Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «31» тамыздағы № 489 қаулысы

Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңы 24-бабының  1-тармағына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.

2. «Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 24 тамыздағы № 951 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 852-құжат).

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және
ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі          К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу