Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Бүгінгі таңда Қазақстанда 8 млн доза вакцина салынды — ҚР ДСМ

Жұма, 23 Шілде 2021, 19:40:28

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ брифингінде елдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

Оның айтуынша, әлемде өткен аптамен салыстырғанда коронавирус инфекциясының жаңа жағдайларының саны 12%-ға артты, пандемия басталғаннан бері КВИ-дің 190 млн-нан астам жағдайы тіркелді, тәулігіне 500 мыңға жуық жағдай тіркелді. 4 млн-нан астам адам қайтыс болды, бұл дельта штаммының кең таралуына байланысты. ДДСҰ мәліметтері бойынша штамның бұл түрі әлемнің 124 елінде таралған.

Сонымен бірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алғаш рет Перуде 2020 жылдың желтоқсанында табылған және бүгінде 30 елде, негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Еуропа елдерінде 3000-ға жуық адамда анықталған «Лямбда» штаммының таралып жатқанын хабарлады.

«Қазақстанда 23 шілдедегі жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 516 117 науқас және КВИ- 59 150 жағдай тіркелген. КВИ-мен ауырған науқастардың шамамен 87%-ы сауығып шықты, оның ішінде 441 437-сі КВИ+ және 53 780-і КВИ- ауырған науқастар. Эпидемиологиялық ахуал матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бастап қызыл аймақта тұр», — деді А. Цой.

«Қызыл» аймақта 15 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары.

2 өңір «сары» аймақта (Шығыс Қазақстан, Түркістан) тұр.

«Дельта штаммының» таралуын ескере отырып, соңғы екі аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда, жалпы республика бойынша барлық дерлік өңірлерде аурудың өсуі байқалады.

«Сырқаттанушылықтың өсуі 2 есе (33 288 жағдайдан 68 117 жағдайға дейін) құрады, сырқаттанушылықтың ең көп өсуі Солтүстік Қазақстан облысында (3,3 есе), Шымкент қаласында (3 есе), Ақтөбе, Қызылорда (2,8 есе), Атырау облысында (2,6 есе), Түркістан облысында және Алматы қаласында (2,5 есе) байқалады. Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік аурушаңдық 4,8 есеге өсті (маусым айындағы 1 263 жағдайдан шілде айында 6 100 жағдайға дейін)», — деп атап өтті А. Цой.

Төсек-орын қорының күнделікті мониторингіне сәйкес өңірлер бөлінісінде биылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек орын 49% (21 096 төсек), реанимациялық төсектер 38% (1 532 төсек) толы. Сырқаттанушылықтың өсуін және денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің артуын ескере отырып, шілдеде қосымша 10 мыңға жуық төсек-орын ашылды, резервте шамамен 21,4 мың төсек-орын бар.

23 шілдедегі жағдай бойынша осы жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда елімізде инфекциялық төсек-орын жүктемесінің 20%-ға (30-дан 49%-ға дейін) және реанимациялық төсектердің 14%-ға (24-тен 38%-ға дейін) үдемелі ұлғаюы байқалады.

Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың пайдаланылуының жоғары өсімі байқалады.

«Бүгінде еліміз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілген. Ауруханаларда КВИ емдеуге арналған дәрілердің айлық қоры, «СҚ-Фармация» қоймаларында және дәріханаларда екі айлық қор қалыптастырылған. Барлық өңірде 18 млрд теңгеге дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорлары құрылды», — деді денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар халыққа тестілеу одан әрі қолжетімді бола түсті, бүгінгі таңда COVID-19 диагностикалау үшін тәулігіне жалпы қуаты 120 мың зерттеу болатын 157 зертхана және биологиялық материал алатын 66 пункт (оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары – 27, жеке зертханалар – 63, медициналық ұйымдар зертханалары – 66, ветеринариялық зертханалар – 1) тартылды.

Анықтама: 2020 жылдың сәуір айында тестілеу қуаты тәулігіне 6000 зерттеуді құрады. 2020 жылдың мамыр-маусымында тәулігіне 28 000 тест, 2020 жылдың шілдесінде — тәулігіне 32 мың тест алынды. 2020 жылғы тамызда – тәулігіне 40 мың. 2020 жылдың қыркүйек айында – тәулігіне 40 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. 2020 жылғы қазанда – тәулігіне 63 мың зерттеу. 2020 жылғы қарашада – 89 мыңнан астам зерттеу. 2020 жылғы желтоқсанда – тәулігіне 100 500-ден астам зерттеу.

2021 жылғы қаңтарда – 105000 зерттеу, 2021 жылғы ақпанда – тәулігіне 110300 зерттеу, 2021 жылғы наурызда – тәулігіне 113 мыңнан астам зерттеу, 2021 жылғы сәуір, мамыр, маусым айларында – тәулігіне 123 000-нан астам тест алынды.

Пандемия басталғаннан бері іске қосылған зертханалар 13 871 687 зерттеу жүргізді, оның ішінде 629 523 тесттен коронавирус анықталды (үлес салмағы 4,5%). Бүгінгі таңда тестілеумен қамтамасыз ету тәулігіне 6 мыңнан 67 мыңға дейін артты.

Анықтама: 2020 жылы 5 570 389 зерттеу жүргізілді, коронавирус 223 074-нен анықталды (үлес салмағы 4%), жыл басынан бүгінгі күнге дейін 7 936 380 зерттеу жүргізілді, оның ішінде 362 946 оң нәтиже шықты (үлес салмағы 4,5%).

Сонымен қатар тиісті контингентті вакциналау жалғасуда. Бүгінгі күні вакцинаның 8 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1-компонентті 5 054 970 адам егілді, бұл тиісті халықтың 51%-ын құрайды. Екінші компонентті 3 075 907 адам алды.

«Егу пункттерінде шамамен 580 мың бірінші компонент және 1 млн 190 мың екінші компонент бар. Вакциналау – вирустың таралуын азайтудың және бұрынғы өмір салтына, жұмысқа, қарым-қатынасқа, отбасылық дәстүрге және саяхатқа оралудың жалғыз жолы», — деді А. Цой. 

Айта кету керек, осы кезеңде республикада 1860 мобильді мониторингтік топ жұмыс істейді.

Кәсіпкерлік субъектілері пандемия жағдайында қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды әлі де сақтамайды. Мәселен, шілде айында мониторингтік топтармен 53 459 объект қамтылды, оның ішінде 1 586 объектіде бұзушылықтар анықталды, объектілердің үлес салмағы 2,9%-ды құрады, бұл маусым айымен салыстырғанда 1,6 есе жоғары (маусымда 103 499 объект тексерілді, оның ішінде 1880-і талапты бұзған, бұл 1,8%-ды құрайды).

Талап бұзған объектілердің ең көп саны Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында анықталды, онда тексерілген объектілер санынан құқық бұзушылардың пайызы 5-тен 8%-ға дейін құрады.

Анықтама: биылғы жылғы 1 қаңтар мен 20 шілде аралығында республика бойынша мониторинг топтары 129 223 рейд жүргізді, оның барысында 747 204 объект қамтылды. Шектеу шараларын бұзу 19 782 (2,6%) объектіде анықталды. Кәсіпкерлік субъектілерімен бұзушылықтардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында – 14,7%, Шымкент қаласында — 9,5%, Алматы қаласында — 8,9%, Жамбыл облысында — 6,7%, Нұр-Сұлтан қаласында — 4,5% анықталды. Санитарлық-эпидемиологиялық заңнама талаптарын бұзу фактілері бойынша заңды және жеке тұлғаларға қатысты 1,5 млрд теңгеден астам сомаға 18 675 әкімшілік айыппұл салынды, 85 нысанның қызметі тоқтатылды, 333 материал сотқа берілді.

Бүгінгі таңда «Ashyq» жүйесі белсенді енгізілуде, оған барлық қызмет салаларының 19 мыңнан астам объектісі тартылған, 4 млн пайдаланушы тіркелген.

«Ashyq» енгізілген сәттен бастап «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 18 260 келуші анықталды, оның ішінде ПТР тестінің оң нәтижесі бар 10 102 науқас және ауруды жұқтырғандармен байланыста болған 8 158 адам бар, бұл шамамен 50 мың COVID-19 жаңадан жұқтыру жағдайының алдын алуға мүмкіндік берді.

Анықтама: «Ashyq» жобасы шеңберінде мониторинг топтарымен «Ashyq» жобасына қатысушы 30 533 объект қамтылды. 399 объектіде бұзушылықтар анықталды. «Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 6,7 млн теңгеден астам сомаға 147 айыппұл салынды. «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар жеке тұлғаларға қатысты оқшаулау (үй карантині) шарттарын сақтау қажеттілігі туралы талаптармен өңірлердің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің 1 876 қаулысы берілді.

Министрдің айтуынша, «Дельта» коронавирус штаммы жоғары жұқпалы және бұрын анықталған штаммдарға қарағанда 60% жұқпалы, орта есеппен 1 адамнан 5-6 адам жұқтырады, ал айналымдағы штаммдарды 3-4 адам жұқтырады, 7 күнге дейінгі қысқа инкубациялық кезеңімен ерекшеленеді.

«Сондықтан қарапайым алдын-алу шараларын сақтау өте маңызды. Қол гигиенасы, айналаңыздағы адамдармен әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, маска кию, үй-жайларды жақсы желдету, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, гаджеттерді, кеңсе техникаларын және басқа да заттарды залалсыздандыру, сәлемдесу кезінде құшақтасу мен қол алысуды шектеу тәрізді шараларды сақтау керек», — деді А. Цой.

ҚР Денсаулық сақтау министрі сондай-ақ Pfizer вакцинасының 2 млн дозасын жеткізу неліктен тоқтатылғанын айтты.

«Вакцинаның кешеуілдеуіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болды, келіссөздер жүргізілуде. Біз бұл процесті тездетуге және вакцинаны уақтылы жеткізуге тырысамыз», — деді ведомство басшысы.

Цой министрлік Pfizer вакцинасын тиісті мерзімде жеткізу үшін барлық шараларды барынша қабылдап жатқанын атап өтті.

«Барынша көп жұмыс жүргізілуде, жеделдетілуде. Осы вакцинаны Қазақстанға жеткізу мүмкіндігі пайда болғаннан кейін біз оны міндетті түрде қолданамыз. Біз жеткізу мүмкіндігін жеделдетуді сұраймыз. Біріншіден, мұның бәрі Қазақстанға байланысты емес. Екіншіден, Қазақстан үшін қолайлы шарттанға қатысты біз қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазірдің өзінде қазақстандық тарапты қанағаттандыратын шарттар бойынша алдын ала уағдаластық бар. Барлық компаниялармен осындай келіссөздер жүргізіледі», — деп түсіндірді А. Цой.

Министрдің айтуынша, Pfizer балаларға арналған, бірақ оларға вакцина тек ата-аналарының келісімімен салынады.

«Біздің балаларымыз вакцина алуға мүмкіндігі болуы керек. Әзірге нақты мерзімдерді атай алмаймыз. Бірақ қазірдің өзінде көптеген ата-аналар өтініш білдіріп, балаларына вакцина салуды өтініп жатыр, өкінішке орай, әзірге Қазақстанда мұндай вакцина жоқ. Мүмкіндік пайда болғаннан кейін біз бұл қолжетімділікті қамтамасыз етеміз», — деді денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, жыл басынан бері 34 мың бала коронавирус инфекциясымен ауырған. Қазір 558 бала стационарлық ем алуда, коронавирус инфекциясымен сырқаттанған 13 жаңа туған нәресте бақылауға алынған. Балалар арасында сырқаттанушылықтың өсуі жыл басынан бері байқалуда, соңғы айларда сырқаттанғандардың саны 4-5 есеге артты.

Алматыда 23 шілдеде «қызыл» мәртебесі бар карантинді бұзушылардың есімдері жарияланды. Бұл жеке деректер туралы заңды бұза ма?

Министр ВАК заңгерлермен кеңесіп, мамандардың қорытындысының кейбір тармақтарын оқығанын айтты. Оның айтуынша, коронавирус – басқаларға қауіп төндіретін ауру. COVID-19 жұқтырған науқастарға карантинді сақтау керек екендігі туралы қолхат беріледі. Онда жеке деректерді өңдеуге келісім қарастырылған.

«Конституцияда азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы бар. Бұл ұжымдық қауіпсіздік үшін жасалады және халыққа қауіп төндіретін адамдар, егер олар ауруханадан тыс жерде емделіп жатқан болса, үйде болуы керек», — деді А.Цой.

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды белсенді вакцинаца алуға және жаңа вакциналардың жеткізілуін күтпеуге шақырды.

«Бізде Қазақстанда, іс жүзінде еліміздің барлық бұрыштарында 2 мыңнан астам вакциналау пункті бар. Вакцина жасауға мүмкіндігі бар, сондықтан сізге жаңа вакциналарды күтудің қажеті жоқ, біз, әсіресе, бірінші кезекте балаларды Pfizer-мен вакциналауды бастаймыз. Күте тұрудың қажеті жоқ, қазір вакцина алыңыз. Көрдіңіз бе, бізде жағдай қиын, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының өсуі байқалады. Өкінішке орай, азаматтарымыз қайтыс болып жатыр, және олардың бәрі вакцина алмаған азаматтар. Сіздер білесіздер, біз реанимациядағы науқастармен сөйлескен кезде бәрі неге бұған дейін вакцина алмағанын есіне ала бастайды», — деді денсаулық сақтау министрі.

Ол Қазақстанда қолжетімді вакциналар аурудың ауыр ағымын болдырмауға көмектесетінін атап өтті. Ол вакцинация деңгейі жоғары басқа елдерді мысалға келтірді.

«Сіз вакциналау деңгейі жоғары басқа елдерге қарасаңыз, онда азаматтар өліп жатқан жоқ. Біз тағы да айтамыз, қайдағы бір популистік ұрандарға сенудің қажеті жоқ. Сіз жай ғана келіп, вакцина алуыңыз керек. Мемлекет осындай көлемде вакциналарды тегін жасайтындай, мұндай мүмкіндік барлық елдерде бола бермейді. Біз үнемі басқа елдердің вакцинасын жақсы тәрізді санаймыз. Сіз біздің көршілерімізге қараңыз, олар Қазақстанда вакциналардың осындай қолжетімділігіне екеніне қызыға қарайды. Жаңа вакцина пайда болады, сол кезде қосымша таңдау да болады. Бірақ қазір бар вакцинаны алу керек», – деді Цой.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі вакцина алғаннан кейін 4 765 қазақстандықтың коронавируспен ауырғанын хабарлады. Бірақ бұл вакцина алғандардың жалпы санына шаққанда болмашы ғана сан – 0,09% ғана.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қыркүйек 2021, 13:01
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2021, 18:16
Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды  
24 Қыркүйек 2021, 11:09
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №650 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 11:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №647 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 09:30
Е. Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Қыркүйек 2021, 19:26
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 19:07
ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер байқайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 18:50
Салықтар мен төлемдер бойынша нақты жүктеме 2023 жылдан бастап төмендетіледі — ҰЭМ
23 Қыркүйек 2021, 18:47
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
23 Қыркүйек 2021, 18:45
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде енгізілген ақпараттық жүйе ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың 79 шарасын қамтиды — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 17:43
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 17:28
ҚР Үкіметі 64 шарадан тұратын инфляцияға қарсы әрекет ету кешенін қабылдайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 15:49
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды
23 Қыркүйек 2021, 12:52
А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.