ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Тіршілік атаулыны түлетіп, жер-жаһанға ізгілік нұрын себетін Әз-Наурызды еліміз дархан пейілмен, жаңаша мазмұнмен атап өтуде.

Бағзыдан ырыс пен берекенің алтын арқауы, молшылық пен игіліктің қайнар бастауы болған ұлық  мереке – халқымызды мұратқа жеткізер мызғымас бірліктің, іргесі берік, еңсесі биік елдіктің жаршысына айналды. Жаңарған жыл кемел келешектен үкілі үміт күткен еліміз үшін жасампаз істерге әрі табысқа толы болғай. Әр шаңырақтың ырзық-несібесі артып, арман-мақсаттары орындалсын.

Рухани құндылықтарымызды дәріптейтін Наурыз мерекесі құтты болсын. Қашанда отбасыларыңыздан шаттық пен молшылық кетпесін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

 

Ізгі ниетпен, 

ҚР Премьер-Министрі                                                 Олжас Бектенов

#Олжас Бектенов #ҚР Премьер-Министрі

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу