Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «20» желтоқсандағы № 832 қаулысы

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1.Қоса беріліп отырған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар (бұдан әрі – бірыңғай талаптар) бекітілсін.
  2. 2.Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. 3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бірыңғай талаптардың 140-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   Б.Сағынтаев

Қосымша 1

Қосымша 2

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу