Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №129 Қаулысы

Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарынесептеу қағидалары бекітілсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі             С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу