура – 184.

2021-2022 оқу жылында «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша бакалавриатқа түсуге үміткерлер саны 25 718 талапкерді құрады, оның ішінде ең танымал мамандықтар: «Жалпы медицина» – 12 218 (үміткерлердің жалпы санының 47,5%-ы), «Педиатрия» – 4259 (16,5%-ы), «Қоғамдық денсаулық» – 3 628 (14,1%-ы), «Фармация» – 2716 (10,5%-ы), «Стоматология» – 1745 (6,7%-ы).

Коронавирус инфекциясының пандемиясы білім беру процестеріне, соның ішінде медицина саласына үлкен әсер етті. Алғаш рет медициналық білім беру қашықтан жүзеге асырыла бастады. Бакалавриат студенттері қашықтықтан оқыды, ал интерндер мен резиденттер ауруханаларда жұмыс істеп жүріп, онымен қоса оқып жүрді. Сондай-ақ студенттер барлық санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтай отырып, аралас түрде оқыды.

Халықаралық деңгейде осы бағыттар бойынша ғылыми зерттеулердің қарқынды дамуын, жаңа технологиялардың дамуын ескере отырып, медициналық жоғары оқу орындарының қолданыстағы оқу бағдарламалары үнемі өзектендіріліп отырады. 2020-2021 жылдары санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты барлық білім беру бағдарламаларында биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қорғау мәселелеріне баса назар аударылды.

2022 жылы медициналық-профилактикалық (санитариялық-гигиеналық) бейіндегі мамандар үшін «Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр. Аталған білім беру бағдарламасының контентіне «Эпидемиология негіздері», «Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу», «Қоршаған орта гигиенасы», «Еңбек гигиенасы» және басқа да пәндер кіреді. Профильді пәндер циклі тек санитарлық-гигиеналық пәндерден тұрады.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына тапсырмасын жаңа жағдайда орындау мақсатында: дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жүргізілп жатыр.

74 мыңнан астам дәрігердің жалақысы өстң, қамту 100%-ды құрады.

Мысалы:

дәрігердің орташа жалақысы 2020 жылы 189,3 мың теңгені құрады, 246,1 мың теңгеге дейін немесе 30% өсті;

- 2021 жылы 320 мың теңгеге дейін немесе 30% өсті;

- 2022 жылы өсім 415,9 мың теңгені немесе 30%-ды құрады.

Жалақының өсуі 173 мыңнан астам орта медициналық персоналды, оның ішінде жедел медициналық көмек фельдшерлерін қозғады, қамту 100%-ды құрады.

Орта медициналық персоналдың орташа жалақысы 2020 жылы 120,5 мың теңгені құрады, 144,6 мың теңгеге дейін немесе 20% өсті;

- 2021 жылы 173,5 мың теңгеге дейін немесе 20% өсті;

- 2022 жылы 208 мың теңгеге дейін немесе 20% өсті.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына тиісті толықтырулар енгізілді.

ТМККК аясында және ММС жүйесінде қаржыландырылатын денсаулық сақтау субъектілері шығыстарға медициналық қызметтерге тарифтерді ұлғайту арқылы жетті. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр және 2023 жылға қарай дәрігердің орташа жалақысын 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерінің жалақысын 249 мың теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.


Денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер мен жаңалықтар

ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті 2021 жылы денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесін дамыту үшін нақты жұмыс жүргізді:

  • медициналық мамандықтар бойынша білім беру грантының құны артты (бакалавриат – 59%, магистратура-26%, дәрігер-резидент – 83%, докторантура – 2,5%);
  • бакалавриат студенттерінің шәкіртақы көлемін 92%-ға арттыру бойынша бекітілген шәкіртақы көлемі – 50 400 теңге (алдыңғы – 26 186 теңге); дәрігер-интерн 25%-ға – 59 289 теңге (47 431 теңге); дәрігер-резидент – 15%-ға – 88 494 теңге (76 951 теңге), магистранттар – 88 494 теңге (76 951теңге); докторанттар – 172 500 теңге (150 000 теңге).
  • денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды (МЖМБС) әзірлеу;
  • «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бағдарлама толығымен қайта қаралды, ол әзірленген жаңа МЖМБС-да «Қоғамдық денсаулық» болып өзгертілді, енді осы бағдарлама бойынша оқу мерзімі 5 жыл болады. СЭС кадрларын даярлау «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасы аясында жүргізіледі;
  • саланың бәсекеге қабілетті мамандарын дайындау үшін біріктірілген даярлау бағдарламасы (6 жыл) әзірленді;; 
  • резидентурада медицина кадрларын даярлауға мемлекеттік тапсырысты бөлу тетігі қайта қаралды.

2021 жылы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысына КВИ бойынша эпидболжау және бағалаудың заманауи моделі алғаш рет әзірленіп, енгізілді. Осы мақсатта ҚР ДСМ жанында КВИ ахуалды болжау бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Қазіргі жағдайды бағалаудың күнделікті матрицасының негізінде оптимистік, пессимистік және реалистік үш сценарий бойынша КВИ жұқтыруды орта мерзімді және қысқа мерзімді болжау енгізілді.

Сол жылы Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдардың жобаларын әзірледі. Негізгі заң жобасы 8 тараудан және 32 баптан тұрады, ілеспе заң жобасы 3 кодекс пен 10 заңды қоса алғанда, 13 заңнамалық актіге өзгерістер енгізеді.

Заң жобаларының негізгі мақсаты – биоқауіптерді анықтау, алдын алу және алдын алу жүйесінің құқықтық негіздерін құру. Заң жобасында негізгі биоқауіптер: аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары, халық пен жануарлардың көші-қоны нәтижесінде қауіпті инфекциялардың әкелінуі, тауарлардың айналысы, ПБА-ның реттелмейтін айналысы, төтенше жағдайлар нәтижесінде жоғары қауіптілік көздеріне әсер ету және биоқауіпсіздік саласында білікті кадрлардың тапшылығы белгіленген.

Алғаш рет халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету процестерін цифрландыру және автоматтандыру басталды. Отандық АТ-компаниялармен COVID-19 бақылау орталығы, ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы, БХТ-ның «Вакциналау» модулі сияқты ірі ИТ-жобалар өндіріліп, енгізілді. Еуразиялық даму банкінің «Covid-19-сыз саяхаттаймын» мобильді қосымшасымен, «Ashyq» мобильді қосымшасымен интеграциялау арқылы мемлекеттік шекарадан өткен кезде ҚР азаматтарының ПТР-тестілерінің нәтижелерімен алмасу жүзеге асырылды.

Осылайша, цифрландыру санэпидқызметке эпидемиологиялық сын-тегеуріндерге бірлесіп жедел ден қою мақсатында әртүрлі органдар мен ұйымдардың бытыраңқы күштерін біріктіруге, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың қазіргі заманғы алгоритмдерін әзірлеуге, сырқаттанғандардың, ауру жағдайларының бірыңғай дерекқорын құруға, органдар мен елдер арасында жедел ақпарат алмасуға, эпидемиологиялық жағдайды бағалау, талдау және болжау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді.


Медицинада жоғары технологияларды қолдану

Гамма пышақ – бұл мидың ісіктерін, тамырлы және функционалды ауруларын емдеуге арналған радиохирургиялық қондырғы. Жұмыс принципі 192 кобальт-60 көздерінен радиоактивті сәулелену қолданылады, оның сәулелері патологиялық фокустың аймағында жиналады және біріктіріледі. Олар ісік жасушаларының ДНҚ-сын бұзады. Бұл жағдайда мидың сау тіндері және науқастың бүкіл денесі сәулеленбейді. Операция бір реттік, сәулелік терапия сияқты бірнеше сатыда жүргізудің қажеті жоқ. Осыған байланысты бүгінде Гамма пышақ – радиохирургиялық емдеудің «алтын стандарты». 

Гамма пышағының артықшылықтары:

  • баға қатынасы;
  • тиімділігі;
  • уақыт үнемдеу;
  • қысқа уақытта стационарда болу;
  • жергілікті анестезия;
  • жоғары дәлдік;
  • кесу және трепанация жоқ;
  • қан жоғалтудың, ликвореяның, инфекциялық асқынулардың болмауы;
  • қауіпсіздік және ауырмауы.

Гамма-пышақты қолдана отырып емдеу үшін науқастарды таңдау кезінде ісік пен мидың тамырлы зақымдануының белгілі бір мөлшері ескеріледі. Сонымен қатар гамма-пышақ мидың өмірлік маңызды құрылымдарында орналасқан бірнеше ми метастаздарын емдеуде қосымша хирургиялық қауіп-қатерсіз қолданылады.

2021 жылғы 27 мамырдан 2022 жылғы 30 наурызға дейінгі кезеңде гамма-пышақты қолдана отырып, ми ісіктері бар 360 науқас емделді (2021 жылы – 263).

2019-2020 жылдары 56 науқас шетелге емделуге жіберілді (ДБ-мен: вестибулярлық шваннома, менингиома, артериовеноздық мальформация, эпендимома және мидың басқа да патологиялары). Бүгінде гамма-пышақпен емдеуді қажет ететін пациенттер «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ емделе алады.

Ядролық медицина — радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы диагностикалау мен емдеудің заманауи бағыттарының бірі. Қазақстанда 2021 жылдың тамыз айында Семей қаласында алғашқы ядролық медицина және онкология орталығы ашылды. Бұл орталықтың жұмыс принципі — әртүрлі ауруларды диагностикалау және емдеу үшін радиофармпрепараттарды қолдану. Жұмыста орталық пен ядролық физика институтында өндірілетін отандық радиофармпрепараттар ғана пайдаланылатын болады.

Маңызды бағыттардың бірі — радионуклидтік терапияны енгізу. Радионуклидтермен емдеуді отандық денсаулық сақтау саласындағы ең тапшы медициналық процедуралардың тізіміне жатқызуға болады. Біздің көптеген азаматтарымыз осы емді алу үшін шетелге шығуға мәжбүр болды. Аталған терапия 2021 жылы Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы базасында енгізілді, 2021 жылы 217 науқас емделді.

Одан бөлек, аталған орталық базасында қысқа өмір сүретін радиофармацевтикалық препараттардың өзіндік өндірісін жолға қоюға және ПЭТ/КТ зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін циклотрон іске қосылды.ПЭТ зерттеу — бұл адамның ішкі ағзаларын зерттеудің радионуклидті томографиялық түрі және ядролық медицинаның бір түрі. ПЭТ аппаратында онкологияда, кардиологияда және неврологияда қолданылатын радионуклидтік диагностика жүргізіледі.

ДДҰ ұсынымдарына сәйкес бір ПЭТ-орталық 1 млн халыққа арналған. Қазақстанда ПЭТ-орталықтармен қамтамасыз ету 1 млн халыққа 0,02 ПЭТ құрайды (Еуроодақ елдерінде – 1,8).

Бүгінде Қазақстанда 4 ПЭТ-орталық жұмыс істейді: Нұр-сұлтан қаласында – 2 (БУДП, РДО), Алматы қаласында (ҚазОРҒЗИ – «Орхун» ЖШС), Семей қаласында – 1 (Ядролық медицина және онкология орталығы).

Одан бөлек, МЖӘ жобалары аясында үш ПЭТ-орталығын ашу жоспарланған: 2022 жылы Астанада (ПІБ МОА), Шымкент, Қарағанды қалаларында. 2023 жылы – Нұр-Сұлтанда (ҰҒОО), Ақтөбе қаласында.


Дәрілік заттарды цифрлық таңбалау

Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жөніндегі жобаны іске асыру аясында пилоттық жоба аяқталды. Дәрілердің әрбір қаптамасына цифрлық код беру елдегі дәрілік заттардың көлеңкелі айналымын азайтуға, халық үшін сапалы және қауіпсіз препараттардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

І кезеңде міндетті түрде таңбаланып, қадағаланатын дәрілік заттардың тізбесі құрылды. Нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп, келісіліп жатыр. Дәрілік заттарды цифрлық таңбалау мен бақылап отыруды кезең-кезеңімен енгізу 2022 жылғы 1 шілдеден бастап жоспарланып отыр. ДЗ-ның 90 атауы, 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап – тізбені кезең-кезеңімен 20%-ға дейін кеңейту.


Дәрі-дәрмектердің бағасын белгілеу

Қазақстанда көтерме және бөлшек саудада дәрілік заттардың 7 256 сауда атауына шекті бағалар бекітілді. Бұл дәрі-дәрмектердің 6600 сауда атауына шекті бағаны (90%) өткен жылдың деңгейінде қалдыруға, 153 препараттың шекті бағасын төмендетуге (2%) мүмкіндік берді. 503 препараттың (7%) шекті бағасы өндіруші зауыттың бағаны көтеруі себебінен көтерілді.

Сондай-ақ дәрілік заттардың бағаларын кезең-кезеңмен қайта реттеуді енгізу бойынша өзгерістер енгізілді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларының жобасы әзірленді, онда реттеуге жататын дәрілік заттарды іріктеу бойынша өлшемшарттар айқындалды (бәсекелес ортаның болуына қарай – үш аналогтан және өндірушілерден артық емес, рецептуралық ДЗ). Осы жоба қабылданғаннан кейін көтерме және бөлшек саудада бағасы реттелетін дәрілік заттардың тізбесі бекітіледі.

2014 жылғы 23 желтоқсандағы «ЕЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» қаулы жобасы әзірленіп, бекітілді. Өзгерістер енгізу ұлттық тіркеу режимін 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін бір жылға ұзартуды көздейді. Бұл шешім Қазақстан Республикасының, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына медициналық бұйымдарды әкелу және өткізу проблемаларын болдырмауға мүмкіндік береді.

 

Медициналық көмек көрсету саласындағы бақылау

5 685 жағдайда науқастардың сапалы медициналық көмек алу құқығы қорғалды (негізділігі – 31,2%). Медициналық көмектің сапасына қанағаттану 73%-ды құрады (бағалау мобильдік қосымшалар арқылы жаппай әдіспен жүргізілді).

Медициналық көмекті ұйымдастыру стандарттарының сәйкестігіне кәсіби бақылаумен 256 медициналық ұйым (238 мемлекеттік, 18 жеке меншік) қамтылды, 2137 өрескел бұзушылық анықталды, 223 ұйғарым берілді, оның 188-і орындалды.

Білімді тәуелсіз бағалау арқылы 37 532 медицина қызметкері сертификатталды (клиникалық практикаға жіберілді). Міндетті рұқсаттық бақылау нәтижелері бойынша медициналық қызметке 4991 лицензия берілді.

Медициналық көмек сапасының 500-ден астам тәуелсіз сарапшыларының тізілімі жасалды.

Ұлттық стандарттар бойынша аккредиттелді:

  • тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы (9), Білім мен дағдыларды бағалау орталығы, Ұлттық аккредиттеу орталығы;
  • ТМККК / МӘМС жеткізушілерінің 46%-ы – 420 медициналық ұйым, оның ішінде 276 мемлекеттік және 143 жеке меншік, халықаралық стандарттар бойынша (JCI) – 8 клиника.

135 038 рецепт бойынша дәрілік препараттарды жазып беру негізділігіне талдау жүргізілді, оның ішінде (30,6%) 41 334 препарат (30,6%) негізсіз берілген.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу