28 Ақпан 2014, 11:08
Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерстандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «28» ақпандағы № 162 қаулысы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
6) «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулененудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы
ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да
аумақтардағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) «Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі C. Ахметов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу