Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «23» қыркүйектегі № 539 қаулысы

«Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру жөніндегі шаралар туралы

«Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумақтарында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін әзірлеу туралы» Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 88 шешіміне сәйкес 2016 жылғы 29 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Ұлттық экономика министрліктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша бір ай мерзімде бірлескен акт қабылдау арқылы «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2016 жылы өткізу тәртібін айқындасын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   Б.Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу