Руслан Мағзұмов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Руслан Қапызұлы Мағзұмов Премьер-Министр Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Руслан Мағзұмов 1975 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қазақ тұтынушылар кооперациясы институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы «Қарағандыавтожол» қазыналық кәсіпорнының жол қорын жинау бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады.

1998-2001 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінің экономисті, жетекші экономисті,  бас маманы.

2001-2003 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментінде бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары.

2003-2008 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Қаржы департаментінде директордың орынбасары, директор.

2008-2009 жылдары — «ҚазАвиаЛизинг» АҚ инвестициялар және лизинг жөніндегі вице-президенті.

2009-2010 жылдары — «Қазақстандық көліктік лизингтік компания» АҚ вице-президенті.

2010-2011 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің Қаржы және құжатпен қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2011-2012 жылдары — ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Қаржы департаментінің директоры, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және халыққа қызмет көрсету орталықтарын бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2012-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2019 жылдары — «Қазаэронавигация» РМК басқарушы директоры.

2020 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі құрылымында жұмыс істеді.

2022 жылғы ақпаннан бастап қазірге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу