Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

М. Досмұхамбетов: тартылған инвестициялардың жалпы көлемінің 30%-ға жуығы Атырау облысына тиесілі

Сәрсенбі, 09 Маусым 2021, 16:30:39

Биыл сәуір айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңестің күн тәртібінде негізгі тақырыптар өңірге инвестициялар тарту, халықты жұмыспен қамту, өңірдегі жолдар мен мектептерді жөндеу және салу болды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, осы және басқа да маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін іске асыру жоспары жасалып, орындалу мерзімі белгіленген.

«Атырау облысына инвестициялар тарту ауқымы республика бойынша инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 30%-ын құрайды», — деді М. Досмұхамбетов.

Жалпы, өңірде тікелей инвестициялар тартуға ерекше мән беріледі. Осылайша, облыс жоспарында 8,6 трлн теңге көлемінде қаржы салымын тарту көзделген.

Қазіргі уақытта бірнеше инвестициялық жоба іске асырылуда, солардың ішінен геосинтетикалық материалдар өндірісі бойынша «Ультрастаб-Казахстан» жобасын атап көрсетуге болады.

Сондай-ақ, әкім облыста жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар мен қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатқан әлеуетті жобаларды атап өтті.

«KPI жобасынан басқа ("Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС) сондай-ақ жылына шамамен 1,2 млн тонна полиэтилен өндіру бойынша "KLPE" ЖШС жобасы жоспарлануда. "Самұрық-Қазына" қоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК және “Сибур Холдинг” ресейлік компаниясы арасында белсенді келіссөз жүргізілуде. Біз бұл келіссөздердің сәтті аяқталуын, демек, Атырау облысында бірлескен жобаның жүзеге асырылуын күтіп отырмыз. Сондай-ақ, "Татнефть" компаниялар тобымен "Бутадиен" бутадиен каучук өндірісі жобасы бойынша келіссөз жүргізілуде», — деді өңір басшысы.

Сөзсіз, инвестициялар тарту мәселесі – бұл дамудың маңызды құрамдас бөлігі, ол экономикалық дамуға ғана емес, инфрақұрылымдық және әлеуметтік дамуға да өсім беруге мүмкіндік тудырады. Атап айтқанда, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамту орталықтарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 14 мыңнан астам адам жүгінді. Оның ішінде 12,5 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 7,4 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша біз жыл сайын 12 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастырамыз. Сондай-ақ, инвестициялық жобалар аясында біз алдағы төрт жылда шамамен 8 мың адамды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша, биыл шамамен 16 мың адамды, келесі жылы 15 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту күтілуде. Бұл жаңа өндірістерді дамыту есебінен орташа жылдық көрсеткіштен жоғары», — деп нақтылады М. Досмұхамбетов.

Бүгінгі күні 7 600 адам жұмысқа орналастырылды және 5 000-ға жуық адам қоғамдық жұмыстарды, жастар іс-тәжірибесін орындауға тартылды. Жұмыссыздық  өткен жылғы деңгейінде – шамамен 4,9% деңгейінде қалды.


 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.