Премьер-Министрдің Кеңсесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Кеңсе туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Кеңсенің миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету.

 

Кеңсенiң негізгi мiндеттерi мыналар

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметiнің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • мемлекеттiк органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру; 

  • Yкiмет пен Премьер-Министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру; 

  • Мемлекет басшысының актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау; 

  • Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.

 

 

 

Этика жөніндегі уәкілетті

 

Асқар Серікжанұлы Жәкенов 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі бойынша Этика жөніндегі уәкілетті ‒ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары

 

Байланыс ақпараты:

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы 6, А 509 кабинет.

 
 
 
 
Кеңсенің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар тізбегі

Е. Тоғжанов Халықаралық нейрохирургиялық форумның ашылуына қатысты 

Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық нейрохирургиялық форум және «Нейрохирургия: тарих, заманауилық, тұлғалар» кинофестивалі өтті. Аталған іс-шара нейрохирургия саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған алаң ғана емес, сонымен қатар тарихқа шолу, нейрохирургияның даму кезеңдерімен және медицинадағы жетістіктермен танысуға мүмкіндік береді, бұл шараның ерекшелігі де осы. Айта кетейік, халықаралық деңгейдегі нейрохирургия бойынша деректі фильмдер кинофестивалі Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.

Электрондық мемлекеттік қызметтер, цифрлық ипотека, IT саласын дамыту – Бағдат Мусин Үкімет отырысында не туралы айтты

Сейсенбі, 28 маусымда, Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру және АT саласын дамыту мәселелері қаралды. Аталған тақырып бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе және «Террикон алқабы» ІТ-Hub-ын дамыту жөніндегі директоры Александр Дорошенко баяндама жасады.

Қостанай облысында экономикалық дамудың оң қарқыны байқалады  – А. Мұхамбетов

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен брифинг өтті. Өңір басшысы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында қабылданып жатқан халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі шаралар және жалпы Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы айтып берді.

Биыл әлеуметтік жобаларды іске асыруға 18 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған  —  ҚР АҚДМ

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тұрғындарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында А. Омаров ведомствоның іске асырған жобалары, атқарған жұмыстары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді. Жергілікті халық елдік деңгейдегі сұрақтарды қойып, тиісті жауаптар алды. Мәселен, дін, идеология, БАҚ-тағы контент, волонтерлік қызмет, жастарға қатысты мәселелер көтерілді. 

Әрі қарай