27 Қаңтар 2016, 11:12
Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 707-құжат);
2) «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1073 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 575-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу