Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр облысқа жұмыс сапары барысында кәсіпорындарды, инфрақұрылым объектілерін қарап шықты, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қарады.

Облыс орталығында Р. Скляр республикалық магистральдің Павлодар мен Семей арасындағы учаскесінің реконструкциясымен танысты, жауапты мекемелердің есептерін тыңдап, құрылған көлік инфрақұрылымының барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып жұмысты уақытында аяқтау бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Жұмыс сапары аясында вице-премьерге «Достық» ықшам ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысы таныстырылды. Бүгінгі күні жаңа шағын ауданда 5 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Успен ауданында Р. Скляр мен ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеевке өнімдері Қазақстан өңірлеріне жеткізілетін «Галицкое» ЖШС сүт фермасының қызметі таныстырылды.

Жұмыс сапарының соңында Роман Скляр аймақта электр және жылу энергетикасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жұмыс сапарына, сонымен қатар, энергетика және ұлттық экономика вице-министрлері, ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу