Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 ақпандағы №74 Қаулысы

Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 43-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.    Қоса беріліп отырған Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы бекітілсін.
2.    Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3.    Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                         Б. Сағынтаев

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу