Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №949 Қаулысы

«Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы №1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) мен Қордың тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібін айқындайды.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қордың интернет-ресурсында орналастырылған қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын Қор қабылдайды.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесінде және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігінде:

реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

12.

«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында көзделген Қор объектілерін бәсекелес ортаға

  беру жөніндегі есеп
(12-нысан)

ттоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың  10-күніне дейін

ПӘ (келісу бойынша), ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша)

»;

ескертпеде:

аббревиатуралардың толық жазылуында:

мына:

«ИИДМБ – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«ИИДМБ – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын, мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандарында:

5 және 12-нысандар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   А. Мамин

 

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу