​​​​​​​Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «28» маусымдағы  № 381 қаулысы

«Павлодар МХЗ жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуғаквоталар белгілеу және «Павлодар МХЗ жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуғарұқсат беру талаптарын бекіту туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Павлодар МХЗ жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуғаарналған квоталар белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған «Павлодар МХЗ жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін  шетелдік жұмыс күшін тартуғарұқсат беру талаптары (өтініш берушілер – «NFC Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Rominserv S.R.L.» Қазақстан Республикасындағы  филиалы) бекітілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

Қосымша 1

Қосымша 2

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу