Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 919 қаулысы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын Бағдарламада көрсетілген мерзімдерде Бағдарламаның бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.  

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.

5. «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж.,
   № 77-78-79, 583-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген үкіметтік бағдарламалардың тізбесінде:

реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:

6.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2017 – 2021жылдар

                                                                                                                     ».

6. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                   Б. Сағынтаев

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу