Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «31» тамыздағы № 499 қаулысы

«Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1071 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1071 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 540-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                   К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу