Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Егіс алқаптарын кеңейту, тұқым шаруашылығын дамыту және жайылымдық жерлерді жаңғырту — Қазақстанда құрғақшылықпен қалай күресу көзделген

Бейсенбі, 12 Тамыз 2021, 20:17:13

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығы министрінің м. а. Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы құрғақшылықтың салдары мен жемшөп дайындау бойынша қабылданып жатқан шаралар тақырыбында брифинг өтті.

Биыл Қазақстанда құрғақшылықтан мал шаруашылығы саласында күрделі жағдай қалыптасты. Әсіресе, Маңғыстау, Қызылорда облыстары зардап шекті. Құрғақшылықтың теріс салдары қолайсыз ауа райы құбылыстары ықпалында қалған басқа облыстардың жекелеген аймақтарында да байқалады.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, республикада жыл сайын мал азығы зоотехникалық қажеттілік нормасынан 2 есе аз өндіріледі. Сонымен қатар жем-шөптің осы көлемінің шамамен 70%-ы негізінен табиғи шабындықтарда және шабындық деп аталатын жайылымдарда жиналады, олардың өнімділігі толығымен ауа-райына байланысты. Министрдің міндетін атқарушы атап өткендей, бұл мал өнімділігінің төмендігінің негізгі себептерінің бірі.

«Бізде егіс айналымындағы жем-шөп дақылдарының үлесі 15% деңгейінде, бұл ғылым ұсынған көрсеткіштен 2 есе төмен. Осылайша, мал шаруашылығын дамытудың негізгі қағидаттары бұзылып, мал басының көбеюі жем-шөп базасын нығайтпастан жүзеге асырылды деп айтуға болады», — деді ол.

Сондай-ақ Е. Қарашөкеев асыл тұқымды аналық мал басын жаппай импорттау есебінен мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасының дамуын айтарлықтай тежейтін себептердің бірі «мал шаруашылығын табысты дамытқың келсе, жемшөптің жеткілікті екеніне көз жеткіз» базалық қағидатының сақталмауы болды деген пікір білдірді.

ҚР АШМ басшысының м. а. Маңғыстау облысын мысалға келтірді. Мәселен, статистика деректері бойынша кеңес заманында малдың барлық түрінің 732 мыңға жуық басы болған. Мұндай мал басы үшін жалпы ұзындығы шамамен 260 км болатын су құбырлары мен 43 тоған, 3400 шахта мен құбырлы құдықтар салынып, жұмыс істеген. Сондай-ақ мемлекет тарапынан жайылымдарды жақсарту және олардың өнімділігін сақтау жөніндегі іс-шаралар іске асырылды. Қазір облыста 840 мыңға жуық мал басы бар, яғни оның жалпы саны 15%-ға өсті. Ал құдықтар саны 2500-ге дейін қысқарды, дегенмен 2014-2020 жылдар аралығында 387 құдық пен ұңғыма салынды және қалпына келтірілді. Бұдан өзге жайылымдардың өнімділігін арттыру бойынша іс-шаралар іс жүзінде жүргізілген жоқ. Яғни, қатты құрғақшылықтың әсерінен жайылым жерлердің азайғаны байқалады, өкінішке орай, мал шаруашылығының дамуы осыған негізделген.

Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығы жем-шөп базасының проблемаларын шешу үшін ауа райы факторларының әсеріне қарамастан саланың тұрақты дамуына кепілдік беретін жүйелі шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті. Ең алдымен, егіншілікте нақты әртараптандыруды жүргізген жөн.

«Оған қол жеткізу үшін жер пайдаланушылар ғылыми негізделген ауыспалы егісті қатаң сақтауы қажет. Өкінішке орай, бұл дұрыс жасалып жатқан жоқ. Мысалы, жер пайдаланушы жер учаскесін жалдау шартында ауыспалы егісті сақтауға міндеттеме алады. Алайда, бақылаудың тиімді тетіктерінің болмауына байланысты олар іс жүзінде қағаз бетінде қалды. Жергілікті жерлердегі жер инспекциясының қазіргі саны мен шектеулі техникалық жарақтандырылуы бақылау проблемасын шешуге мүмкіндік бермеді. Заманауи цифрлық технологияларды, атап айтқанда, ғарыштық мониторинг пен жерді қашықтан зондтауды кеңінен енгізу мен қолдану проблеманы шешеді деген сенім болды. Алайда, біздің жағдайымызға бейімделген суреттерді түсіндіру әдістемесінің жоқтығынан бұл жерде де проблемалар аз емес», — деп хабарлады министрдің міндетін атқарушы.

Ол сондай-ақ, бүгінгі таңда бұл әдіспен тек егіс және егін жинау науқанының барысын қадағалап, жерді пайдалану фактісін бақылауға болатындығын айтты. Дегенмен, бұл дақылдардың түрлік құрамын анықтауға мүмкіндік бермейді, сондықтан ауыспалы егістің сақталуын бақылау мүмкін емес. Ол үшін қолданбалы ғылыми зерттеулер қажет, оларды тиісті қаржыландыру көлемімен ғылыми ұйымдарды қамтамасыз ете отырып, тездету қажет.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, келесі қадам жем-шөп дақылдарына арналған суармалы жерлердің көлемін кеңейту болуы керек.

«Бүгінде біз климаттың өзгеруі су ресурстары тапшылығының артуына алып келгенін көріп отырмыз. Соның нәтижесінде суармалы жерлердің ауданы соңғы 30 жылда 2 еседен астамға, 3 млн гектардан 1,5 млн гектарға дейін қысқарды. Мұндай жағдайларда қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларына көшу, ылғалды көп талап ететін дақылдар алаңдарын қысқарту, су ресурстарының жаңа көздерін іздеу есебінен суармалы суды ұтымды пайдалану аса маңызды. Бұл біздің алдымызда тұрған маңызды міндеттердің бірі», — деді Е. Қарашөкеев.

Үшіншісі — жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту. Қазіргі уақытта елімізде жем-шөп дақылдары бойынша тұқым шаруашылығының 59 субъектісі бар. Алайда, олардың тұқым өндірудегі ықтимал мүмкіндіктері толық пайдаланылмайды. Мұның себебі, бір жағынан, нақты сұраныстың болмауы, екінші жағынан, жем-шөп алқаптарын құру үшін үлес қосуға қажеттіліктің барын көрмейтін көптеген мал өсірушілердің немқұрайдылығында, олар тек табиғи шабындықтар есебінен азық-түлік мәселесін шешеді.

Дәл осы себептер бойынша өткен жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер азықтық дақылдардың 1,0 мың тоннадан астам тұқымын ғана сатып алды, дегенмен ғылыми нормалар бойынша жем-шөп өндірісін тұқыммен толық қамтамасыз ету үшін шамамен 300 мың тонна тұқым қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілікті әртараптандыру процесі, ғылыми негізделген ауыспалы егістерді сақтау, сондай-ақ жайылымдарды түбегейлі және біртіндеп жақсарту жөніндегі іс-шаралар жем-шөп дақылдарының тұқымына тұрақты сұраныс тудыруы керек, ал қазіргі құрғақшылық малшыларға жем-шөп алқабын құрмай, саланың тұрақты дамуына тиісті түрде кепілдік беру мүмкін еместігін тағы бір рет еске салуы керек деп есептейді.

Төртіншіден, пайдаланылатын жайылымдық жерлердің өнімділігін арттырып, олардың шекараларын кеңейту қажет. Бүгінде жайылым айналымы деген не екенін ұмытып та кеттік. Мұндай жүйе мал шаруашылығының тұрақты дамуының маңызды факторларының бірі. Жайылым айналымының болмауы қазіргі уақытта еліміздің әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында жайылымдық жерлердің 20%-дан 60%-ға дейін тозуына әкеліп соқты. Айта кетерлігі, жайылым айналымы ережелерін сақтау туралы ереже «Жайылымдар туралы» заңда да бекітілген және жер учаскесін жалдау шартында көрсетілуі керек. Оны орындау әрбір жер пайдаланушының тікелей міндеті. Алайда, бұл жерде де мәселе тиісті әдістеменің болмауына байланысты бақылау тетігіне келіп тіреледі. Бұл қажетті қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді қажет етеді.

Е. Қарашөкеев атап өткендей, Министрлік дақылдық және аридтік жайылымдарды құруға, олардың өнімділігін түбегейлі және біртіндеп жақсарту есебінен арттыруға баса назар аударуды жоспарлап отыр.

Пайдаланылып жатқан жайылымдардың шекарасын кеңейту мәселелеріне келер болсақ, мұнда негізгі проблема – оларды суландыру. Бұл проблеманы шешуде министрлік жүргізіп жатқан жұмыс тек жандандыруды ғана емес, сондай-ақ оны тиімді әрі жоғары нәтижелілікпен мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа платформаға көшіруді қажет етеді.

«Бұл мәселені шешу таяу келешекте біздің басымдықтарымыздың бірі болады. Қолданыстағы бағдарлама бойынша фермерлер есебінен құдықтарды салу және қайта жаңарту көзделгенін еске салғым келеді, олардың шығындарын 80%-ға, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 50% және жергілікті бюджет есебінен 30% субсидиялау көзделген», — деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрінің м. а.

Жеке қосалқы шаруашылықтар үшін елді мекендердің айналасындағы жайылымдық жерлердің тапшылығы олардың тозуымен де күрделене түсті. Аталған проблеманы шешудің қолданыстағы тетіктері не көп шығынды талап етеді, немесе бөлінетін жерлердің елді мекендерден шалғайлығына және олардың жайластырылмауына байланысты ауыл тұрғындары үшін қолайсыз. Бүгінгі таңда бұл негізінен мәселені шешуге кедергі келтіреді. Бұл жағдайдан шығудың бір жолы – ЖҚШ кооперациясы. Елімізде жайылымдық алқаптарды бөле отырып, кооперативтерге қызмет көрсететін мамандандырылған құрылымдар құру бойынша ғана емес, елді мекендерге жақын орналасқан және жайылымдық алқаптардың резервтік алаңдары бар шаруашылық жүргізуші субъектілермен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперациялау бойынша да жақсы мысалдар бар.

«Бұл жерде мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларын пайдалана отырып, осы тәжірибені кеңейткен орынды болмақ. Жақында Үкімет отырысында Жамбыл облысының ЖҚШ кооперациясы бойынша оң тәжірибесін бүкіл республика бойынша тарату мәселесі қаралды. Бұл жұмысты келесі жылдан бастап қолға алуды жоспарлап отырмыз», — деді Е. Қарашөкеев.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы үшін берік жем-шөп базасын құру мәселелерінде күш-жігері шоғырландырылатын жүйелі шаралардың негізгі бағыттары осындай. Бұл процестерге үлкен серпін беру үшін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктеріне тиісті түзетулер әзірлеу жоспарда бар. Ербол Қарашөкеев жоғарыда аталған шаралар саланың тұрақты дамуына, оған ауа-райының әсерін барынша азайтуға және еліміздің жекелеген өңірлері тап болған осындай жағдайдың болашақта қайталанбауына негіз қалайтынына сенім білдірді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ауыл шаруашылығы министрінің м. а. Ербол Қарашөкеев құрғақшылық салдарынан орын алған жағдайға байланысты Министрлік құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету қорларын құру туралы шешім қабылдағанын айтты. Бұл мәжбүрлі шара болды, өйткені ведомствоға еліміздің әр түкпірінен осындай қиын жағдайда ерікті негізде көмектескісі келетіндері туралы азаматтардан бірнеше рет қоңыраулар келіп түсті, бірақ шөппен немесе жем-шөпті тасымалдаумен көмектесу мүмкіндігі болмаса да, олар материалдық көмек көрсетуді ұсынды.

Сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары ірі және ұсақ шаруа қожалықтары ерікті материалдық көмек туралы мәлімдегенін, бірақ көмек қаражатын қалай және қайда аудару керектігін білмейтіні туралы бірнеше рет айтты.  

«Министрлік зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету бойынша бірқатар шара қабылдады. Қаражат жем-шөп сатып алуға, атап айтқанда, халықтың аз қамтылған топтары үшін шөп сатып алуға жұмсалады. Қаражат “Атамекен” өңірлік ҰКП, сондай-ақ жергілікті атқарушы органды тарта отырып, қоғамдық комиссиялар арқылы бөлінетін болады. Сонымен қатар АШМ қызметкерлері, ведомстволық бағынысты ұйымдар құрғақшылықтан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударды», — деді Е. Қарашөкеев.

Айта кету керек, құрғақшылықтан тек Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ғана мал қырылды. Мәселен, Маңғыстау облысында 2021 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша құрғақшылықтан 1161 бас мал қырылды, атап айтқанда:

  • ІҚМ – 49 немесе облыстың барлық мал басының 0,16%;
  • Қой – 503 немесе облыстың барлық мал басының 0,11%;
  • Жылқы – 543 немесе облыстың барлық мал басының 0,44%;
  • Түйе – 66 немесе облыстың барлық мал басының 0,07%.

Қызылорда облысы Арал ауданының 8 ауылдық округінде суаттарда судың жетіспеуінен және жайылымдардың қуаңшылығынан ауыл шаруашылығы малдарының қырылу фактілері тіркелді.

Әкімдіктің мәліметі бойынша 553 бас мал қырылған, оның ішінде:

  • ІҚМ – 176 немесе облыстың барлық мал басының 0,04%;
  • Жылқы – 376 немесе облыстағы барлық мал басының 0,18%;
  • Түйе – 1 немесе облыстағы барлық мал басының 0,001%.

Елімізде жем-шөптің аздығынан мал қырылудың басқа фактілері тіркелген жоқ.

Маңғыстау облысында: шөп – 77 мың тонна, оның 30 мың тоннасы немесе 40%-ы дайындалды. Қызылорда облысында: шөп – 788 мың тонна, 429 мың тонна немесе 54%-ы дайындалды. Жемшөп дайындау жоспарлы режимде жалғасуда.

Сонымен қатар, сауда және интеграция министрлігі ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрліктерімен, бәсекелестікті қорғау және дамыту және қаржы мониторингі агенттіктерімен, сондай-ақ өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың көтерме сауда нарықтарына баса назар аудара отырып, азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияны құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыру және отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылым – көтерме-тарату орталықтары (КТО) желісі түрінде Ұлттық тауар өткізу жүйесін (ҰТЖ) құру бойынша жұмыс жүргізілуде, ол азық-түлік тізбегінің ысырабын төмендету, бағаларды тұрақтандыру, сауда инфрақұрылымын дамыту және экспорт арналарын құру мәселелерін кешенді шешу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар ӘМАТ бағаларын тежеудің 2 тетігін іске асыруда:

  • Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру;
  • Кәсіпкерлік субъектілеріне олар үшін ӘМАТ белгіленген төмендетілген бағамен сату бойынша қарсы міндеттемелерді белгілей отырып, жеңілдікті кредит беру («айналым схемасы»).

Ағымдағы жылдың басынан бастап тұрақтандыру қорларынан 25,4 мың тонна ӘМАТ сатылды, сондай-ақ тұрақтандыру қорларына 12 мың тонна ӘМАТ сатып алынды, оның ішінде ұн – 8,2 мың тонна, қант – 2,7 мың тонна, күріш – 0,4 мың тонна, күнбағыс майы – 0,2 мың тонна, тауық жұмыртқасы – 3,6 млн дана.

Биылғы жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорларында 20,1 мың тонна ӘМАТ сақталуда, оның ішінде ұн – 12,5 мың тонна, қант – 3,4 мың тонна, макарон – 1,4 мың тонна, күріш – 1 мың тонна және т. б. шамамен 32,5 мың тонна ӘМАТ жеткізуге, оның ішінде картоп – 16,4 мың тонна, пияз – 5,3 мың тонна, сәбіз – 5,6 мың тонна және т. б. жеткізуге форвардтық келісімшарттар жасалды.

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы секторының проблемалық мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыс тобын құрды. Мал азығымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді үйлестіру және жедел ден қою үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан Республикалық жедел штаб құрылды.

Маңғыстау облысының Ауыл шаруашылығы секторының проблемалық мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі жұмыс тобын құрды. Азықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді үйлестіру және жедел ден қою үшін ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан Республикалық жедел штаб құрылды.

«Шілде айы бойы мен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына бірнеше рет бардым. Маңғыстау облысы бойынша 3 ауданға барып, жергілікті тұрғындармен кездестім. Жалпы, құрғақшылықтың салдарын азайту үшін жедел шешімдер қабылданды. Қызылорда облысы бойынша Арал ауданының тұрғындарына көмек көрсету бойынша шаралардың жүзеге асырылу барысымен, сондай-ақ жалпы өңір бойынша жем-шөп дайындау жағдайымен таныстым», — деді Е. Қарашөкеев.

Өңірлердің резервінде қыс мезгіліне дайындалған жемшөп бойынша сұраққа Е. Қарашөкеев министрлік осы бағытта апта сайын жедел штаб жүргізіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, штабтың мәліметіне сәйкес 9 тамыздағы жағдай бойынша республика бойынша жоспар бойынша 23,7 млн шөптің 74%-ы дайындалды.

«Егер проблемалық аймақтарды қарастыратын болсақ, мысалы, Қызылорда облысында жоспар бойынша 788 мың тонна болғанда, 429 мың тонна шөп дайындалды, бұл 54% құрайды. Маңғыстау облысында жоспар бойынша 77 мың тонна болса, оның 31 мың тоннасы дайындалды. Бұл жылдық көлемнің 40%-ы. Қазір оларға барлық өңірлерден көмек көрсетілуде және біз Үкімет тарапынан қаржыландыру бөліп жатырмыз. Сондықтан жағдай бақылауда. Жұмыс жоспарлы режимде жүріп жатыр», — деді Е. Қарашөкеев.

Ең бастысы, оның айтуынша, тамыз айының соңына дейін қарқынды жеделдетіп, қажетті көлемді жинау керек, өйткені ресурстардың негізгі бөлігі — адамдар мен көлік дәнді дақылдарды егуге жұмсалатын болады.

Журналистің жаңа маркетингтік жылға астық жинау және экспорты жөніндегі болжамдары туралы сұрағына Е. Қарашөкеев сарапшылардың алдын ала бағалауы бойынша астық түсімі шамамен 20%-ға төмен болады деп жауап берді.

«Бірқатар астық егетін аймақтарда жағдай қиын. Сарапшылармен бірге есептеулер жүргізілуде. Шамамен екі аптадан кейін болжамды деректер болады. Әзірге сандар өткен жылдың деңгейінен төмен болады деп болжап отырмыз», — деп жауап берді Е.Қарашөкеев.

Министрдің міндетін атқарушының айтуынша, 20 тамыздан бастап деректер БАҚ-қа апта сайын берілетін болады.

2020 жылы ауыл шаруашылығы жануарларына арналған азық экспорты (пішен, жоңышқа, беде, эспарцет, жемшөп қырыққабаты, люпин, вика және басқалары) $702,5 мың сомаға 1,8 мың тоннадан 32,6%-ға ұлғайды (2019 жылға). Бұл ретте 2020 жылы барлық экспорт Қытайға – 91% (2,2 мың тонна) және Түркияға – 9 % (0,2 мың тонна) жүзеге асырылды.

2021 жылдың 4 айында ҚР-дан аталған тауардың экспорты жоқ. Бұл ретте, шөптің экспорты 2020 жылдың ұқсас кезеңінде Түркияға да елеусіз болды, басқа елдерге болған жоқ.

2020 жылы кебек, өзге де себілген және тартылған жемшөп экспорты $33,3 млн сомасына 243,9 мың тоннаны құрады, нақты мәнінде небәрі 0,2%-ға шамалы өсім болды.

2021 жылғы 4 айда осы тауардың экспорты 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 53 мың тоннаға дейін қысқарды.

2020 жылы экспорттың едәуір үлесін мыналар алады: Қытай – 75% (182,9 мың тонна), Өзбекстан – 24% (58,3 мың тонна), аз ғана Тәжікстан – 0,5% (1,1 мың тонна) және Ресей  – 0,4% (0,9 мың тонна).

2020 жылы жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өсімдік өнімдерінің, қалдықтарының экспорты $78 мың сомасына 276,6 тоннаны құрады, тауар тек Тәжікстанға экспортталды, бұл ретте 2019 жылы экспорт болмады. Сондай-ақ, мұндай тауарлардың экспорты 2021 жылдың 4 айында және 2020 жылдың 4 айының ұқсас кезеңінде болған жоқ.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.