27 Қараша 2019, 00:47
«Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 40, 253-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу