Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанның өнеркәсібі мен көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылады — Р. Скляр Президент Жолдауының негізгі аспектілері туралы айтты

Дүйсенбі, 07 Қыркүйек 2020, 15:39:41

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен брифинг барысында Мемлекет басшысының 01.09.2020 жылғы халыққа арнаған Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында ел өнеркәсібін дамытуға және экономиканы нақты әртараптандыруға ерекше назар аударды.

Р. Скляр атап өткендей, индустрияландыру бағдарламалары аясында өңдеуші секторға баса назар аудару дұрыс шешім. Бұл қол жеткізілген көрсеткіштермен расталады.

«Әлемдегі және Қазақстандағы пандемиямен байланысты орын алған күрделі жағдайда да, 2020 жылдың 7 айында өнеркәсіп 3,8% өсті. Әсіресе, фармацевтика 23,2%, машина жасау 13,9%, жеңіл өнеркәсіп 7,3% өсті», — деді Р. Скляр. 

Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемін бес жылда кемінде 1,5 есеге арттыруды тапсырды.

Р. Склярдың айтуынша, аталған мақсатқа жету үшін  бәсекелік артықшылықтар мен сыртқы нарықтағы экспорттық мүмкіндіктердің біртіндеп артуымен, ішкі нарықта өңдеу өнеркәсібінің индустриялық әлеуетін дамыту бойынша шаралар қабылданады. 

Жыл соңына дейін қосылған құны неғұрлым жоғары өнім өндіру үшін металдар өндіру жөніндегі отандық кәсіпорындар мен оларды қайта өңдеушілердің өзара тиімді ынтымақтастық тетігі әзірленеді.

Институционалдық негізді сақтай отырып, жүргізілген жұмыстарға жүйелік беру үшін «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы бойынша жұмыстар қолға алынды. Қазіргі уақытта заң жобасы әзірленді және бизнес қауымдастықпен, салалық қауысдастықтармен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен талқылануда. Заң жобасында қолдау шаралары құралдарын кеңейту, мемлекеттен, квазимемлекеттік секторлардан және жер қойнауын пайдаланушылардан кепілдендірілген сатып алуды жүзеге асыру шаралары ескерілген.

Транзиттік тасымалдағы позицияларды сақтап қалу үшін қызмет көрсету, тасымалдаудың сапасы мен жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта Қазақстанның көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту жұмыстары жалғасады.

2020 жылы республикалық автомобиль жолдары желісінің 4 мың  шақырымында қозғалыс ашылады. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 90% құрайды. 2025 жылға дейін республикалық автомобиль жолдарының барлық 100% (24 мың км) қалпына келтіріледі және реконструкцияланады, сондай-ақ сервистік инфрақұрылымды құру жұмыстары аяқталады.   

Күту кезегінде тұрған 100 мыңнан астам адамның тұрғын үй мәселелерін шешу үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасында шамамен 90 млрд теңге сомасына жеке тұрғын үй қорындағы жалдау ақысын субсидиялау механизмі қарастырылады (жалдау ақысының 80% дейінгі мөлшерінде) 

Азаматтар үшін өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Отбасы» банкінің өкілеттіктері мен жауапкершілігі жалға алуға субсидия бөлу тұрғысынан кеңейтіледі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы қабылданған Заң аясында Қазақстанда меншік иелері бірлестіктері институты енгізілуде. Барлық қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылданып, бекітілді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.