Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Электронды аукциондарға көшу, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске түзетулер енгізу және газ өндіру — Ж. Қарағаев жер қойнауын пайдалану саласының дамуы туралы

Жұма, 06 Тамыз 2021, 18:03:07

ҚР Энергетика министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістер енгізуге бастамашылық етеді. Өзгерістер көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукциондар өткізудің ашықтығын жақсартуға бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев хабарлады.

2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап тәуелсіздік жылдарында министрлік алғаш рет жер қойнауын пайдалануға электрондық аукцион өткізуді ұйымдастырды. Аукцион арқылы жерді иелену емес, уақытша жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өткен жөн. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекспен реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер ҚР Энергетика министрлігі жанындағы жер қойнауын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралатын болады. 

2020 жылғы 23 желтоқсанда өткен бірінші электрондық аукцион бойынша қол қойылатын бонустың жалпы сомасы 61 млрд теңгеге 8 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион жеңімпаздары анықталды. «Сағыз», «Қарабау», «Бегайдар», «Балқұдық» және «Қошалақ» учаскелері бойынша аукционның 5 жеңімпазынан 1,5 млрд теңге сомасында қол қою бонустары келіп түсті, барлық учаскелер бойынша келісімшарттар жасалды. «Сарайшық» және «Забурунье» учаскелері бойынша 59,6 млрд теңге сомасындағы қол қою бонустары бюджетке түспеді. 

Қазіргі уақытта көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның осы учаскелер бойынша жеңімпазы туралы шешімі жойылды, учаскелер аукционға қайта қойылатын болады. 

2021 жылғы 23 сәуірде өткен екінші аукционның қорытындысы бойынша бюджетке түскен 10 жер қойнауы учаскесі бойынша қол қою бонусының жалпы сомасы шамамен 9,3 млрд теңгені құрады және бүгінгі күні барлық объектілер бойынша келісімшарттар жасалды. 

Екі электрондық аукцион өткізу нәтижесінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске электрондық аукцион өткізу бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады, атап айтқанда: 

  • қол қою бонусының бастапқы мөлшерінен кем емес мөлшерде аукционға қатысушылардың кепілдік жарнаны енгізуі; 
  • аукцион жеңімпазы қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін төлемеген жағдайда, екінші қатысушыны аукцион жеңімпазы деп тану; 
  • жылына 2 реттен артық емес аукцион өткізуге шектеуді алып тастау мәселесі пысықталуда.

Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия алынатын газ қорларын 3,8 трлн кубометр деңгейінде бекітті. Барланған газ қорларының шамамен 98%-ы Қазақстанның батысында, бұл ретте 87%-ы – ірі мұнай-газ және мұнай-газ конденсаттық кен орындарында шоғырланған. 

Республикада өндірілетін газдың құрылымы негізінен ілеспе мұнай газы болып табылады, Қазақстанның табиғи газ және газ конденсаттық кен орындарына Амангелді және Шағырлы-Шөмішті кен орындары жатады. 

Қазақстандағы газ өндірудің 90%-ын Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз және Жаңажол жобалары қамтамасыз етеді.  

Жалпы республика бойынша 79 газ өндіруші компания бар, оның ішінде шамамен 23 компания газды ішкі нарықты және экспорттың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газтранспорттық жүйеге өткізеді. Сонымен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикадағы мұнай-газ өндіруші компаниялардың газ өндіруі 55,1 млрд куб метрді құрады, бұл 1991 жылғы (7,9 млрд куб метр) газ өндіру деңгейінен 7 есеге жоғары. Бұл ретте, өндірілген ілеспе мұнай газының шамамен 17,3 млрд куб метрі (31%) қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қабатқа кері айдалған, 10,1 млрд куб метрі (18%) жер қойнауын пайдаланушылардың өзіндік технологиялық қажеттіліктеріне, электр энергиясының өндірісіне жаратылған. Қайта өңделген 27,7 млрд куб метр көлеміндегі газдың 17 млрд куб метрі (62%-ы) ішкі нарықтың қажеттіліктеріне және  10,7 млрд куб метрі (38%-ы) экспортқа жолданды. 

Газ қорлары бойынша Қазақстан әлемде 22-ші және ТМД-да Ресей мен Түрікменстаннан кейінгі 3-орында тұр.

«Егер 1991 жылы газ өндіру тек ішкі нарыққа жолданатын 7,9 млрд м3 құраса, қазіргі таңда жаңа газ тұтынушы жобалардың іске қосылуын және газдандыруды ескере отырып, қажеттілік 10 млрд м3 дерлік ұлғайды. Жақын келешекте, біздің болжамдарымызға сәйкес, елдің ішкі нарығындағы тұтыну өсетін болады және 2025 жылға қарай 25,7 млрд м3-ге және 2030 жылға қарай 30,2 млрд м3-ге жетеді», — деді Жұмабай Қарағаев.

Вице-министр артып келе жатқан қажеттілікті жабу жаңа кен орындарын іске қосу есебінен болады деп күтілуде екенін атап өтті. 

9 жер қойнауын пайдаланушымен 187 млрд м3 алынатын газ қорлары бар 11 кен орнын барлауға және өндіруге келісімшартқа қол қойылды.

«Аталған кен орындарын уақтылы іске қосылуы, сондай-ақ қосымша газ өңдеу қуаттарының пайдалануға берілуі газ көлемінің  2025 жылы жылына 8,1 млрд м3 және 2030 жылы 8,4 млрд м3 болып ұлғаюына алып келетіні болжануда», — деді Ж. Қарағаев.

Сонымен қатар, Ж. Қарағаевтың айтуынша, Қазақстан 2022 жылдың қаңтарында сұйытылған газдың электрондық сауда-саттығына толығымен көшеді. Ол үшін Қазақстан «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңға тиісті түзетулер қабылдады.

«Осы түзетулер шеңберінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен сұйытылған мұнай газын 2021 жылдың соңына дейін СМГ-ны өткізудің жалпы көлемінен 80%-ға дейін ЭСА-ға кезең-кезеңімен көшіру көзделген кесте келісілді», — деді энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев. 

Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар және СМГ-ны топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұтынатын абоненттер үшін ғана бұл ескерілмейді.

Ағымдағы жылғы шілдедегі жағдай бойынша СМГ көлемінің 50%-ы тауар биржалары арқылы өткізіледі.

Бұдан басқа, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап газ желісі ұйымдарын аккредиттеу институтын жою көзделуде. 

Ж. Қарағаевтың айтуынша, электронды сауда-саттыққа көшу саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады және ТМД-да экономикалық негізделген баға белгілеуді қалыптастырады, бұл өндіруші зауыттарды жаңғыртуға мүмкіндік береді. Биржада сату нарықтағы мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз етеді және сұйытылған газдың көлеңкелі экспортын болдырмайды деп болжануда.

ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Көмірсутектер кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия мұнай-газ кен орындарын барлауға және/немесе өндіруге лицензия алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын кен орындарының жобалау құжаттарын келіседі. Оларға барлау жұмыстарының жобалары, сынамалы пайдалану жобалары және көмірсутегі кен орындарын әзірлеу жобалары жатады.

«2021 жылдың 1 жартыжылдығында орталық комиссияның 5 отырысы өтті, онда 51 жобалау құжаты қаралды. Оның ішінде 38 жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды», — деді ҚР энергетика вице-министрі.

Ол 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырағанын еске салып өтті. Олар тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібіне қатысты, жер қойнауын пайдаланушылардың жобалау құжаттарын келісетін комиссия мүшелерінің саны артты. 

Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы мен тәуелсіз сарапшы (бұрын БӘОК өтінім беретін жер қойнауын пайдаланушы тартқан) арасындағы байланысты болдырмау үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуелсіз сараптама жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі функция тәуелсіз сараптама операторы атынан «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ға жүктелді. Бұдан басқа, тәуелсіз сараптама жүргізу кезінде сарапшылар саны бірден үшке дейін ұлғайтылды. 

Қосымша нормативтік-құқықтық актілер қабылданды: 

  1. Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидалары.
  2. Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптар. 

Көрсетілген бұйрықпен алғаш рет тәуелсіз сарапшыларды іріктеу бойынша талаптар қойылды. Комиссия құрамы 22-ден 33 адамға дейін ұлғайды, оған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері және көмірсутек саласындағы сарапшылар кірді. 

2020 жылы Орталық комиссияның 9 отырысы өтті, оның шеңберінде 107 жобалау құжаты қаралды. Оның ішінде 88 жоба жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алса, 19 жоба теріс қорытынды алды.

2021 жылдың қаңтар-маусымында көмірсутегі, газбен жабдықтау және мұнай өнімдері саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде Энергетика министрлігі 94 тексеруді аяқтады. Оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 62 (газ желісі ұйымдарын аккредиттеу, көмірсутектер саласындағы лицензиялау), жоспардан тыс тексерулер – 20.

«Жалпы сомасы 38,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, өндірілді. Бірінші жартыжылдықта жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 739,6 млн теңге сомасында залал есептелді, оның ішінде 712 млн теңге өндірілді», — деді Жұмабай Қарағаев.

Оның мәліметінше, 2020 жылы Энергетика министрлігі 169 тексеру жүргізген, оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 125. Нәтижесінде 47,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, өндіріп алынды, жер қойнауын тиімсіз пайдаланғаны үшін шағымдар 1 млрд 833 млн теңгені құрады, оның 646 млн теңгесі төленді. 

«Қалған 1 млрд 187 млн теңге сомасына жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін залалды өндіріп алу бойынша жұмыс жүріп жатыр», — деді Ж. Қарағаев.


 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.