«Ashyq» қосымшасын жаңғырту: масштабтау, біріктіру және жаппай пайдалану

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі Әсет Тұрысовтың, ҚР СИМ вице-министрі Ержан Қазанбаевтың, ҚР ДСМ электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаевтың және «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, оның негізгі тақырыбы «Ashyq» жобасын жүзеге асыру болды.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі Ә. Тұрысов атап өткендей, қазіргі уақытта «Ashyq» жобасы еліміздің барлық өңірлеріне таратылған. Ағымдағы жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша оны пайдаланушылар саны 1,6 млн құрайды. 

«Ashyq» мобильді қосымшасына мүліктік құқық қазір ЦДИАӨМ-ге тиесілі және серверлері «ҰАТ» АҚ-ның қорғалған тізбегінде орналасқан. «Ashyq» мобильді қосымшасы үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 18 мамырында андроидта «Ashyq»-тың жаңа нұсқасы іске қосылды, онда өз статусыңызды QR-кодты сканерлемей-ақ тексеруге болады», — деді Ә. Тұрысов.

Оның айтуынша, сондай-ақ қосымшаны еgov-қа тиесілі мобильді азаматтар базасымен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілді және жақында вакциналау паспортымен кіріктіру бойынша жұмыс аяқталады.

Бағдарлама жұмысындағы соңғы іркілістерге келетін болсақ, Әсет Тұрысовтың айтуынша, ол бағдарламаның «ҰАТ» АҚ операторына бейімделуіне және оның толық сүйемелдеуіне көшуіне байланысты туындаған. 

Биыл 19 мамырда Aitu платформасы арқылы азаматтардың статусын тексерудің балама әдісі іске қосылғаны тағы бір маңызды оқиға болды. Aitu ПТР республикалық базасынан деректерді қамтымайтын, тек адамның статусын ғана көрсететін бағдарлама ғана екенін атап өткен жөн.

«Егер сіз "Ashyq" қосымшасында техникалық проблемаларға тап болсаңыз, Aitu платформасына жүгінуге болады. Бұл платформада да "Ashyq" бар, онда сіз өзіңіздің статусыңызды тексере аласыз», — деді Әсет Тұрысов.

Қосымша ashyq.kz сайты іске қосылды, сол арқылы адам өзінің статусын мобильді құрылғыларға қосымшаларды жүктемей-ақ тексере аласыз. Осы парақшаны толтыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, онда «Ashyq» мобильді қосымшасының сипаттамасы бар бөлімдер қамтылады, жиі қойылатын сұрақтармен танысуға болады, техникалық қолдаудың байланыс мәліметтері табуға болады. Бұл парақшаға сілтеме мобильді қосымшада қолжетімді болады.

Сондай-ақ, жақында қазақстандықтар осындай бірнеше қосымшаның ішінен таңдау жасай алуы үшін басқа да осы тәріздес мобильді қосымшалар іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, пайдаланушылардың жеке деректерінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында қазіргі уақытта «Ashyq» қосымшасы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып табылатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ серверлерінде қорғалған контурда орналасқан.

«Сондай-ақ, «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес ақпараттық жүйе тәжірибелік пайдаланудан өткеннен кейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізілуі тиіс, ол 1 жылға созылады. Өз кезегінде, осы қосымша ақпараттық жүйенің өмірлік цикліне сәйкес тәжірибелік пайдаланудан өтеді және пилоттық режимде пайдаланылады», — деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

«Ashyq» қосымшасы туралы қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз ету үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығының базасында пайдаланушыларды техникалық қолдаудың «бірінші» желісі құрылды. «Атамекен» ҰКП бизнес өкілдері үшін 1432 call-орталығы да қолжетімді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Telegram мессенджерінде @support_ashyq_bot техникалық қолдау қызметі іске қосылды. Сонымен қатар, қосымша бойынша қол жеткізуге болатын объектілер тізбесі әкімдіктердің және «Атамекен» ӨКП сайттарында орналастырылады.

Бүгінде Қазақстанда «Ashyq» қосымшасымен 2 ірі нысан — Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайлары жұмыс істейді. Жақында мұндай нысандардың тізімі кеңейтіледі. Бұл туралы брифинг барысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәлім етті. 

«Қазір “Ashyq”-тың басқа да ірі нысандарда пайдаланылу мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, "Астана Арена" стадионында 6000 адамның қатысуымен футбол матчы өтті. COVID-19 бойынша "сары" статусы бар бір адамды қоспағанда, барлығы матчқа кіргізілді. Егер азаматтардың өту үдерістерін толық үйлестіре алсақ, біз бұл тәжірибені басқа ареналарда да қолдана аламыз, тіпті келушілердің санын 20%-дан 30%-ға дейін арттыра аламыз деп үміттенеміз», — деді Ю. Якупбаева. 

«Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасарының айтуынша, Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің «Ashyq» жобасын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне тарату туралы соңғы қаулысы аясында кәсіпкерлік нысандарында кесте бойынша Шымкент, Түркістан, Ақтау, Қостанай қалаларының әуежайлары қосылған. Сондай-ақ, «Ashyq» лотерея клубтарының жұмысында қолданылатын болады.

Бас дәрігердің қаулысын бұзуға жол берген субъектілерді алып тастау үшін жауапкершілік жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

ҚР ДСМ электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев атап өткендей, «Ashyq» жобасын енгізу вирус жұқтырған немесе ауруды жұқтырғандармен байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару мүмкіндігін болдырмауға, азаматтарды ауруды жұқтыруын барынша азайта отырып, шағын және орта бизнестің жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Мәселен, тек 21-22 мамырда ғана әуежайларда ПТР тесті оң 14 адам және "сары" мәртебесі бар 32 адам анықталды, оның ішінде Нұр-Сұлтан әуежайында "қызыл" мәртебесі бар – 2, "сары" мәртебесі бар – 4 адам анықталған.

Жоба іске қосылған сәттен бастап ПТР-ы оң 2 631 келуші анықталды, 2 074 келуші – ауруды жұқтырғандармен байланыста болғандар.

«Коронавирус инфекциясымен ауырған бір науқас ауруды 4 адамнан 6 адамға дейін жұқтыруы мүмкін екенін ескере отырып, “Ashyq” жобасын енгізу 10 000 адамды ықтимал жұқтырудан қорғауға мүмкіндік берді», — деді Б. Есенбаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін вакцина алған азаматтар туралы деректерді беру бөлігінде «Ashyq» мобильді қосымшасын «Вакциналау» модулімен интеграциялау жоспарлануда.

Журналистердің «Ashyq» қосымшасы бизнес үшін ақылы бола ма деген сұрақтарына жауап бере отырып, Әсет Тұрысов бизнес үшін жүйені ерікті және тегін пайдалану көзделетінін айтты.

Жүйенің функционалына қатысты ол қазіргі уақытта азаматтардың, соның ішінде әлеуметтік желілердегі барлық ұсыныстары нақты қадағаланып, сарапталып отырғанын атап өтті.

«Бұл бізге функционалдылықты өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бізге мультиплатформалар бойынша өтуге және танымал мобильді қосымшаларды қосуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жобаны пайдалану мүмкіндігін арттыруға көмектеседі және істен шығуға төзімділікті күшейтеді», — деді Ә. Тұрысов.

Өңірлердегі бизнеске қойылатын шектеулер туралы сұраққа Ю. Якупбаева іс жүзінде ешқандай шектеулер болмағанын айтты. Ең көп сектор екенін және ондағы процестерді реттеу қажет екенін ескере отырып, тек қоғамдық тамақтандыруды қосуға қатысты шектеу қойылды.

«Кәсіпкерлер қоғамдық тамақтандыру орындарын ашып, QR алуы үшін оларға дайындық актісін жасау қажет болды. Көпшілігінде ол болмады, олар өз құжаттарын ретке келтірді. Бүгінгі таңда барлық шектеулер алынып тасталды», — деді Ю. Якупбаева.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу