Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР-да соңғы екі айда КВИ-мен сырқаттанушылық 4,5 есеге, өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді — А. Цой

Сейсенбі, 26 Қазан 2021, 10:32:02

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады.

ҚР денсаулық сақтау министрі А. Цойдың айтуынша, әлемде КВИ-дің 244 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 4,9 млн-нан астам адам қайтыс болды.

ДДСҰ Еуропалық аймағының мәліметтері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 35-інде аурудың өсуі байқалады. Соңғы 14 күнде аурудың ең көп өсімі Польшада байқалды, онда ауру 160%-дан астам, Венгрияда – 120%-дан астам, Грузияда – 110%-дан астам, Әзербайжанда – 104%-ға өсті.

Аурудың өсуі 19 елде, соның ішінде Израильде 58%-ға, Испанияда 28%-ға, Швейцарияда 16%-ға, Черногорияда 4%-ға, Италияда 3%-ға төмендеді.

Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттану 11%-ға төмендеді.

«Бүгінгі таңда жасыл аймақта 8 өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы. Қазақстан Республикасы және 5 өңір — сары аймақта (Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары). Қызыл аймақта 4 өңір (Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) тұр. Репродуктивті саны — 0,96», — деді А. Цой.

Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда аурушаңдық 4,5 есеге, ал өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді.

Қазақстан бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жүктелуі 56-дан 37%-ға дейін, реанимациялық төсектер 45-тен 30%-ға дейін төмендегені байқалады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.

«Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық нысандарды жабу жұмыстары жалғасуда. Биылғы 25 тамыз бен 18 қазан аралығында барлық өңірлерде 103 нысан жабылды», — деп атап өтті денсаулық сақтау министрі. 

Қазақстанда вакцинаның 1-компонентін 8,2 млн-ға жуық адам алды, вакцина алуға тиісті адамдарды қамту 71,9% немесе халық санының 43,4%-ын құрады, екінші компонентті 7,3 млн-нан астам адам алды, вакцина алуға тиісті халықтың 64,6% немесе халық санының 39%-ы қамтылды. Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жұмыстары жалғасуда.

Айта кету керек, Министрлік алдағы 3 айға арналған коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал болжамын жаңартты.

Мәселен, пессимистік сценарий орын алған кезде тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны қараша айында 1 800-ге дейін, желтоқсанда 2 350-ге дейін жетеді.

Нақты сценарий бойынша, қараша айында 1 650 жағдайға дейін, желтоқсанда 1 600 жағдайға дейін тіркеледі.

Оптимистік сценарий бойынша қарашада 1 500 жағдайға дейін, желтоқсанда тәулігіне 1 100 жағдайға дейін тіркелмек.

Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп КВИ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды мониторингтеуді және іске асыруды жалғастыруда.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бақылауда екенін айтты.

Пандемия басталғалы 27 865 жағдай тіркелді, оның ішінде соңғы тәулікте – 135. Пациенттердің 90 пайызы емделді, 276 адам қайтыс болды. 

Соңғы аптада ауруға шалдыққандар саны 2,2 процентке немесе 1 012-ден 1 035 оқиғаға дейін өсті. Бұл ретте, өсім 15,8%-ке, репродуктивтік сан 5,3%-ке төмендеді. 

«Ауру ең жоғары шегіне жетіп, тұрақты деңгейде тұр деп ойлаймыз. Келесі аптадан бастап, біртіндеп төмендеуін күтеміз», — деді Қ. Ақсақалов.

Аурудың өсуінің негізгі себебі – халықтың санитариялық норманы сақтамауы, 61 жастан асқандар арасында вакцина егудің аз үлесі, сондай-ақ ЖРВИ белгісі бар азаматтардың көптеп жүгінуі. Соңғы 2 аптада өткен эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда ЖРВИ жағдайларының саны 1665-тен 2470 адамға дейін 1,5 есеге артты.

СҚО әкімінің айтуынша, ауруханалар штаттық режимде жұмыс істеуп жатыр. Төсек-орын 53 процентке жүктелген, 841 науқас емделіп жатыр. Қарқынды терапия палатасында – 51 науқас бар. Тәулігіне 70 адам емдеуге жатқызылады. Жағдай ушықса, тағы 1 000 төсек-орын дайын тұр. Ауруханалар мен дәріханалар препараттармен қамтамасыз етілді. 

«Жағдай күрделі болғандықтан, сауда саласындағы шектеу шаралары күшейтілді. Бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды, қоғамдық көлікте санитарлық талап күшейтілді. Мониторингтік топтар жұмыс істеп жатыр. Заңды бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қолданылады. Аshyq қосымшасы арқылы оқшаулау режимін бұзу фактілері қатаң бақылауда», — деді Қ. Ақсақалов. 

Вакцинациялауға жататын халықты егу жұмыстары жалғасуда. 1 компонентті алғандар – 67,2%, вакцинаны толық алғандар — 62,5%.

Өз кезегінде Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев биылғы жылдың басынан бері коронавирус ауруының 37 мыңнан астам жағдайы тіркелгенін хабарлады. Бір апта ішінде сырқаттанушылықтың орташа өсімі 0,3%-ды, соңғы тәулікте 0,3%-ды құрады.

20 инфекциялық стационардың базасында барлығы бір мың инфекциялық орын ашылды. Оларда 571 адам емделіп жатыр, төсек-орын 57% толы. Резервте 2,5 мың кереует бар. 112 реанимациялық орын бар, оның ішінде 64-і пайдаланылып жатыр.

«Жан сақтау бөлімшесі медициналық жабдықпен 100% жабдықталды. Сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің 2 айлық азаймайтын қоры құрылды. Сондай-ақ дәріханаларда вирустық ауруларды емдеу үшін барлық қажетті дәрілік препараттар бар. Тұрақтандыру қорында қосымша 500 млн теңге қарастырылған», — деді Е. Маржықпаев.

Халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау жұмысы жалғастырылуда. Шамамен 294 мың адам егілді (бірінші компонентті вакцинациялауға жататын халық санының 61,3%-ы, екіншісін 268 мыңнан астам адам немесе 56%-ы алды). Тұмауға қарсы вакцинаны 62 мың адам алды – вакцинациялауға жататындардың 71%-ы. Егу пункттерінің саны 5 есеге артты.

Өңірде әлі де шектеу шаралары сақталған. Жалпы, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. «Ashyq» жобасында жұмыс істейтіндерді қоспағанда, сауда орталықтарының, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі шектелген. Білім беру ұйымдарында санитарлық нормаларды сақтау жұмыстары күшейтілді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
08 Желтоқсан 2021, 16:26
Қазақстан Қырғызстанға 1 мың автобус экспорттайды
08 Желтоқсан 2021, 11:06
9 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
08 Желтоқсан 2021, 10:12
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
08 Желтоқсан 2021, 08:40
А. Мамин Қырғызстан Үкіметінің басшысы А. Жапаровпен келіссөз жүргізді
07 Желтоқсан 2021, 19:40
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
07 Желтоқсан 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
06 Желтоқсан 2021, 12:13
Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.