Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жер қатынастарын цифрландыру адами факторды, бюрократия мен жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді — С. Омаров Президент Жолдауын жүзеге асыру туралы

Дүйсенбі, 07 Қыркүйек 2020, 16:33:20

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Мемлекет басшысының 01.09.2020 жылғы халыққа арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру шаралары туралы айтып берді.

Министрдің айтуынша, биыл жалпы астық жинау көлемі шамамен 18 млн тоннаны құрайды, бұл еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында аяқталу сатысында.

Шұғыл деректерге сәйкес, бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 9,9 млн га дәнді және бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 63% жиналды (ал өткен жылы осындай күні 5,1 млн га немесе 34% жиналды). Орташа өнімділік 11,7 ц/га болғанда 11,5 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы — 5,8 млн тонна).

Сонымен қатар 2020-2021 маркетингтік жылға арналған экспорттық әлеует ұнды есепке алғанда шамамен 7 млн тоннаны құрайды, бұл ретте жаңа егіннің көлемі мен сапасына байланысты экспорт көлемін 7,5-8 млн тоннаға дейін ұлғайтуға болады. Осы жылдың экспорттық стратегиясы өткен жылғыдан өзгеше болмайды және дәстүрлі нарықтарда (Орта Азия елдері (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан), Ауғанстан және Иран) басым позициялардың сақталуымен сипатталады. Сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтар аясында перспективалы бағытта — Қытайға экспорт қарқынын қолдау қажет.

2019 жылдың қорытындысы бойынша АӨК өнімдерінің экспорты әлемнің 67 еліне $3,2 млрд сомаға 14,4 млн тоннаны құрады, оның ішінде АӨК өнімдеріне ветеринарлық және фитосанитарлық карантиндік талаптарды ҚХР, ЕО, Парсы шығанағы елдерімен, Иранмен, Жапониямен, Үндістанмен келісу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Еуропалық Одақпен қазақстандық бал, ет және сүт өнімдерін жеткізу бойынша ветеринарлық талаптарды келісу бойынша келіссөздер жүргізілуде (қазіргі уақытта балық және балық өнімдері ЕО-ға экспортталады).

«Қазіргі таңда біз бал өнімдері мен өңделген күнбағыс майын ЕО елдеріне экспорттауды ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Жапонияға жылқы еті мен сиыр етін экспорттау көзделіп отыр, сонымен қатар Қытай елдеріне, Таяу Шығыс елдеріне де экспортты ұлғайтамыз. Егер бүгінгі таңда бізде 67 ел болса, жыл соңына қарай бұл санды 80-ге дейін көбейтеміз деп ойлаймын», — деді С. Омаров.

Бүгінгі таңда ҚХР-мен АӨК өнімдерінің 19 түрін, оның ішінде бидай, зығыр тұқымдары, арпа, жоңышқа, жүгері, бидай кебегі және жем, рапс күнжарасы, бидай ұны, соя бұршақтары, балық және балық өнімдері, бал, жүн, сүт өнімдері, жылқы тұқымдас жануарлар, союға арналған жылқы тұқымдас жануарлар, сиыр еті, қой еті және шошқа етін экспорттау бойынша хаттамаларға қол қойылды.

Сондай-ақ министр қазіргі таңда электрондық форматта жер беру бойынша заң жобасы әзірленіп жатқанын хабарлады. Бұл ретте, Жер комиссиясы алынып тасталады, қағазсыз қызмет көрсету енгізіледі, жер учаскелерін беруді коммуналдық қызметтермен келісу рәсімі автоматтандырылады.

Цифрландырудың арқасында жер телімдерін беру мерзімдері айтарлықтай қысқарады, мысалы, жер учаскесін тікелей беру бойынша жалпы мерзім 1 жылдан 30 күнге дейін қысқарады. Өз кезегінде коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелері Қаржы министрлігінің (МемТізілім) электрондық сауда алаңы арқылы сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) беріледі. Кез келген ниет білдіруші азамат мемлекеттің жер учаскесін аукционға қатысу арқылы, оны жария картада таңдап ала алады. Бұл беру мерзімін 3 айдан 10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

«АӨК-ті цифрландыру бойынша жоспарларымыз көп, бірақ мен үш негізгі мәселені атап өтейін. Біріншісі – жер қатынастарын цифрландыру. Заң жобасы қабылданғаннан кейін барлық жерлер электрондық форматта берілетін болады. Негізгі міндет – адам факторын, бюрократия мен сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту. Екіншісі – ауыл шаруашылығы өнімдерінің қадағалануы және үшіншісі – ауыл шаруашылығы өнімдерінің электрондық саудасы», — деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрі.

Өз кезегінде, элеваторлардың жұмысын цифрландыру олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге және астықты ұрлау мен бүлдіру фактілерінің алдын алуға мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда қолда бар ақпаратқа сәйкес республикада 40-қа жуық элеватор астықты автоматты тазалау, кептіру жүйелері, электрондық таразылар сияқты элементтермен технологиялық жарақтандырылған, сондай-ақ зиянкестердің залалдануын бақылау жүйесі орнатылған. Қоймалауды автоматты есепке алу жүйесі белсенді түрде енгізілуде.

«Елімізде астық қабылдау кәсіпорындары қызметінің ашықтығын арттыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Елімізде 2 жылдан астам уақыт электрондық астық қолхаттары жұмыс істеп келеді, олар элеваторларда астықты қосып тіркеуге қарсы енгізілді. Бұл жұмыс жалғасады. Қазіргі таңда 10-ға жуық АТ-компания өз бағдарламаларын әзірлеп жатыр. Біз солардың ішінен таңдаймыз. Бұл жерде цифрландыру астық қабылдау кәсіпорындарына қосымша қаржылық шығындар әкелетінін түсіну қажет, сондықтан бұл мәселені бизнеспен талқылау қажет», — деп түйіндеді С. Омаров.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.