Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «31» наурыздағы № 171 қаулысы

«Спорттық iс-шараларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 371 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 371 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 29,      242-құжат) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу