Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «31» қазандағы № 637 қаулысы

Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1.Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:
  2. 1) Риддер қаласы «№ 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
  3. 2) Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Оралхан Бөкейдің есімі;
  4. 3) Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 33 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Абайдың есімі;
  5. 4) Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Шәкәрімнің есімі;
  6. 5) Өскемен қаласы әкімдігінің «Көпбейінді № 3 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Шоқан Уәлихановтың есімі;
  7. 6) Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Зәки Ахметовтің есімі;

7) Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 23 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Мұхамет Шаяхметовтың есімі берілсін.

2. Мынадай білім беру ұйымдары:

1) Үржар ауданы «Благодарное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Ұлан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М. Горький атындағы негізгі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Ғадас Салықов атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Үржар ауданы «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Абылай хан атындағы орта мектеп-балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) «Күршім ауданы «Шеңгелді негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Жақыпбек Малдыбаев атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің «Қызылағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Мүтән Аймақов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Прииртышский жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Біржан Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) Катонқарағай ауданы «Ленин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) Зырян ауданы «Киров орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Андрей Сумин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) Зырян ауданы «Парыгин орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Михаил Бикетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) Зырян ауданы «Снегирево бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу