Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Сәрсенбі, 20 Қазан 2021, 16:33:26

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының (БМЖМК) ақпараттық жүйесін құру жөніндегі жұмыс барысы туралы баяндады.

БМЖМК мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (МЖК ААЖ) және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорының (ЖМТ МДҚ) 226 бытыраңқы дерекқорын шоғырландырды. Жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпаратқа қолжетімділік онлайн-режимде жұмыс істейтін және қазіргі уақытта 93,6%-ға толтырылған Жария кадастрлық карта арқылы беріледі. Биыл мамыр айында жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді тестілік режимде көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

БМЖМК-ны өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді 2021 жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарланған. Бұдан әрі БМЖМК, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйелерін, «Мекенжай тіркелімін» және өңірлік геоақпараттық жүйелерді біріктіретін бірыңғай платформа қалыптастырылатын болады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ҚР минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкін құру жөніндегі жұмыс барысы туралы баяндады. Бұл ақпараттық жүйе инвесторларға онлайн-режимде Қазақстанның кен орындары бойынша геологиялық деректердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Жер қойнауын пайдалану лицензияларын беру «бірінші келді – бірінші алды» қағидаты бойынша толық автоматтандырылады. Мемлекеттік органдар үшін жер қойнауын пайдаланушылардың мониторингі мен талдау құралдары қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта цифрландыруды енгізу қор ақпаратымен танысу, өтінім беру, келісімге қол қою, геологиялық ақпараттың көшірмелерін беру сияқты процестерді болдырмауға мүмкіндік берді, бұл жер қойнауы туралы ақпарат алу рәсімінің мерзімін 6 айдан 1 жұмыс күніне дейін қысқартты.

«ҚР минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі» АЖ-ын 2022 жылдың соңына дейін енгізу жоспарлануда. Жоба жер қойнауы туралы ақпарат алу мерзімін қысқартуға және осы саладағы инвестициялық әлеуетті толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді. ҚР-да қатты пайдалы қазбаларды барлауға шетелдік инвестицияларды тартудың жалпы көлемі 2030 жылға қарай 96 млрд теңге көлемінде болжанып отыр.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында ашылған электрондық әмияндарға ҚР Ұлттық Банкінің электрондық ақша түріндегі әлеуметтік төлемдерді аударуды көздейтін «әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасын енгізу жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады. Инфрақұрылым ретінде ҚР Ұлттық Банкінің төлем жүйесі – Лездік төлемдер жүйесі қосылады.

Бұл жоба халықты әлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіруге және төлемдерді алушылардың есебіне проактивті түрде аудару мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Пилоттық жоба 2021 жылғы желтоқсанда енгізіледі, 2022 жылы өнеркәсіптік пайдалануға беріледі, 2023-2024 жылдары «әлеуметтік әмиян» Ұлттық тауар өткізу жүйесімен кіріктірілетін болады.

Отырысқа қатысушылар сондай-ақ 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маман даярлау жөніндегі міндеттерді іске асыру мәселелерін қарастырды. Бес жыл ішінде ҚР өңірлерінде 20 инновациялық бағдарламалау мектебін ашу, 50 өңірлік ЖОО-ны IT-компаниялар мен бейінді IT-ЖОО қамқорлығына беру, бағдарламалау мектептеріне 20 мың грант бөлу жоспарлануда. 2023 жылдан бастап Қазақстанның барлық орта мектептерінде «Информатика» пәнін ҰБТ-ға енгізе отырып, осы пән бойынша «Виртуалды мұғалім» жобасын енгізу жоспарлануда (қазіргі уақытта ШҚО-ның 150 мектебінде апробациялануда).

Үкімет басшысы экономиканы цифрландыру, кадрлар даярлау және IT-саласын дамыту бойынша жоспарланған барлық жобалардың уақтылы және сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
08 Желтоқсан 2021, 16:26
Қазақстан Қырғызстанға 1 мың автобус экспорттайды
08 Желтоқсан 2021, 11:06
9 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
08 Желтоқсан 2021, 10:12
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
08 Желтоқсан 2021, 08:40
А. Мамин Қырғызстан Үкіметінің басшысы А. Жапаровпен келіссөз жүргізді
07 Желтоқсан 2021, 19:40
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
07 Желтоқсан 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
06 Желтоқсан 2021, 12:13
Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.