Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №994 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы  № 506 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:

17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17-1. Атыс, ракета ұшыруды, жарылыс жұмыстарын, басқарылмайтын аэростаттарды (осы Қағиданың 22-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген басқарылмайтын зондтарды немесе аэростаттарды қоспағанда) жүргізумен байланысты жұмыстар жүргізілетін және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзге де қызмет жүзеге асырылатын әрбір объект (полигон, атыс орны, оқу орталығы, карьер, кен орны, кеніш, қима) үшін меншік иесі немесе объектіні пайдалануға жауапты орган ӘҚБ орталықтарымен өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді әзірлейді, онда ӘҚБ орталығы мен ӘҚҚ органы арасындағы жұмысты бастау және тоқтату уақыты, тік және көлденең шекараларды белгілеу бойынша үйлестіру шаралары және өзара іс-қимыл бойынша шаралар көрсетіледі. Өзара іс-қимыл жөніндегі келісім жауапкершілік ауданында объект орналасқан ӘҚБ орталығымен және ӘҚҚ органымен келісіледі және объектінің жауапты тұлғасы (басшысы) бекітеді.

Өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді келісу кезінде ӘҚҚ органы ұшуды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тік және көлденең шекараларды, сондай-ақ қолданылу кезеңін өзгертуге бастама жасай алады.»;

мынадай мазмұндағы 17-2-тармақпен толықтырылсын:

«17-2. Осы Қағиданың 82-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуын орындау кезінде пайдаланушы немесе пилотсыз ұшу аппаратының иесі жауапкершілік аймағында ұшуларды орындау жоспарланған ӘҚБ орталығына және ӘҚҚ органына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларында айқындалатын нысан бойынша келісу үшін пилотсыз ұшу аппаратының ұшуын жүргізу жөнінде ақпарат береді.»;

21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Қауіпті аймақтарды, ұшу шектелген аймақтарды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы (бұдан әрі – ӘҚБ БО) белгілейді және NОТАМ хабарламасы арқылы пайдаланушылардың назарына жеткізеді немесе аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады. Мүддесіне орай қауіпті аймақ, ұшуға шектеу қойылған аймақ белгіленетін әуе кеңістігін пайдаланушылар қауіпті аймақты, ұшуға шектеу қойылған аймақты белгілеу үшін қауіпті аймақ, ұшуға шектеу қойылған аймақ іске қосылғанға дейін 9 тәуліктен кешіктірмей ӘҚБ БО-ға қауіпті аймақты, ұшуға шектеу қойылған аймақты олардың тік және көлденең шекараларын, әрекет ету кезеңін және жүзеге асырылатын қызметтің сипатын көрсете отырып белгілеуге сұрау салуды  жібереді.

22. Қауіпті аймақтар мыналармен байланысты қызметтің мынадай түрлері бойынша белгіленеді:

1) оқ-дәрілер сақталатын объектілерде олармен жұмыстар жүргізу;

2) атмосферада ғылыми зерттеуді жүзеге асыру;

3) электр магниттік сәулелену;

4) жарықтық сәулелену;

5) басқарылмайтын аэростаттарды немесе зондтарды іске қосу аудандары (83-1-тармаққа сәйкес жеңіл ретінде сыныпталатын басқарылмайтын аэростаттарды немесе зондтарды қоспағанда);

6) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аймақтары.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Егер мүддесіне орай қауіпті аймақ, ұшуға шектеу қойылған аймақ белгіленген қызмет тұрақты сипатта болмаса, қауіпті аймақтың, ұшуға шектеу қойылған аймақтың әрекеті уақыт кезеңімен шектеледі.

Уақыт кезеңімен шектелген қауіпті аймақтардағы, ұшуға шектеу қойылған аймақтардағы қызмет туралы мәліметтер осы Қағидаға 3-қосымшада көзделген әуе кемелерінің қозғалысы және әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүргізу туралы хабарламалардың түрлеріне сәйкес NOTAM хабарламасы арқылы жеткізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

«30-1. Пилотсыз ұшу аппараттарының шекаралық белдеудің үстіндегі әуе кеңістігінде ұшуы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Адамдардың өмірін құтқару және денсаулығын қорғау, қылмыстардың жолын кесу және ашу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында әуе кемелерінің белгіленген схемалардан (маршруттардан) тыс елді мекендердің үстінен ұшуы, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды, парашюттен секіруді орындау, пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы, байланатын аэростаттардың көтерілуі осындай ұшуларды ұйымдастырушының ұшуды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен, көрсетілген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ететін биіктікте орындалады.

Адамдардың өмірін құтқару және денсаулығын қорғау, қылмыстардың жолын кесу және ашу жөніндегі іс-шараларға байланысты ұшуларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күзет іс-шараларын жүргізуі шеңберінде орындалатын ұшуларды қоспағанда, азаматтық әуе кемелерінің белгіленген схемалардан (маршруттардан) тыс елді мекендердің үстінен ұшуды орындауын келісуді және мемлекеттік әуе кемелерінің және авиацияның барлық түрлерінің пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуына рұқсат беруді ұшу жоспары ұсынылған кезде ӘҚБ орталықтары осы Қағиданың
4-бөлімінде көзделген тәртіппен жүргізеді.

ӘҚБ орталықтары осындай ұшуларды келісу кезінде:

1) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның арнайы рұқсаты берілген ұшуларды қоспағанда, тыйым салынған аймақтарға және шектеу аймақтарына кіруді болдырмайды;

2) осы Қағиданың 82-2-тармағында көзделген қажетті келісулердің болуын тексереді.

Күзет іс-шараларын жүргізу кезеңінде әуе кемелерінің елді мекендер үстінен ұшуы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.»;

47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«47. ӘҚБ БО операциялық әуе қозғалысы үшін ұсынылған барлық ұшу жоспарлары, пилотсыз ұшу аппараттарының ұшу жоспарлары, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалануға берілген өтінімдер негізінде әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлауды жүзеге асырады.»;

58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«58. Ұшу жоспары А, B, С, D және E кластарының әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін, сондай-ақ пайдаланушының сұрау салуы бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдарын хабардар ету және ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында G класының әуе кеңістігін пайдалану кезінде ұсынылады.

Осы Қағиданың 82-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пилотсыз ұшу аппаратының ұшу жоспары туралы хабарлама, сондай-ақ басқарылатын аэростаттың ұшу жоспары туралы хабарлама әуе кеңістігінің класына қарамастан әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін беріледі.

Пилотсыз ұшу аппараттарының немесе басқарылатын аэростаттың күзетілетін объектілер үстінен ұшуларын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен осындай ұшулар басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын келіседі.»;

75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«75. Әуе кеңістігін пайдаланушы әуе кеңістігін пайдалануға өтінімді ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі ӘҚБ орталығына:

1) басқарылмайтын аэростаттардың ұшуымен;

2) атыс, зымырандар ұшыруды, жарылыс жұмыстарын өткізумен;

3) планерлер (дельтапландар және парапландар) ұшумен байланысты қызметті орындаған жағдайда ұсынады.»;

80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«80. Басқарылмайтын аэростаттар ұшырылатын, атыс, зымырандар ұшыру, жарылыс жұмыстары өткізілетін, планерлер (дельтапландар мен парапландар) ұшырылатын қызметті жүзеге асыруға әуе кеңістігін пайдаланушы әуе кеңістігін пайдалануға өтінімді ӘҚБ БО-ға немесе жақын жердегі ӘҚБ орталығына әуе кемелерінің қозғалысы және осы Қағидаға
3-қосымшада көзделген әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүргізу туралы хабарламалар түрлеріне сәйкес ұсынады.»;

82-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«82-1. Егер жоспарланған ұшудың нақты биіктігі жер бетінен 50 метрден аспаса, ал ұшу маршруты (жоспарланған траектория) әуеайлақ қоршауынан 5,5 км-ден жақын болмаса (қоршау болмаған жағдайда – әуеайлақ шекарасын көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км-ден жақын болмаса), пилотсыз ұшу аппаратының ұшу жоспары ӘҚБ орталықтарына жіберілмеуі тиіс.»;

82-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«82-2. Пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы:

1) G сыныбындағы әуе кеңістігі шекарасы шегінде метеорологиялық минимумды сақтау (көлденеңінен кемінде 1500 метр көріну және тігінен кемінде 300 метр бұлттың төменгі шекарасы) шартымен;

2) бақыланатын әуе кеңістігінде (осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген ережелерден басқа) – осы Қағиданың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталықтарының қысқа мерзімді шектеулерді енгізу шартымен орындалады.

Қысқа мерзімді шектеулер 50 метр биіктікке дейін жер бедерінен созылып жатқан әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуын қамтамасыз ету үшін белгіленбейді;

3) диспетчерлік аймақта – жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан және осы Қағиданың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеу енгізген жағдайда, әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісілгеннен кейін барлық биіктікте орындалатын пилотсыз ұшу аппараттарының авиациялық жұмыстарды және демонстрациялық ұшуды орындауын (аэрошоу) қоспағанда, жер бетінен 50 метр биіктікке дейін жайылған және әуеайлақ қоршауынан 5,5 км алыс орналасқан (қоршау болмаған жағдайда – әуеайлақ шекарасын көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км алыс болса) әуе кеңістігінде;

4) мыналарда:

G сыныбындағы әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық ұшу аймағында – әуеайлақты пайдаланушымен келісу бойынша және әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету органымен үйлестірілгеннен кейін (ол болған жағдайда);

бақыланатын әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық ұшу аймағында – әуеайлақты пайдаланушымен және жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісу бойынша осы Қағиданың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеулер енгізген жағдайда орындалады.»;

82-3, 82-4 және 82-5-тармақтар алып тасталсын;

83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«83. 83-1-тармаққа сәйкес жеңіл деп жіктелетін метеорологиялық зондтардың немесе басқарылмайтын аэростаттардың ұшуын қоспағанда, басқарылмайтын аэростаттардың ұшуы осы Қағиданың 84-93-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 83-1-тармақпен толықтырылсын:

«83-1. Басқарылмайтын аэростаттар мынадай болып жіктеледі:

1) жеңіл – егер осы тармақтың 3) тармақшасының екінші, үшінші немесе төртінші абзацына сәйкес ол ауыр жүк ретінде жіктелмесе, жалпы салмағы        4 кг кем бір немесе одан көп орамада пайдалы жүкті көтеретін басқарылмайтын аэростат;

2) орташа – егер осы тармақтың 3) тармақшасының екінші, үшінші немесе төртінші абзацына сәйкес ол ауыр жүк ретінде жіктелмесе, жалпы массасы 4 кг және одан көп, бірақ 6 кг кем екі немесе одан да көп орамдағы пайдалы жүкті көтеретін басқарылмайтын аэростат;

3) ауыр – басқарылмайтын аэростат, ол:

жалпы салмағы 6 кг немесе одан көп пайдалы жүкті көтереді;

салмағы 3 кг немесе одан көп қаптаманы қамтитын пайдалы жүкті көтереді;

салмағы 2 кг немесе одан да көп, шаршы сантиметрге 13 г нақты жүктемесі бар қаптаманы қамтитын пайдалы жүкті көтереді (нақты жүктеме граммдағы пайдалы жүк қаптамасының жалпы массасын шаршы сантиметрдегі ең кіші беттің ауданына бөлу арқылы есептеледі);

аспалы жүкті аэростаттан бөлу үшін 230 Н немесе одан да көп соққы жүктемесіне төтеп беретін пайдалы жүкті ілу үшін тросты немесе басқа құрылғыны пайдаланады.»;

129-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«129-9. Іргелес ӘҚҚ органдары және ӘҚБ орталықтары арасында осы органдардың басшылары бекітетін өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әуе кемелерінің ұшуын қауіпсіз және кедергісіз жүргізуге қатысты ақпарат алмасу жүргізіледі.

Өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық:

1) әуе кеңістігі құрылымының осы өзгерісі кезінде ұшу қауіпсіздігіне бағалау жүргізуді ескере отырып, ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызмет үшін (полигон, атыс алаңы, оқу орталығы, карьер, кен орны, кеніш, қима, аэрологиялық станция) жаңадан енгізілетін ұшуға шектеу қойылған аймақтарды ӘҚҚ органының келісуі кезіндегі іс-қимылдардың сипаттамасын;

2) ӘҚБ БО басшысы бекіткен қысқа мерзімді шектеулерді және уақытша режимдерді әзірлеу мен белгілеу жөніндегі әдістемеге сәйкес есептелген қызметтің әрбір түрі (полигон, атыс орны, оқу орталығы, карьер, кен орны, кеніш, қима, аэрологиялық станция) үшін ӘҚБ орталығы жоспарлаған шектеулерді;

3) операциялық әуе қозғалысында әуе кемелерінің ұшуы үшін қысқа мерзімді шектеулерді енгізу кезіндегі іс-қимылдардың сипаттамасын қамтиды.

Операциялық әуе қозғалысындағы әуе кемесінің ұшу маршруты бойынша қысқа мерзімді шектеу ӘҚБ орталықтарының екі және одан да көп жауапкершілік ауданын қозғаса, шектеу ӘҚБ орталықтарымен және ӘҚҚ органдарымен келісілген өзара іс-қимыл негізінде азаматтық-әскери үйлестірудің тұрақты жұмыс істейтін тобымен келісіледі.»;

143 және 144-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«143. ӘҚБ БО Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінде,      сондай-ақ Қазақстан Республикасы ӘҚҚ немесе ӘҚБ органдарының жауапкершілік аймақтарындағы теңіздердің іргелес акваторияларының үстінен:

1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасын, Қазақстан Республикасының Президентін немесе шет мемлекеттердің басшыларын тасымалдау бойынша аса маңызды ұшуларды орындайтын әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының әуе трассаларында, маршруттар мен аймақтарда;

2) оқу-жаттығулар (атыстардың барлық түрлері), әуе шерулері (көрсету және демонстрациялық ұшулары, оның ішінде парашютпен жаппай секіру), ғарыш объектілерін ұшыру және қондыру, авиациялық және зымыран техникасын сынау, әуе кемелерін (топтарды) көлденең және тік жазықтықта маневрлеу арқылы ұшу, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін басқа да қызмет аудандарында;

3) сынақтық (зерттеу) ұшу, рекорд орнатуға арналған ұшу, зымырандарды практикалық түрде жіберуді орындау, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараттарының сынақтық (демонстрациялық) ұшу маршруттарында;

4) халықаралық келісімде айқындалған, берілген әуе кеңістігінде әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін белгілейді және NOTAM хабарлама арқылы әуе кеңістігін пайдаланушыларға жеткізіледі;

NOTAM хабарламасын шығаруға өтінім әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін енгізу мақсатында осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы Қағидаға 3-қосымшада көзделген әуе кемелерінің қозғалысы және әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүргізу туралы хабар түрлеріне сәйкес осындай қызмет басталғанға дейін 7 тәуліктен кешіктірілмей NOTAM-офиске жіберіледі.

144. Қазақстан Республикасы аумағының үстінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ӘҚҚ немесе ӘҚБ органдарының жауапкершілік аймақтарындағы теңіздердің іргелес акваторияларының үстінен қысқа мерзімді шектеулерді ӘҚБ орталықтары өз жауапкершілік аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының әуе трассаларында мынадай мақсаттарда:

1) операциялық әуе қозғалысында ұшу үшін;

2) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін және кенеттен (күтпеген) мәртебесі бар қызметті қамтамасыз ету үшін;

3) оқу-жаттығулар, атыстардың барлық түрлері, зымырандар жіберу және жарылыс жұмыстары өткізілетін аудандарда;

4) ӘҚҚ және ӘҚБ органдарымен алдын ала келісілген арнайы аудандарда планерлердің (дельтапландар және парапландардың) ұшуы кезінде;

5) осы Қағидада анықталған өзге де жағдайларда белгілейді.

Қысқа мерзімді шектеулер әуе кеңістігін пайдаланушыларға ӘҚҚ органдары арқылы, сондай-ақ осы Қағидаға 3-қосымшада көзделген әуе кемелерінің қозғалысы және әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүргізу туралы хабар түрлеріне сәйкес NOTAM хабарламасын шығару арқылы жеткізіледі.

Халықаралық келісімде айқындалған, берілген әуе кеңістігіндегі қысқа мерзімді шектеулер NOTAM хабарламасы арқылы белгіленеді және әуе кеңістігін пайдаланушыларға жеткізіледі.»;

156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«156. Уақытша режимді орнатуға ұсыным ӘҚБ БО-ға қызмет басталғанға дейін кемінде 9 тәулік бұрын жіберіледі. Мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан құпия мәліметтері жоқ уақытша режимдерге ұсыныстар құпия емес жеделхаттармен немесе құпия емес поштамен берілуі мүмкін.»;

167-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 168-1-тармақпен толықтырылсын:

«168-1. Әуеайлақтарды толық жабу көзделетін іс-шараларды (оқу-жаттығулар, әуе шерулері, көрмелер, демонстрациялық және сынақ ұшуы) жоспарлау кезінде іс-шараны ұйымдастырушы ӘҚБ БО-ға әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін белгілеуге ол енгізілгенге дейін күнтізбелік 60 күн бұрын және шұғыл жағдайларда кемінде 7 тәулік қалғанда ұсыным жібереді.

ӘҚБ БО жоспарланатын шектеулер туралы тұрақты рейстерді қамтамасыз етуге тартылған Қазақстан Республикасының әуеайлақтарын пайдаланушыларға хабарлайды.»;

көрсетілген Қағидаға 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу