ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Ерболат Селбайұлы Қожықов ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1976 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Әділет» жоғары құқық мектебін бітірген. 

Еңбек жолын 1998 жылы мұнай және газ өндіру операторы болып бастаған.

Әр жылдары Ақтөбе аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының, Тобыл-Торғай экология департаментінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеді.

2009-2014 жылдары — Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің бөлім басшысы, бөлім жетекшісі.

2016-2020 жылдары — Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары – бас мемлекеттік экологиялық инспектор. 

2020 жылдан бері ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылымында жұмыс істейді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу