Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі №428 Қаулысы

Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы

 

«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

1) республикалық концессиялық жобаларды;

2) егер жергiлiктi атқарушы органның тиісті шешімінде өзгеше белгіленбесе, жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға ретінде айқындалсын. 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi                                         К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу