15 Қараша 2021, 14:31
Сейсенбі күні, 16 қарашада, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;
Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету мәселесі;
Жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау 15 қараша күнгі сағат 16:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлік, вакциналау паспортын немесе ПТР-тестілеудің 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесін тіркеу қажет.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу