Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №145 Қаулысы

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы

 «Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) «Қазақстан Республикасына кіруге визалар беру, олардың мерзімдерін ұзарту және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) «Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

8) «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

9) «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

10) «Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

11) «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.

2. «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 696-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:

8-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы:»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына Қазақстан Республикасы азаматының паспорты ресімделеді.».

3. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 11, 201-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу