Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм — Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі барлық салаларда байқалады

Жұма, 10 Қыркүйек 2021, 11:55:51

Ел Президенті Қ. Тоқаев өзінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Тұрғын саны миллионнан асатын қалалар еліміздің жаһандық бәсекелік қабілетінің тірегі, ал облыс орталықтары өз өңірлері өсімінің өзегі болуға тиіс» деді. Көкшетау қаласының өсіп-өркендеуімен Ақмола облысының қазіргі дамуын қандай көрсеткіштер сипаттайтынын және өңірдің орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларға арналған жоспарлары қандай екенін primeminister.kz шолу материалынан оқыңыздар.

Пандемияға және онымен байланысты шектеу шараларына қарамастан, Ақмола облысында 2021 жылдың сегіз айында экономиканың барлық секторларында тұрақты өсім байқалады. 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 604,3 млрд теңгені құрады, НКИ – 108%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің НКИ – 111,9% (154 млрд тг).

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2020 жылға қарай 15,9%-ға өсті (243,4 млрд теңге). Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,4%-ға өсіп, 58,6 млрд теңгені құрады. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде жалпы өңірлік өнім көлемі 454,1 млрд теңгені құрады, ЖӨӨ НКИ – 104,3%.

ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі 32,1%-ды, ауыл шаруашылығы 2,5%-ды, құрылыс 2,8%-ды, сауда 14,9%-ды, көлік және қоймалау 7,4%-ды, жылжымайтын мүлік операциялары 11,9%-ды, өзге салалар 28,4%-ды құрады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 617,4 мың теңгені құрады.

 

Экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге 13 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру мақсатында биыл экономиканың нақты секторын қолдауға және жұмыспен қамтамасыз етуге 13,3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:

  • аграршыларды қолдауға – 6,1 млрд теңге;
  • «БЖК-2025» аясында кәсіпкерлікті қолдауға – 1,8 млрд теңге;
  • «2020-2021 жылдарға арналған ЖҚЖК» шеңберінде жұмыспен қамтамасыз етуге – 5,4 млрд теңге;
  • 341 уақытша және 720 тұрақты жұмыс орнын құрумен 10 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға бағытталды.

 

Сонымен қатар Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға 14,9 млрд теңге бөлінді:

  • Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 6,8 мың азаматты тарта отырып, 6,3 млрд теңге;
  • «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының 82 инфрақұрылымдық жобасын іске асыруға – 8,6 млрд теңге (РБ – 8,1 млрд теңге, ОБ – 0,5 млрд теңге).

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 154 млрд теңгені құрады, НКИ – 111,9%.

Облыс экономикасына 243,4 млрд теңге инвестицияланды, 2020 жылға қарай 15,9%-ға өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 58,6 млрд теңгені немесе 102,4%-ды құрады. 2,1% өсіммен 332,1 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

ТЖ және шектеу іс-шараларының енгізілуіне орай 2020 жылы облыс бойынша табысынан айырылуына байланысты облыстың жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шаралар қабылданды (42500 теңге).

2021 жылы БЖК-2025, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын іске асыруға 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, осы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 4 млрд теңге (56,4%) игерілді, 741 жобаға қолдау көрсетілді.

Көкшетау және Степногорск қалаларында «Еңбек» бағдарламасы бойынша шағын несиелеуге 885,1 млн теңге бөлінді.

Аграрлық сектордың кәсіпкерлеріне Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 578,6 млн теңгеге 53 кредит берді (65,4% игерілді), 613,2 млн теңгеге жобалар мақұлданды.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалының деректері бойынша биылғы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша әлеуметтік қолдауға 170 мың өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда 167 мың адамға 17,8 млрд теңге сомасында қаражат төленді (төтенше жағдай кезінде – 11,8 млрд теңге, шектеу іс-шаралары кезінде – 6 млрд теңге).

Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде облыс бойынша азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен (РБ есебінен айына 5 567 тг) 5 санат бойынша 812 млн теңгеге 35611 адам қамтамасыз етілді.

 

Өңір экономикасының базалық саласы ауыл шаруашылығы болып қала бермек

Егер былтырғы көрсеткіштер туралы айтатын болсақ, онда 2020 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау 78,8 млрд теңгені құрады.

Оның ішінде:

- 41,7 млрд теңге немесе 53% субсидияларға, яғни қайтарылмайтын қаражатқа тиесілі (өсімдік шаруашылығын субсидиялауға - 14,1 млрд теңге, мал шаруашылығын дамытуды қолдауға - 9,4 млрд теңге, инвестициялық салымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға - 13,3 млрд теңге, қаржылық сауықтыруға және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 4,9 млрд теңге). 2 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидия алды, 9,5 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

37,1 млрд теңге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіруге көзделген («Кең Дала» бағдарламасы бойынша - 21,5 млрд теңгеге 262 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (АШТӨ), «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша - 8,3 млрд теңгеге 129 АШТӨ, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алуы шеңберінде - 7,1 млрд теңгеге 160 АШТӨ, «Еңбек» бағдарламасы бойынша - 0,2 млрд теңгеге 53 АШТӨ).

2021 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау 70,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде:

- 39,2 млрд теңге немесе 56% субсидияларға, яғни қайтарылмайтын қаражатқа бағытталды (өсімдік шаруашылығы - 15,2 млрд теңге; мал шаруашылығы - 5,4 млрд тг; инвестициялық салымдар және қайта өңдеуді субсидиялау - 13 млрд тг; қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу - 5,6 млрд тг).

2021 жылдың 8 айында 34 млрд теңге немесе жылдық жоспардың 86,6% игерілді, шамамен 1,5 мың АШТӨ қолдау тапты, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

31 млрд теңге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіруге бағытталған

  • «Кең Дала» - 18 млрд теңгеге 268 АШТӨ;
  • «ҚЗЭ» - 0,9 млрд теңгеге 16 АШТӨ;
  • «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алуына - 10,9 млрд теңгеге 94 АШТӨ;
  • «Еңбек» - 1,2 млрд теңге.

Ақмола облысында өндірістік қуаты жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаты жылына 146,8 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаты жылына 794,8 мың тонна 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаты жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2021 жылдың 7 айында 78,7 млрд теңгеге азық-түлік өндірілді.

Азық-түлік өнімдерін өндіру құрылымындағы негізгі үлесті ет өңдеу саласы — 51%, сүт өнімдері саласы – 17%, астық өңдеу саласы – 10%, нан және нан- тоқаш өндірісі – 3%, өзге салалар – 19% алады.

Өндірілген өнім облыс аумағында сатылады, сондай-ақ азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде елорда нарығына жеткізіледі.

Жыл басынан бері 17 мың тоннадан астам ет өнімдері (2020 жылғы деңгейге қарағанда 1%-ға өсті), 83 мың тонна сүт өнімдері (0,6%-ға өсті), шамамен 167 млн дана жұмыртқа (1%-ға өсті) жеткізілді.

2021 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 652,8 мың тоннаны немесе 2020 жылғы сәйкес кезеңге 125,2%-ды құрады, ақшалай мәнде – $182,5 млн немесе 138,3%.

Біздің өндірушілердің ет және консерві өнімдері Ресей Федерациясына, ҚХР-ға, сүт өнімдері РФ-ға, ұн өнімдері жақын шет елдерге (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, ҚХР) және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталады.

 

Еңбек өнімділігінің өсуі өңір экономикасы өсуінің түйінді факторы болуға тиіс

2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі жұмыспен қамтылған бір адамға шаққанда 3,1 млн теңгені немесе 2019 жылдың деңгейіне қарағанда 114,6%-ды құрады.

2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша – 263,1 мың теңге немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 117,8%.

2020 жылы көрсеткіштің өсуі ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығарудың ұлғаюына байланысты 672 млрд теңге немесе 2019 жылға қарағанда 112,9% құрады, оның ішінде:

  • өсімдік шаруашылығында — 469 млрд теңге немесе 118,3%;
  • мал шаруашылығында — 203 млрд теңге немесе 102,8%.

Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің едәуір ұлғаюы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жақсы түсімін алуға байланысты: 5,1 млн тонна немесе 2019 жылға 11,6 ц/га түсімділігімен 121,5% (2019 жылы - 9,5 ц/га түсімділігімен 4,2 млн тонна).

2021 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткіштің өсуі ет өндіру көлемінің 28,5%-ға (109,9 мың тонна), сүт өндіру көлемінің 1,1%-ға (244,2 мың тонна) ұлғаюы есебінен мал шаруашылығы саласында жалпы өнім шығарудың 12,6%-ға 147 млрд теңгеге дейін ұлғаюымен байланысты.

Сонымен қатар еңбек өнімділігінің өсуіне мыналар ықпал етеді:

- техникалық паркті автоматтандыру және жаңарту (2020 жылы 46,9 млрд теңгеге 2 мың бірлік техника, 2021 жылдың 8 айында 48,2 млрд теңгеге 1,7 мың бірлік сатып алынды);

- инвестициялық жобаларды іске асыру (2020 жылы 29,9 млрд теңге сомасына 40 жоба іске асырылды, 2021 жылы 41,7 млрд теңгеге 50 жобаны іске асыру жоспарланған).

 

Облыста 50-ден астам отандық экспорттаушы компаниялар жұмыс істейді

2021 жылғы қаңтар-маусымда экспорт $318,4 млн құрады (өсім 59,5%, 2020 жылғы қаңтар-маусымда – $199,6 млн).

Ақмола облысында өз өнімдерін 26 елге жеткізетін 50-ден астам экспорттаушы компания жұмыс істейді (негізгі серіктестер – Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия). Экспортталатын өңделген өнім — мойынтіректер, ұн, ет және сүт өнімдері, тауық жұмыртқасы, өсімдік майы, сусындар, полиэтилен және полипропиленнен жасалған қаптар, авиациялық бұйымдар және т. б.

Өңірде шикізаттық емес экспортты дамытуға ерекше назар аударылуда, оның көлемі 2021 жылғы қаңтар-мамырда $91,4 млн немесе 2020 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 185,2%-ды құрады. «Астана-Агропродукт» ЖШС және «САМХАТ аяқ киім фабрикасы» ЖШС кәсіпорындары жаңа экспорттық нарықтарды игерді. «Астана-Агропродукт» ЖШС жасалған келісімшарт аясында Қытай Халық Республикасының нарығына 200 тоннадан астам ет өнімін жеткізді.

«САМХАТ аяқ киім фабрикасы» ЖШС Ресей Федерациясына (Мәскеу қ.) 2 мыңға жуық жұп былғары аяқ киім жіберіп, экспортқа шықты.

Келешекте облыста сұлы үлпектері мен фри картобы, форель балығы мен уылдырығы, ақсерке және бекіре тұқымдары, шошқа еті, металл илегі, техникалық алмас концентраттары сияқты экспортқа бағдарланған өнім шығаруды игеру жоспарланған.

 

2021 жылғы қаңтар-шілдеде барлық өнеркәсіптік өнімнің 58% ИИДМБ шеңберінде енгізілген кәсіпорындар өндірді

2020 жылы өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі бір адамға $45,5 немесе 2019 жылғы деңгейге қарағанда 120,6% құрады.

Ақмола облысының өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуіне Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобаларын іске асыру ықпал етті (өңірдің Индустрияландыру картасына 13,2 мың жұмыс орнын құра отырып, 669,5 млрд теңгеге 142 жоба енгізілді), сондай-ақ өнеркәсіпті цифрландыру жөніндегі жол картасының жобалары (1,9 млрд теңге инвестиция сомасымен ТМК, құрылыс индустриясы, машина жасау және химия өнеркәсібінің 7 кәсіпорнында 11 жоба іске асырылуда).

Көрсеткішке әсер еткен ИИДМБ ең ірі жобалары – «Алтынтау Көкшетау» АҚ, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «ЕНКИ» ЖШС, «Астана Нан Кемикалз» ЖШС, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС, «Қазақалтын Технолоджи» ЖШС және басқалары.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде өндірілген өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінің 58%-ын ИИДМБ шеңберінде іске қосылған кәсіпорындар өндірді, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 67%.

Бүгінгі күні 3,6 мың жұмыс орнын құрумен 319,3 млрд теңге сомасына ИИДМБ 32 жобасын іске асыру жалғастырылды.

Биылғы жылдың 7 айында облыс экономикасына 243 млрд теңгеден астам инвестиция (243,4 млрд теңге) бағытталды, бұл сәйкес кезеңге қарағанда 16%-ға (15,9%) дерлік өсті.

Мемлекет басшысының Ұлттық инвесторлар кеңесінде айтылған тапсырмасын іске асыру шеңберінде (2019 жылғы 24 мамыр) өңірде 2025 жылға дейін көлемі 1,8 трлн теңге болатын 330 жеке инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды.

Жобалардың басым бөлігі АӨК (141,3 млрд теңгеге 104 жоба), туризм (254,9 млрд теңгеге 50 жоба), қайта өңдеу (233 млрд теңгеге 29 жоба), тау-кен металлургия кешені (323 млрд теңгеге 23 жоба), машина жасау (73,7 млрд теңгеге 12 жоба), құрылыс индустриясы (92,1 млрд теңгеге 27 жоба) салаларына тиесілі.

Өңірге инвестиция тарту бойынша жұмыс басым бағыттар аясында жалғасуда.

 

Өңдеу өнеркәсібі – индустриялық сектордың негізі

Өнеркәсіп саласында облыс құрамында алтын бар кенді, уранды өндіруге, машина жасауға, химия өнеркәсібіне маманданған. Өңір Қазақстанның минералдық-шикізат кешенінде жетекші орындардың бірін алады.

Облыстың өңдеу өнеркәсібінде 613 ірі, орта және шағын кәсіпорындар мен өндірістер жұмыс істейді.

2021 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 501,1 млрд теңгені құрады (2020 жылдың 7 айы – 434 млрд тг), НКИ – 108,2% (2020 жылдың 7 айы – 104%). Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 82,9% (2020 жылдың 7 айы – 81,7%) құрады.

Өңірде өңдеуші өнеркәсіптің 70%-дан астамын қалыптастыратын негізгі салалар – металлургия (үлесі – 41,5%), тамақ өнімдерін өндіру (үлесі – 13%), машина жасау (үлесі – 16,5%).

2021 жылдың 7 айында индустриялық секторға 103,7 млрд теңге инвестицияланды. Оның жартысынан астамы (58,9 млрд тг) өткен жылдың деңгейіне қарағанда 1,5 есе өсіммен өңдеу секторына бағытталды.

2020 жылы инвестициялар көлемі 120 млрд теңгеден асатын (1,5 мың жұмыс орны) 29 индустриялық жоба іске асырылды, бұл инвестициялардың бестен бір бөлігі тамақ өнеркәсібі жобаларымен игерілді. Осы жылы өнеркәсіпте 1,3 мың жұмыс орнын құрумен 162 млрд теңге инвестициялар сомасына 31 жобаны іске қосу күтілуде (бүгінгі күні 1,1 млрд теңгеге 7 жоба енгізілді). 2021 жылдан кейін 4 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 623 млрд теңгеге 89 жобаны іске асыру жоспарланған.

2021 жылы іске қосылатын ірі индустриялық объектілер:

  • «Ақсу Технолоджи» кен өңдеу қуаттылығы жылына 5 млн тонна алтын өндіру фабрикасы (Степногорск қ., 86,2 млрд тг);
  • қуаты жылына 120 млн дана SG Brick кірпіш зауыты (Аршалы ауданы, 11,2 млрд тг);
  • қуаты жылына 6 мың тонна «Ақ Дала Агро» құс фабрикасы (Аршалы ауданы, 8,5 млрд тг);
  • «ЕНКИ Плюс» ЖШС қуаттылығы жылына 30 млн дана кірпіш зауыты (Көкшетау қ., 5 млрд тг);
  • «Виччи» ЖШС жел электр станциясы (Көкшетау қ., 2 млрд тг);
  • «Баха Соне» ЖШС сұлы қауызын өндіретін фабрика (Атбасар ауданы, 1,8 млрд тг).

Степногорск қаласындағы алтын шығару фабрикасы туралы айтатын болсақ, биылғы жылдың тамыз айында «АК Алтыналмас» АҚ Ақмола облысындағы «Ақсу» алтын өндіру фабрикасын (Ақсу АӨФ) өнеркәсіптік пайдалануға іске қосты.

Жаңа АӨФ операторы «Ақсу Technology» ЖШС болып табылады. Фабриканы жобалау және салу бойынша жұмыстарды Алтыналмастың еншілес кәсіпорындары болып табылатын «AAEngineering Group» ЖШС жүзеге асырды.

Жаңа алтын шығару фабрикасын салу және іске қосу бизнесті тұрақты дамыту жөніндегі бастамалар шеңберінде іске асырылды. «Ақсу» жобасы АӨФ, қалдық сақтау қоймасын, 600 адамға арналған вахталық кентті, жаңа жинақтаушы тоғанға су тартқышты, сондай-ақ 110 кВ-тық жаңа қосалқы станция мен электр беру желісін салуды қамтиды. Бұл жобаны іске асыру Ақсу алаңының тыныс-тіршілігін ұзартуға мүмкіндік берді. Көп жылғы қазудың нәтижесінде Ақсу кенішінің №38-40 шахталарының қорлары таусылды, бұл кеніштің жабылуына және 256 адамның босатылуына әкелді. Қорлары жер асты тәсілімен өңдеуге жарамды кенішті ашық тау-кен жұмыстары арқылы өндіру тәсіліне ауыстырумен 787 жұмыс орны құрылды. №38-40 шахталардың 190-нан астам қызметкері қайта даярлаудан өтіп, Алтыналмаста табысты жұмысқа орналасты.

Ақсу АӨФ-нің бастапқы кен бойынша өнімділігі жылына 5,000,000 тонна кенді құрайды және Қазақстан Республикасының алтын шығаратын ең ірі және озық фабрикаларының біріне айналады.

Жаңа АӨФ кенін қайта өңдеу процесі үш сатылы ұсақтаудан, екі сатылы ұсақтаудан, гравитациялық концентратты қарқынды шаймалаумен гравитациялық байытудан, сорбциялық шаймалаудан, бөлінген англо-америкалық зертхана әдісімен десорбциядан және алтынды электролизден шығарып, содан кейін дайын өнімге — Доре алтын-күміс қорытпасына балқытудан тұрады.

Жаңа АӨФ технологиялық процесінің толық циклі 2020 жылы іске қосылған Қарағанды облысындағы «Пустынное» жобасының «Долинное» алтын өндіру фабрикасында табысты пайдаланылатын «SCADA» автоматтандырылған басқару жүйесімен басқарылады және бақыланады.

Айта кету керек, 2020 жылы «AAEngineering Group» ЖШС «Ақсу кентіндегі алтын өндіру фабрикасының цифрлық қосарлануы: тұжырымдамадан бастап іске қосуға дейін» жобасы үшін «Тау-кен өнеркәсібі және теңіз кен орындарын игеру» номинациясы бойынша Bentley Systems «Year in Infrastructure 2020» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды.

«Ақсу» АӨФ соңғы 10 жылда «АК Алтыналмас» АҚ салған және пайдалануға берген бесінші фабрикаға айналды.

 

Ақмола тауар өндірушілерінің азық-түлік өнеркәсібі өнімдері облыс тұрғындарының қажеттіліктерін толық өтейді

Өңдеуші сектордың дамуына елеулі үлес қосып отырған азық-түлік өнімдері өнеркәсібі (2021 жылғы 7 айда өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі саланың үлесі – 15,7%, 2020 жылғы 7 айда – 14,6%).

Осы сегменттегі жоғары өсу қарқыны соңғы 5 жылда сақталып отыр (НКИ 2016 жылы – 102,9%, 2017 жылы – 103,1%, 2018 жылы – 107,6%, 2019 жылы – 103,2%, 2020 жылы – 109,9%) және осы уақытқа дейін сақталып келеді. 2021 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тамақ өнеркәсібінде өсу қарқыны 18% құрады (2020 жылдың 7 айында – 104,4%), бұл орташа республикалық деңгейден 13,8%-ға жоғары (ҚР – 103,9%).

Ел ауқымында әрбір 3 тонна (33,5%) құс еті, әрбір 6 литр (16,8%) өңделген сүт, әрбір 6 (16,8%) тауық жұмыртқасы, әрбір 12 литр (7,9%) минералды су, әрбір 14 тонна (6,7%) ұн Ақмола облысында өндірілген.

Бүгінгі таңда ақмолалық тауар өндірушілердің өндірісі облыс тұрғындарының қажеттіліктерін толығымен өтеп қана қоймай, олардан да асып түседі:

ұн бойынша 40 есе (3943,6%, 261 мың тонна), құс еті бойынша 5 есе (475%, 55,9 мың тонна), тағамдық жұмыртқа бойынша 4 есе (414,7%, 808,3 млн дана), ІҚМ еті бойынша 1,6 есе (158,6%, 23,3 мың тонна).

Дәстүрлі экспорттық позициялар – ұн, сүт өнімдері, ет және жартылай дайын өнімдер, тауық жұмыртқасы, сусындар. Экспорттық бағыттар – ҚХР, Ресей Федерациясы, Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және т. б. Өңірдің тамақ өнеркәсібі саласының ірі өкілдері – «Урожай» ЖШС, «Интер-Трейд» ЖШС, «Айбат» ЖШС, «Милк Проджект» ЖШС, «Агрофирма «Родина» ЖШС, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС, «Капитал Проджект ЛТД» ЖШС, «МПЗ Бижан» ЖШС, «Агример-Астық» ЖШС.

 

Тұрақты жұмыс орындары және жұмыссыздар санын қысқарту – өңірдің ауқымды міндеттері

Белгілі болғандай, Үкімет шағын және орта бизнесті қолдау, тұрақты жұмыс орындарын ашу және жұмыссыздар санын қысқарту бойынша бірқатар бағдарламаны іске асыруда. Ақмола облысында да осы міндеттерді шешу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша «Атамекен» ҰКП арқылы 1 300 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 1415 адам оқуға кірісті немесе 108,8%.

2021 жылдың 1 қыркүйегіне 291,4 млн теңге сомасына 523 грант берілді немесе жылдық жоспарға 100,8% (жоспар – 302,8 млн теңге сомасына 519 грант).

2085,1 млн теңге сомасына 354 микрокредит беру жоспарлануда, оның ішінде ауылдық жерлерде 1200 млн теңге сомасына 272 микрокредит және қалаларда 885,1 млн теңге сомасына 82 микрокредит. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 1551,7 млн теңге сомасына 319 микрокредит берілді.

Бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылғы деңгейге қарағанда 7,8%-ға 48,2 мыңға дейін, жұмыспен қамтылғандар саны – 4,5%-ға 129,9 мың адамға дейін (01.04.2021 ж.), ШОК субъектілерінің өнім шығаруы 1,5 есе 214,5 млрд теңгеге дейін (01.04.2021 ж.), салық төлемдерінің көлемі 21,9%-ға 37,2 млрд теңгеге дейін (01.08.2021 ж.) артты, 4 307 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің жалпы қосылған құны жыл басынан бері 29%-ды (131,9 млрд тг) құрады.

 

01.09.2021 жылғы жағдай бойынша облыста барлығы 14605 жаңа жұмыс орны құрылды немесе жылдық жоспардың 84,4% (17303). Оның ішінде тұрақты 9479 жұмыс орны немесе жылдық жоспардың 93,1% (10178).

Жұмыссыздықты қысқарту бойынша жұмысқа орналастыруға қарқынды бағыт жүргізілуде. Лайықты бос орын болмаған жағдайда, жұмыссыз адам еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға жіберіледі және т. б.

2021 жылы Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 777 азаматты қамту жоспарлануда. 2021 жылдың 1 қыркүйегіне 6149 адам немесе 90,7% қамтылды.

«Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты шеңберінде 1 685 адамды қамту жоспарлануда, 1.09.2021 ж. жағдай бойынша 1737 немесе 103% қамтылды, оның ішінде:

  • техникалық және кәсіптік білім — 9-11 сыныптардың 1 190 түлегі, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқуға жіберілді;
  • қысқа мерзімді кәсіптік оқыту — 495 адам, оқуға 547 адам немесе 110,5% кірісті. Қысқа мерзімді оқытуды 380 адам аяқтады және оқуды аяқтағандардың 259-ы немесе 68,1%-ы жұмысқа орналастырылды.

 

2021 жылдың соңына дейін 655 мың м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда

Өңірді дамытудағы негізгі салалардың бірі – тұрғын үй құрылысын іске асыру.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 574 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы аясында Ақмола облысында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 574 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, жоспар 7,4%-ға асыра орындалды (КДС жоспары – 570,3 мың м2).

Пайдалануға берілді:

  • жалға берілетін тұрғын үй – 34,1 мың м2, бұл — 12 КПТҮ немесе 537 пәтер, оның ішінде көп балалы отбасылар үшін – 186 пәтер;
  • несиелік тұрғын үй 2,9 мың м2, бұл – 1 КПТҮ немесе 45 пәтер.

2021 жылы 655 мың м2 (2020 жылғы деңгейге 114,1%) тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде санаттар бойынша:

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй — ауданы 51 мың м2 23 КПТҮ немесе 815 пәтер;

Кредиттік тұрғын үй — ауданы 39 мың м2 11 КПТҮ немесе 594 пәтер;

Коммерциялық тұрғын үй — 109 мың м2 (шамамен 1300 пәтер);

Жеке тұрғын үй — 456 мың м2 (шамамен 3100 пәтер).

2021 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша 378,6 мың м2 пайдалануға берілді (2020 жылғы деңгейге 104,8%), оның ішінде санаттар бойынша:

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй – 12,2 мың м2;

Кредиттік тұрғын үй – 5,5 мың м2;

Коммерциялық тұрғын үй – 286,3 мың м2;

Жеке тұрғын үй – 74,6 мың м2.

7-20-25 ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы шеңберінде 26.08.2021 ж. жағдай бойынша 14 млрд теңгеге 1518 өтінім мақұлданды.

 

Өңірде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының даму деңгейі жыл соңына қарай 82%-ға жетеді

Ақмола облысы транзиттік-көлік әлеуетін дамыту тұрғысынан перспективалы өңірлердің бірі. Облыс Ресейдің ірі аймақтарымен: Омбы, Новосибирск, Курган, Челябинск, Тюмень, Свердлов облыстарымен шектеседі, оларға бір күн ішінде автомобиль көлігімен жетуге болады. Облыс аумағында алты жолақты 205 шақырымдық Нұр-Сұлтан-Щучинск автобаны бар. Сонымен қатар, облыста дамыған теміржол желісі және халықаралық әуежай бар. Көкшетау қаласы арқылы темір жолдың 4 тармағы өтеді. Облыста республика бойынша темір жолдардың тығыздығы ең жоғары.

Өңірде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы шамамен 5626 км, облыстық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 2661 км және аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 2965 км құрайды.

Іске асыру шеңберінде жыл сайын жолдардың жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілетін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы халық үшін қолайлы әрі қолжетімді болатын, ұтқырлықты, еңбек өнімділігін және өмір сүру сапасын арттыратын көлік инфрақұрылымын құруға бағытталған.

2021 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көше-жол желісін салуға, жөндеуге 38,8 млрд теңге (РБ – 17,6 млрд теңге, ОБ – 21,2 млрд теңге) көзделген.

Бөлінген қаражат шеңберінде жалпы 232 жобаны іске асыру жоспарлануда, ағымдағы жылы – 172 (облыстық маңызы бар жолдар - 7 жоба, аудандық маңызы бар жолдар – 165) жобаны аяқтау жоспарлануда. Облыстық, аудандық маңызы бар (317,2 км) 800 км автожол және елді мекендердің көше-жол желісі (472,1 км) жөнделетін болады.

Сондай-ақ, келесі ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда: Зеренді ауданының Заречное ауылында Чаглинка өзені арқылы өтетін көпір, «Қонысбай-Сейфуллин-Қызылсай», «Петровка-Острогорка-Мариновка», «Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минск», «Ерейментау қаласына кіреберіс», «Атбасар-Қима», «Атбасар-Сочинское», «Зеленый Бор-Мәдениет» және т.б. Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендер – Ақмол, Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Жібек жолы, Қажымұқан, Ключи, Ы. Алтынсарин және т. б. көше-жол желілерін салу және жөндеу бойынша ірі жобалар да іске асырылып жатыр. 

Қазіргі уақытта «Бабатай-Волгодоновка-Береке-Нововладимировка», «Щучинск-Степняк-Уәлиханов» автожолдарын күрделі жөндеуге, «Қорғалжын ауылына кіреберіс» жолдарын орташа жөндеуге, «Щучинск-Бурабай-Наурызбай батыр-облыс шекарасы» автожолын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жоспарланған жобаларды іске асыру нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі бойынша ағымдағы жылдың жоспарлы көрсеткіші - 82%-ға қол жеткізілетін болады.

Жұмыс келесі бағдарламалар аясында жүргізіледі:

  • «Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу»;
  • «Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары»;
  • «Шет аймақтарды дамыту»;
  • «Ауыл – Ел бесігі»;
  •  «Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту бағдарламасы»;
  •  «Моноқалаларды дамыту»;
  • «Көкшетау, Степногорск қалалары мен елді мекендердің көше-жол желісін және аудандық маңызы бар жолдарды салуға және жөндеуге берілетін нысаналы трансферттер».

Құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде қолданылатын материалдардың сапасына және жұмыс өндірісінің технологиясына ерекше назар аударылады.

Жұмыстарды сапалы жүргізу, бюджет қаражатын игеру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде міндетті түрде бес сатылы бақылау жүзеге асырылады, яғни техникалық және авторлық қадағалау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша жол активтері сапасының ұлттық орталығы және мердігерлік ұйымдардың зертханаларының бақылауы жүзеге асырылады, олар асфальтбетон жабынының, қиыршық тастың және басқа да қолданылатын материалдардың сынамаларын алу арқылы зертханалық сынақтар жүргізеді, соның негізінде қолданылатын құрылыс материалдарының сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н. Назарбаевтың Щучье-Бурабай курорттық аймағының ормандарын Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл» белдеуімен байланыстыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2009 жылдан бастап кезең-кезеңмен жұмыстар жүргізілуде, жалпы ауданы 2 575 га болатын аумақта 2 кезеңмен ағаштар отырғызылды.

2020 жылы көшеттерді механикалық және қолмен күту бойынша жұмыстар жүргізілді (қатараралық және кулисаралық кеңістіктерді культивациялау, қатарларда қолмен күтім жасау, суару, өртке қарсы бөліктерде топырағын қопсыту).

2021 жылы 3 кезеңмен іске асыру мақсатында Ақкөл, Біржан сал, Бұланды және Бурабай аудандарының аумағында кейінгі жылдары ағаш отырғызу үшін топырақты зерттеу (ауданы 2,5 мың га) және жобалау жұмыстары жалғасуда.

 

Қазақстанда глэмпингтің танымалдылығы артуда

Ақмола облысында жергілікті туристік ортаның имиджі мен тартымдылығын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Ішкі туристік келушілердің жалпы құрылымында өңірдің басты курорты – Бурабай көш бастап тұр. Әсіресе туристер арасында Абылай хан алаңы (киелі география объектісі), Көкшетау, Оқжетпес, Бөлектау таулары ерекше танымал.

Бурабай курортында жаңа объект – «Абылайхан» экспозициялық кешені (мультимедиалық мәдени-көрме кеңістігі) енгізілді, ол келешекте біздің азаматтарымыздың сапарларының санын ұлғайту үшін жағдай жасайды.

Демалыс күнгі турлар халық арасында танымал бола бастады. Мұндай турлар Нұр-Сұлтан қаласының айналасында айтарлықтай дамыған.

Бұл ретте, бұл турлардың өзегі елорда маңындағы белдеуді орналастыру объектілері болды (Ақкөл, Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандары).

Әлеуметтік желілерде облыстың 8 ауданын (Сандықтау, Атбасар, Бұланды, Ақкөл, Шортанды, Ерейментау, Қорғалжын және Біржан сал ауданы) қамтыған «Зерттелмеген Ақмола» өңірдің туристік және инвестициялық тартымдылығын ілгерілету бойынша травел жоба іске қосылды.

Жағымды имидж қалыптастыру аясында Ақмола облысының жалпыұлттық маңызы бар 10 киелі орын бойынша 3D тур әзірленіп, Ақмола облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» ҚММ-ның https://history-akmola.kz/3dtur сайтына орналастырылды.

Туристерге қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында экскурсия жүргізушілерді қысқа мерзімді даярлау курстары жүргізілуде (10 адам сертификат алды).

Статистика органдарының алдын ала деректеріне сәйкес, Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қызмет көрсетілген келушілер саны 317,8 мың адамды құрады («Бурабай» МҰТП-ға келгендер саны – 280 мың адам, «Көкшетау» МҰТП-ға келгендер саны – 37,8 мың адам).

Орналастыру орындарында тоқтаған келушілер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59%-ға өсті және 141 мыңнан астам адамды құрады. Туристік сапарлар бойынша көрсеткіштен асып, жылдың соңына қарай 600 мыңнан астам белгіге жету ықтималдығы жоғары (резиденттер – ішкі туристер есебінен).

Туристердің көптеп келуіне қол жеткізу тауашалық туристік өнімдерді қарқындатумен және ішкі нарықта әлеуетті ілгерілетумен қамтамасыз етіледі.

Өңірдің туристік инфрақұрылымдық кешенін дамыту үшін 2021 жылы 6,7 млрд теңгеге жалпы инвестиция сомасына 22 жобадан жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 7 жоба іске асырылды, олардың ішінде ең маңыздылары:

  • «Wyndham Garden» қонақ үйінің құрылысы («Зерновая индустрия – Астана» ЖШС);
  • «AQBURA Resort» отбасылық үлгідегі курорт құрылысы («Aqbura Development» ЖШС, І кезең – 2021 ж.).

Шекаралардың жабылуы кәсіпкерлерді демалыстың жаңа түрін – перспективалы бағыттардың бірі болып табылатын глэмпингті дамытуға итермеледі.

Ағымдағы жылдың маусым айында «Лес и Звёзды» жаңа туристік нысаны ашылды. 

«Жакибаева» ЖК Жүкей әсем көлінің жанында орналасқан (70 млн теңге, 10 жұмыс орны құрылды). Глэмпинг аумағында 10 таунхаус орналасқан. Олардың әрқайсысында 2-ден 5 адамға дейін орналаса алады.

А.ж. шілде айынан бастап қонақтарды «Бурабай» ұлттық паркінің қарағай орманы мен Жүкей таза көлінің (1 км) панорамалық көрінісі бар «Байбосынова» ЖК-ның «Орбита Жүкей» жаңа глэмпингтік аймағының (40 млн теңге, 5 жұмыс орны құрылды) 7 саласы қабылдады.

2021 жылдың жазғы маусымы ішкі туристік сапарлардың өсуіне байланысты жүктемелген режимде өтті.

Пандемия мен шектеулерге қарамастан, 2021 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңірдегі туризмнің дамуы оң деректер көрсетіп отыр.

Келушілерге қызмет көрсетумен айналысатын орналастыру орындарының саны 338 бірлікті құрады, оларда 5 157 нөмір бар, бұл ретте біржолғы сыйымдылығы 13 мыңнан астам төсек-орынды құрайды. Нысандар 4,5 млрд теңге сомасынаа қызмет көрсетті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 2,5 есе артық.

2020 жылы пандемиядан туындаған жағдайларға қарамастан, туристік сала субъектілерінен түскен салық түсімдерінің сомасы 1,8 млрд теңгені құрады.

Биыл өңір бюджетіне 2,5 млрд теңгеге жуық салық түсімдері болжанып отыр.

Астана маңындағы аймақты дамыту Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. 2011-2020 жылдар аралығында 84 млрд теңге бөлінді (республикалық бюджет – 71 млрд теңге, жергілікті бюджет – 13 млрд теңге). 34 ауылдық елді мекенде (Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандары) 132 іс-шара (1 кезең – 52 іс-шара, 2 кезең – 80 іс-шара) іске асырылды.

Қазіргі уақытта іске асыру мерзімі 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспардың үшінші кезеңін бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Ақмола облысында агломерацияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттары пысықталуда. Перспективалы ауылдарды дамытудың негізгі мақсаты – олардың өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестігін қамтамасыз ету.

Әкімдік ұсынған ақпарат бойынша, Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын іске асыру шеңберінде биыл Шортанды ауданының Мықтыкөл, Қаражар, Конкрынка, Егемен, Гуляй поле және басқа ауылдарды дамыту және оларда құрылыс салу схемаларын әзірлеу жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Ақкөл ауданы Домбралы, Радовка, Еңбек ауылдарын дамыту және салу схемалары, сондай-ақ Целиноград ауданы Қаражар ауылының бас жоспарына түзету бекітілді. Аршалы ауданы Түрген және Ақбұлақ ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары, сондай-ақ Аршалы кентінің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарымен бас жоспарды түзету келісу сатысында тұр.


Елорда айналасында 300 шақырымда Азық-түлік белдеуін дамыту жоспарлануда

Азық-түлік белдеуін дамыту аясында Нұр-Сұлтан қаласының айналасында 300 шақырымдық аймақ белгіленді, оған облыстың барлық 17 ауданы кірді.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен облыстың 128 кәсіпорны айналысады, оның ішінде 68 – мал шаруашылығы өнімдерін (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 6 – құс шаруашылығы өнімдерін (құс еті, ас жұмыртқасы), 54 – өсімдік шаруашылығы өнімдерін (ұн, картоп, көкөністер, өсімдік майы) жеткізеді. Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 сауда базарына, 29 сауда үйіне, 10 сауда орталығына өз өнімдерін жеткізуді жүзеге асырады.

Сондай-ақ, «Ақмол» дүкендер желісі жұмыс істейді, онда «Cаpital Projects LTD», ЖШС, «Астана Агро Продукт», «Ижевский» ЖК, «Гормолзавод» ЖШС, «Агрофирма Родина» ЖШС, «MilkProject» ЖШС және т. б. сияқты облыстың ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін өткізеді.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елорда нарығына (03.09.2021 ж. жағдай бойынша) 91,7 мың тонна сүт өнімдерін (2020 жылдың тиісті кезеңіне 0,7%-ға өсті), 19 мың тонна ет және ет өнімдерін (1,4%-ға өсті), 181,5 млн дана жұмыртқа жеткізді.

Ірі қалалардың шет аймақтарын дамыту бағдарламасы дамудың қосымша серпініне айналды. 2019-2020 жылдары оны іске асыру үшін 15 жоба бойынша 14,1 млрд теңге (РБ – 13,4 млрд теңге, ОБ – 0,7 млрд теңге) бөлінді. Оның 7-і аяқталды.

Ағымдағы жылы 14 жоба бойынша 9 млрд теңге бөлінді (РБ – 7,2 млрд теңге, ОБ – 1,8 млрд теңге), оның ішінде 8 ауыспалы және 6 жаңа жоба бар.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласының қала маңы аймағына кіретін аудандардың қатарында Ақкөл, Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандары бар. Елорда маңындағы демалыс аймақтары тек астанадан ғана емес, еліміздің басқа өңірлері мен жақын шетелден келген демалушыларды да қабылдайды. Табиғи, зоологиялық, гидрологиялық жағдайлардың, мәдениет және тарих ескерткіштерінің болуы туризм инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан қаласының қала маңы аймағындағы туризм демалыс күндері демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласының қала маңы аудандарына баратын жергілікті халыққа сүйенеді. Тиісінше, бұл аймақта демалыс күндегі туризм дамыған. Астаналық туризм аймағындағы туризм индустриясы 90-нан астам нысанды қамтиды. Сондай-ақ туристік сала нысандарының арту үрдісі байқалады – бұл қонақ үйлер мен демалыс базалары, қонақ үйлер мен жол бойындағы сервис объектілері.

Одан әрі дамыту үшін елорда маңындағы аудандардың әкімдіктері жосықсыз демалыс аймақтарында ұйымдасқан кәсіпкерлік қызмет үшін учаскелер бөлу бойынша жұмыстар жүргізуде.

 

2021-2023 жылдарға өңірді газдандыруға 13 жобаны қаржыландыру көзделген

Газдандыру мәселесі де өңірде ерекше бақылауда. «Сарыарқа» магистралды газ құбыры құрылысының I кезеңі аясында «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша Аршалы ауданының 17 елді мекенінде және Целиноград ауданының 3 елді мекенінде (Аршалы ауданы – Аршалы кенті, Берсуат ауылы, Байдала ауылы, Волгодоновка ауылы, 42 разъезд станциясы, Қойгелді ауылы, Жібек жолы ауылы, Жалтыркөл ауылы, Шөптікөл станциясы, Ижевское ауылы, Түрген ауылы, Анар ауылы, Донецкое ауылы, Арнасай ауылы, Бабатай станциясы, Ақбұлақ ауылы, Ақтасты ауылы; Целиноград ауданы – Қоянды ауылы, Шұбар ауылы, Аққайың ауылы) газ тарату желілерінің құрылысы басталды. 

2020 жылы 4 жоба бойынша (Аршалы кенті, Донецкое ауылы және Анар станциясы, Аққайың ауылы) республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді және игерілді. Облыстық бюджеттен жалпы сомасы 723 млн теңгеге 5 жоба (Аршалы кенті, Жібек жолы ауылы және Жалтыркөл ауылы, Қоянды ауылы, Шұбар ауылы) қаржыландырылды.

2021-2023 жылдарға республикалық бюджеттен жалпы сомасы 14,4 млрд теңгеге (2021 ж. – 4,8 млрд теңге, 2022 ж. – 5,6 млрд теңге, 2023 ж. – 4 млрд теңге) 13 жобаны қаржыландыру көзделген.

Астана маңындағы аймақтың 8 ауылын (Целиноград ауданы – Ақмол, Қаражар, Қараөткел, Қосшы, Қызылсуат, Тайтөбе, Талапкер, Ы. Алтынсарин) 2020 жылы облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлінді, биыл 531 млн теңге қарастырылған. Газдандыру жобаларын іске асыру 130 мыңнан астам адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Газдандыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға оң әсерін тигізеді.

 

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық жабдықтау: облыстың денсаулық сақтау жүйесі тұрақты жұмыс істейді

Соңғы екі жылда облыста денсаулық сақтау жүйесін дамыту және нығайту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Бұған 140 млрд теңге бөлінді (республикалық және жергілікті бюджеттен). Денсаулық сақтау мекемелерін жарақтандыру деңгейі 76,9%-ға дейін ұлғайды. Бұл мақсатқа 7,4 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде ӨЖЖ аппараттарының саны 2 есеге, оттегі концентраторларының саны 15 есеге артты.

Медициналық жабдықпен жарақтандыруға 2,6 млрд теңге (жергілікті бюджеттен 10% қоса қаржыландырумен) бөлінген жаңа онкологиялық емхана салынды.

Биыл жеке әріптесті тарта отырып, 630 төсек-орындық жаңа көпбейінді аурухана салу бойынша жұмыс басталды. Бұл жобаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының көп бейінді ауруханаларды салу жөніндегі 20 жобасы шеңберінде іске асырады.

Екі айдың ішінде өңірде 200 орындық инфекциялық аурулар орталығы салынды, ол коронавирус инфекциясымен науқастанған науқастарды емдеуге жатқызу бойынша үлкен жүктемені алды. Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар орталығы 100 пайыздық жүктемеге ие. Жалпы, оны пайдалануға берген сәттен бастап оның базасында 3 мыңнан астам адам ем алды.

Ауылдық жерлерде де денсаулық сақтау жүйелі дамуда. Мысалы, Целиноград ауданы Софиевка ауылының тұрғындары биылдан бастап жаңа заманауи дәрігерлік амбулаторияға баруға мүмкіндік алды. Қосшы қаласындағы жаңа емхананың, Қараөткел ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның және Целиноград ауданы Қоянды ауылындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы аяқталуда.

Жеке жеткізушілер есебінен Степногорск қаласындағы емхана ғимаратына заманауи жөндеу жүргізілді, Көкшетау қаласында 1 млрд теңгеден астам сомаға 100 төсек-орындық оңалту орталығы салынуда.

Коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды емдеуге келетін болсақ, бүгінде ол 21 инфекциялық стационар базасында жүргізіледі. Олардың төсек-орын қоры 1750 орынды құрайды, олардың 47%-ы немесе 814 төсек-орын бос емес. Ауруханаға жатқызылғандар санының төмендеуі байқалады.

Барлық инфекциялық стационарлар толық көлемде оттегі аппараттарымен қамтамасыз етілген: 1750 төсек-орын — 518 оттегі концентраторымен, 1029 төсек-орын — оттегі баллонымен, 943 төсек-орын — орталықтандырылған оттегі жеткізумен.

Ковидті емес бейінді реанимация бөлімшелерінің дәрілік заттармен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.

Өңірде 352 дәріхана жұмыс істейді. Дәрілік заттарды сатып алу және тасымалдау бойынша «Аманат», «Гелика», «СтоФарм, «Арша» ЖШС ірі жеткізушілерімен жұмыс жолға қойылды (40 позициядан астам). Дәріханаларда вирустық ауруларды емдеуге арналған барлық қажетті дәрі-дәрмектер бар.

Бүгінгі таңда өңірде денсаулық сақтау жүйесін компьютерлік техникамен жабдықтау 100% құрады. Медициналық ұйымдардың 94%-дан астамы интернет желісіне қосылған.

Міндетті медициналық сақтандыруы бар азаматтардың саны 625 297 адамды немесе облыс халқының 85% құрайды, облыс халқыныңы жалпы саны – 736 297 адам. Өңір тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, сақтандырылған халық санын арттыру мақсатында МӘМС іске асыру жөніндегі өңірлік штабтың тоқсан сайынғы отырыстарында өзекті мәселелер қаралады. Халықпен түсіндіру жұмыстары жандандырылды, жұмыспен қамту, мемлекеттік кірістер органдарымен және көші-қон қызметімен бірлесіп сақтандырылмаған адамдардың тізімдеріне мониторинг жүргізілуде.

 

Үш ауысымды оқытуды жою үшін 6 мектеп салынып жатыр

Облыстың білім беру жүйесінде пандемиямен байланысты қиындықтарға қарамастан, білім берудің барлық деңгейлерінде оқыту сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғасуда. 1216 білім беру ұйымы жұмыс істейді (оның ішінде 599 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 553 мектеп, 29 арнайы ұйым, 3 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым, 32 ТжКБ ұйымы). Білім саласының бюджеті 133,4 млрд теңгені құрайды.

Облыста үш ауысымда оқытатын 10 мектеп жұмыс істейді. (Көкшетау қ. №1 ОМ, №4 ОМ, №17 ОМ; Аршалы ауданы Жалтыркөл ауылында Мартынов ОМ, Жібек жолы ауылында Новоалександров ОМ; Қосшы ауылында №1 және №2 ОМ, Қаражар ауылы мектебі, Шұбар ауылындағы ОМ, Целиноград ауданы Раздольный ОМ).

Үш ауысымды оқытуды жою шеңберінде 3 380 орындық 6 мектептің (Қосшы ауылында 1 200 орындық, Шұбар ауылында 300 орындық, Целиноград ауданының Раздольное ауылында 80 орындық, Аршалы ауданының Жібек жолы және Жалтыркөл ауылында 300 орындық) және Көкшетау қаласының мектептеріне 960 орындық 2 қосымша оқу корпусының (Көкшетау қаласында 600 орындық №1 ОМ, 360 орынды қ№4 ОМ) құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Көкшетау қаласындағы Сарыарқа шағын ауданында 1 200 орындық мектеп құрылысын бастауға қаражат бөлінді.

2021 жылы Целиноград ауданында 1 280 орындық 2 мектеп (Қосшы ауылында 1 200 орындық, Раздольное ауылында 80 орындық) және Көкшетау қаласының №1 орта мектебіне қосымша оқу корпусы пайдалануға беріледі.

2022-2023 жылдары 7 мектеп іске қосылады (Шұбар ауылында 300 орындық, Қаражар ауылында 300 орындық және Целиноград ауданының Қосшы ауылында 1 200 орындық, Аршалы ауданының Жібек жолы және Жалтыркөл ауылында 300 орындық, Көкшетау қаласының №4 ОМ 360 орындық қосымша құрылыс және 1 200 орындық мектеп).

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 1.09.2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында сапалы білім беру мәселелеріне назар аударды.

Бұл бағытта өңірде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы облыста халықаралық, республикалық зияткерлік конкурстар мен олимпиадалардың 20 жүлдегері Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындарына түсіп, өздерінің кәсібі үшін жол таңдады.

Олардың ішінде 16 түлек Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарына грантқа сәтті түсті. Аз қамтылған отбасылардан шыққан және өмірлік қиын жағдайда жүрген облыстың 4 түлегіне (республикалық, облыстық конкурстардың жеңімпаздарына) жоғары білім алу үшін «Сталь Трейд» ЖШС компаниясы грант бөлді.

Бұдан басқа, 2021-2022 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 150 білім гранты бөлінген, оның ішінде 100 — педагогикалық мамандықтарға, 50 — медициналық мамандықтарға.

Денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға (резидентура) 35 білім беру гранты бөлінген. Қазіргі уақытта гранттар берілді.

Мемлекет басшысы 1.09.2021 жылғы Жолдауында білім беру жүйесіне ынталы және білікті педагогтер қажет екенін атап өтті.

Бұл бағытта өңірде педагогикалық мамандық бұрынғысынша беделді мамандықтардың қатарында екенін атап өткен жөн.

Облыс мектептерінде 15 810 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 13 344 педагогтің немесе 84,4%-ның жоғары педагогикалық білімі бар, 454 педагог магистр дәрежесіне ие (2,9%).

Жаңа жүйе бойынша 9161 педагог аттестатталды. Оның ішінде педагог-шебер – 49 мұғалім, педагог-зерттеуші – 2402, педагог-сарапшы – 4168 және педагог-модератор – 2542. Қазіргі уақытта өңір бойынша педагогтерге қажеттілік жоқ.

Педагог қызметкерлер мәртебесінің және олардың жалақысының көтерілуіне байланысты талапкерлер арасында педагогикалық мамандықтарға түсуге қызығушылықтың өсуі байқалады.

Мәселен, ағымдағы жылы педагогикалық мамандықтарға техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 745 орын көлемінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Бұл ретте талапкерлерден 1440 өтінім келіп түсті.

Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджет қаражаты есебінен педагогикалық мамандықтарға 100 білім гранты бөлінді, конкурсқа қатысуға 258 өтінім келіп түсті.

 

Өңірлердің қаржылық дербестігі – табысты дамуының кепілі

ҚР Президенті Қ. Тоқаев 1.09.2021 жылғы Жолдауында өңірлердің қаржылық дербестігін арттыру мәселесіне назар аударды.

Бұл бағытта жалпы жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге берілді. Осы кезеңде экономикалық белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, жергілікті бюджеттерге түсімдер жоспардан 25%-ға артық болды. Бұл әкімдердің жергілікті бизнесті дамытуға, инвестициялар мен салық базасын ұлғайтуға деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.

Бюджет деңгейлері арасында кірістерді қайта бөлу өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдің кірістерін 9,8 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік берді, яғни республикалық бюджеттен шағын және орта бизнес субъектілерінен корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке берілді (облыс бюджетіндегі үлес салмағы – 11%). Ағымдағы жылдың 8 айында облыс бюджетінде корпоративтік табыс салығының сомасы 6,9 млрд теңгені құрады (жыл қорытындысы бойынша 10,1 млрд теңге сомасында күтілуде).


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.