Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 12 наурыздағы №292 және «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 6 мамырдағы №638 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
    1. «Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесінде:

5-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«ЕАЭО СЭҚ БТН коды»;

    1. «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулысында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесінде:

4-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«ЕАЭО СЭҚ БТН коды».

 

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу